Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет FAQ Россельхознадзордың 16 ақпанда жануарлардан алынатын өнімдерді құстарды, құс етін және құстардың қосалқы өнімдерін қоспағанда Рессей Федерациясына Қазақстан Республикасынан қабылдауға тыйым салынған 2009 жылғы 10 маусымдағы № ФС-НВ-2/5588 нұсқаудың күші жойылды. Ал Қазақстан Республикасының ішінде жануарлардан алынатын өнімдерді буферлік аймақтан орын ауыстыруына қойылған шектеулер күшінде ме?

Россельхознадзордың 16 ақпанда жануарлардан алынатын өнімдерді құстарды, құс етін және құстардың қосалқы өнімдерін қоспағанда Рессей Федерациясына Қазақстан Республикасынан қабылдауға тыйым салынған 2009 жылғы 10 маусымдағы № ФС-НВ-2/5588 нұсқаудың күші жойылды. Ал Қазақстан Республикасының ішінде жануарлардан алынатын өнімдерді буферлік аймақтан орын ауыстыруына қойылған шектеулер күшінде ме?

Ресей Федерациясының ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бойынша Федералды қызметінің (бұдан әрі – Россельхознадзор) 2009 жылғы 10 маусымдағы № ФС-НВ-2/5588 нұсқауы 2016 жылғы 16 ақпандағы № ФС-ЕН-7/2451 нұсқаумен күші жойылды. Бұл ретте, жануарлардан алынатын тауарларды Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына алып кіргізу тәртібі Ресей Федерациясының субъектілік ветеринариялық қызметтеріне 2014 жылғы 19 желтоқсандағы ФС-НВ-8/25290 нұсқауында айқындалғаны атап өтілген. Қазақстанның ветеринариялық қызметіне аталған тәртіп 2014 жылғы 19 желтоқсандағы ФС-НВ-8/25285 хатымен жолданған.
Жоғарыда аталған хатқа сәйкес Қазақстан Республикасындағы аусыл ауруы бойынша эпизоотиялық ахуалдың тұрақталуына байланысты 2014 жылғы 25 тамыздан бастап Ресей Федерациясының аусылға қарсы жануарларды егу шарасы қолданылатын аумақтарына Шығыс Қазақстан облысынан, ал 2014 жылдың 21 желтоқсаннан бастап Алматы (Қамысқала, Ырғайты, Баскунчи, Сүмбе, Қалжат ауылдық округтерінің аумағын қоспағанда), Жамбыл (Айшабиби, Ақтөбе, Андас батыр, Қарақыстақ ауылдық округтерінің аумағын қоспағанда), Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан аусыл ауруына бейім жануарлардың барлық түрлерін, және жануарлардан алынған өнімдермен шикізаттарды, жемдер мен жемдік қоспаларды тасымалдауға рұқсат етілген.
Халықаралық эпизоотиялық бюросының катысушы мемлекеттер делегаттарының 2015 жылдың мамыр айында өткен 83-і Бас Ассамблеясында (бұдан әрі – ХЭБ) Қазақстан Республикасының 9 облыс аумағы (Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) аусыл ауруына қарсы егу қолданылмайтын таза аумақ мәртебесін дәлелдейтін сертификатқа иеленді. Бұл мәртебе аталған аумақтардан ауыл шаруашылық жануарларды және ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.
Қалған 5 облыс аумағы бойынша аусыл ауруына қарсы егу қолданылатын қолайлы аймақ мәртебесін алуға ұсыныс ХЭБ-да қарастырылуда.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus