Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет FAQ Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктің учаскелері қалай беріледі?

Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктің учаскелері қалай беріледі?

Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері 5 жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі.
Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер мемлекеттік ұлттық табиғи парктің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес және қазіргі инфрақұрылымымен де, жаңа инфрақұрылым құру үшін де туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана беріледі.
Учаскелер бойынша ақпарат алу үшін табиғат қорғау мекемесіне ол орналасқан жер бойынша жүгіну қажет.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus