Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет FAQ

Blog Archives

Сәлеметсізбе!Келесі сұраққа жауап беруіңізді сұраймын. ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар аулында жалға берілген жердің картасын қайта электронды түрге көшіреміз деп барлық жері бар адамдардан 1 гектр жерге 90 000 тг жинап жатыр. Цифрализация деген программа арқылы дейді. Осы қаншалықты заңды?

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 93-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдаланбаған жағдайда жер пайдаланушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады және жер заңнамасы бұзушылығын жою үшін нұсқама беріледі. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану үшін шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы болуы қажет. Шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасын жерге орналастыру жұмыстарын жасайтын азаматтар мен заңды тұлғалар жер пайдаланушылармен жасалатын келісім-шарт негізінде орындайды. Аталған ... Әрі қарай »

Мен ауыл тұрғынымын. Ауылдың шеткі бөлігінде тұрамын, алдымда шағын мал бар, жайылымға бөлек бағамын ауылға қоспай жəне күн көрістік кəсіп ретінде қосымша қой алып бағамыз, жеке адамдардан үйге күтімге екі үш күн турасында ішкі істер бөлімінің полиция қызметкері келіп ауылда мал бағуға тиым салды ,өз алдына жер рәсімдеуді сұрады, бұл заң аясы дейді, осы заң қашан шыққан осы уақытқа дейін ондай келенсіздік болмаған еді

Елді-мекенде орналасқан жеке қосалқы шаруашылықтарда ұсталатын мал санының және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді- мекенді жерлерде бағылатын мал санының ветаринарлық нормалары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы №28 бұйрығымен бекітілген. Қазіргі уақытта әкімдіктермен ауыл тұрғындарының жеке аула малын ұстау үшін қажетті жайылымдық жерлердің көлемін анықтау үшін елді-мекендердің шекараларын жергілікті жерде белгілеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, 2018 ... Әрі қарай »

Өсімдік шаруашылығы,мал шаруашылығы инвест.субсидия бойынша қаулы қашан шығады? 4% 15 жылға кредит ше? ол тек сертификаты барларға ғана ма?

Қазіргі уақытта инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 48 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Аталаған субсидия мемлекеттік қызмет болып табылатындығын ескергенде, өтінімдердің қабылдауы тек қана «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады және мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесі өтініш иесіне 43 жұмыс күннен кейін беріледі. Сонымен қатар, ағымдағы жылы, Мемлекеттік ... Әрі қарай »

Ауыл шаруашылығы инвестицияларды субсидиялау жүйесі қашан жұмыс істейді?

Қазіргі уақытта инвестициялық субсидиялау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 48 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Аталаған субсидия мемлекеттік қызмет болып табылатындығын ескергенде, өтінімдердің қабылдауы тек қана «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады және мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесі өтініш иесіне 43 жұмыс күннен кейін беріледі. Сонымен қатар, ағымдағы жылы, Мемлекеттік ... Әрі қарай »

Ауыл шаруашылық техникасына пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау қашан жасалады? Сыйақы ставкалары қазір өте жоғары.

Қазіргі уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгеріс енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қағидалар жобасы мүдделі мемлекеттік органдарымен келісу барысында. Болжамды қабылдау мерзімі ... Әрі қарай »

Ресей Федерациясына жануарларды және жануарлардан алынған өнімдерді шығару үшін қандай құжаттар керек?

Ресей Федерациясына және Еуразиялық экономикалық одағының басқа да мемлекеттеріне жануарларды және жануарлардан алынған өнімдерді шығару кезінде, 2010 жылғы 18 қарашадағы № 455 Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген бірыңғай үлгідегі ветеринариялық сертификаттың ілеспе құжатымен жүзеге асырылады. Әрі қарай »

Қазақстандық кәсіпорынды Кеден одағының кәсіпорындар Тізіліміне қосу рәсімі қандай?

Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардан (өнімдерден) сынама (үлгілер) алу және объектілерді бірлесіп тексеру бойынша бірыңғай тәртібі туралы Ережеге сәйкес, Кеден одағының аумағында жануарларды өсіру, сату және ветеринариялық бақылауға жататын тауарларды өндіру, өңдеу, сақтау бойынша қызмет атқаратын өндіруші кәсіпорындар Тізіліміне (бұдан әрі – Кеден одағының кәсіпорындар Тізілімі) қазақстандық өндіруші кәсіпорынды қосу үшін өтініш білдіруші өндіруші объектінің орналасуы бойынша Ветеринариялық бақылау және қадағалау ... Әрі қарай »

Қазақстан Республикасына Монғолиядан ет және ет өнімдерін алып келуге рұқсат етілген бе?

Монғолия аумағында аусыл ауруының ошақтары тіркелуіне байланысты 2016 жылғы 25 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына Монғолиядан аусылға бейім жануарларды, сиыр етін, шошқа етін, қой етін, сүт және сүт өнімдерін, жылулық өндеуден өткен дайын өнімдерді қосқанда, бейім жануарлар союдан алынған тағамға қолданылмайтын шикізаттар мен бұйымдарын, аусылға бейім малдарды ұстауға, союға және өңдеуге қолданылған жабдықтарды, жануарларға арналған азықтар мен азықтық қоспаларын кіргізуіне уақытша ... Әрі қарай »

Қазақстан Республикасына Ресей және Беларусиядан ет өнімдерін (қой, шошқа, марал етін) алып келу тәртібі және аталған өнімдерді алып келуге шектеулер туралы.

Евразиялық экономикалық одағының кеңістігінде ветеринариялық бақылауға жататын тауарларды орнын алмастыруы Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №317 шешімімен бекітілген Ветеринарлық бақылауға (қадағалау) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптар (Бұдан әрі – Бірыңғай талаптар) орындалған жағдайда және Кеден одағының Комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы № 455 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандары бойынша, уәкілетті органдары мен берілген ветеринариялық сертификат ... Әрі қарай »

Шет мемлекеттерден Қазақстанға жануарлардан алынатын өнімдерді кедендік шекараның Ресей және Беларус бөліктеріндегі қандай өткізу пунктері арқылы алып кіргізу мүмкін?

Ресей Федерациясы Президентінің «Украина аумағынан Ресей Федерациясы аумағы арқылы Қазақстанға жүктерді халықаралық транзиттік тасымалдау кезінде Ресей Федерациясының экономикалық қауіпсіздігін және ұлттық мүдделерін қорғау мақсатындағы шаралар туралы» Жарлығы күшіне енуіне байланысты (бұдан әрі – Жарлық) төмендегідей хабарлаймыз. Жарлыққа сәйкес, Украина аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына Ресей Федерациясы аумағы арқылы темір жол және автокөліктік халықаралық тасымалдаулар тек Беларус Республикасы аумағынан, темір жол жылжымалы ... Әрі қарай »

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved