Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2018 жылдың 8 айындағы республикалық бюджеттің орындалуы туралы» бірінші вице-министр А. Евниевтің баяндамасы

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2018 жылдың 8 айындағы республикалық бюджеттің орындалуы туралы» бірінші вице-министр А. Евниевтің баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!

• Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі 8 айда 102,4%-ды құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 98,5%, мал шаруашылығында – 103,9%. Ал жылдық жоспар 103,6% болатын.
Жоспарлы мәнге өсімдік шаруашылығындағы өндірістің 1,5%-ға төмендеуіне байланысты қол жеткізілмеді.
Бұл негізгі астық себетін өңірлердің ауа-райына байланысты егін жинауды кеш бастауынан орын алып отыр. Былтыр 1 қыркүйекте 38,8% егін жиналса, биыл 17,2% ғана жиналды.
Егін жинау Ақмола облысында 8,7%-ға, Павлодар облысында 6,4%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында 5%-ға төмендеген.
Осыған байланысты облыстар өнімділігі жоғары егін жинау техникаларын пайдалану, егін жинауға кедергі келтіретін мәселелерді шешу арқылы егін жинау қарқынын арттыруы тиіс.
Жалпы жылдың қорытындысы бойынша осы жағдайды түзеу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, мал шаруашылығында жалпы оң өсу қарқыны байқалғанымен, өсім 7 айдағы 4,1%-дан 8 айдың қорытындысы бойынша 3,9%-ға төмендеген.
Атап айтқанда, Жамбыл облысы өндірістің 3,4%-дан 2,7%-ға, Шығыс Қазақстан – 4%-дан 3,7%-ға, Павлодар – 4,4%-дан 4,1%-ға, Қостанай – 5,2%-дан 4,9%-ға, Қызылорда – 2,7%-дан 2,4%-ға, Қарағанды –3,6%-дан 3,4%-ға, Алматы облысы – 3,4%-дан 3,2%-ға төмендеуіне жол беріп отыр.
Ет өндірісі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға ұлғайған. Алайда бұл осы жылдың 7 айында қалыптасқан көрсеткіштен төмен, ет өндірісі
7 айда 4,9%-ды құраған болатын.
Өсу қарқынын Жамбыл (4%-дан 3%-ға дейін), Шығыс Қазақстан (5,1%-дан 4,1%-ға дейін) облыстары 1%-ға, Қостанай 0,8%-ға (4,9%-дан 4,1%-ға), Қарағанды (1,6%-дан 1,2%-ға дейін), Павлодар (с 4,5% до 4,1%) және Қызылорда (3,2%-дан 2,8%-ға дейін) облыстары 0,4%-ға төмендетуге жол берген.
Осы өңірлер сиыр етінің экспорты бойынша жоспарды да орындамай отыр. Атап айтқанда, ет экспорты бойынша жоспар Қарағанды облысында 7%-ға, Шығыс Қазақстанда 8%-ға, Қостанайда 16%-ға, Солтүстік Қазақстанда 17%-ға ғана орындалған.
Бұл ет экспорты бағдарламасын іске асыру бойынша өңірлердің жеткілікті түрде жұмыс істемегенін көрсетеді.
Сонымен қатар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының аналық мал басын тұқымдық түрлендіруге қатысу үлесі тиісінше 11,6% және 13,7%-дан аспайды.
• Тамақ өнімдерін өндіру көлемі аталған кезеңде 103,5%-ға өсті (жоспар – 105,0).
Өсімге қарамастан, тамақ өнімдерін өндіру көлемі төмендеген өңірлер де бар, атап айтқанда, бұл көлем Жамбыл облысында 14,5%-ға, Ақтөбе облысында 12,4%-ға азайған.
Анықтама ретінде:
Жамбыл облысында өндіріс көлемінің төмендеуі Меркі ауданындағы қант зауытының 2018 жылғы сәуірден бастап тоқтап қалуына байланысты орын алған, себебі олар наурыздан қыркүйек айына дейін құрақ қантпен жұмыс істейді, ал кәсіпорында оны сатып алуға айналым қаражаты жетіспейді.
Ақтөбе облысындағы тамақ өнімдері өндірісінің төмендеуі 2018 жылдың 1-тоқсанында «Ақтөбе Фудс» ЖШС май зауытының жаңартылуымен байланысты. Осыған орай 2018 жылдың 1-тоқсанында өнім өндірілмеген. Ағымдағы жылдың соңына дейін 287 мың тонна өнім өндіру жоспарланып отыр. Бұдан басқа, ұн өндірісі төмендеген.
• Сусын өндіру көлемі өткен жылдың осындай кезеңмен салыстырғанда 0,8%-ға төмендеген (жылдық жоспар – 103,0%).
Өндірістің төмендеуі Қызылорда облысында 55,2%-ды, Шығыс Қазақстан облысында 30,5%-ды, Солтүстік Қазақстан облысында 23,4%-ды, Түркістан облысында 19,5%-ды, Алматы облысында 9,2%-ды, Ақмола облысында 8,1%-ды, Ақтөбе облысында 6,0%-ды, Маңғыстау облысында 4,3%-ды, Алматы қаласында 3,2%-ды құрады.
Қызылорда облысы: «Сыр суы» ЖШС ауыз су өндірумен айналысады. 2017 жылы 1,5 млн. литр су өндірген. Ең көп су көлемін «Қазатамөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарына өткізген.
Кәсіпорын 2018 жылы 800 мың литр су өндіруді жоспарлап отыр. Ағымдағы жылдың 7 айында 600 мың литр су өндіріп үлгерді. «Қазатамөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өткізген жалпы тендерде Алматы мен Түркістан облыстарының кәсіпорындары жеңіске жеткендіктен, бүгінгі күні «Сыр суы» ЖШС өз өндірісін 1,8 есеге азайтты.
Шығыс Қазақстан облысы: «Тамина» ЖШС-да квас пен «Буратино» лимонады секілді сусын түрлерін өндіру азайғандықтан, сусын шығару көлемі төмендеген.
Алматы облысы: алкогольсіз сусындар мен минералды су өндірумен 7 өңдеуші кәсіпорын айналысады, олар барлығы 444,6 млн. литр көлемінде (2017 жылы – 527,8 млн. литр) минералды су мен алкогольсіз сусын өндірген, яғни, 2017 жылмен салыстырғанда 83,2 млн. литрге немесе 16,3%-ға аз өнім шығарған.
Ағымдағы жылы 7 айда «TerraNova» ЖШС шикізат (концентрат) бағасының өсуіне байланысты, алкогольсіз сусындар мен ауыз су өндіруді азайтты. Шарт бойынша алкогольсіз сусын өндіруге арналған шикізатты (концентрат) негізінен немістің «Sinalco» компаниясы жеткізіп келген. Қазіргі уақытта кәсіпорын тек минералды су ғана шығарады, алкогольсіз сусындарды тек алыс-беріс негізінде өндіреді.
Сондай-ақ, алкогольсіз сусындар өндіретін «Байнт» ЖШС кәсіпорны жыл басынан бері тоқтап тұрып, күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін ғана пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта ол 1463 мың литр (2017 жылы – 2733 мың литр) сусын шығарған, яғни, 2017 жылмен салыстырғанда 1270 мың литрге немесе 46,4%-ға кем сусын өндірген.
Ақмола облысы: «Көкшетау минералды сулары» АҚ-да сұраныс азайғандықтан, арақ өндіру көлемі төмендеген (өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 87,8%-ға), арақ Asia Waters бас кәсіпорнының тапсырыстарына сәйкес шығарылады, сондай-ақ минералды су мен алкогольсіз сусын шығару көлемі тамыз айында алкогольсіз сусын шығаратын желіге апатты жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен, төмендеп кеткен (90,2%).
Алматы қаласы: өндіріс көлемінің төмендеуі Қаржы министрлігінің құзыретіне кіретін алкогольді сусындар (сыра) өндірісінің төмендеуімен байланысты.
Алматы қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша өндіріс көлемінің төмендеуіне ірі сыра өндіруші «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС-ның орама көлемін 0,5 литрден 0,45 литрге кішірейтуі себеп болған (алкогольді сусындар Қаржы министрлігінің жауапкершілігінде, Ауыл шаруашылығы министрлігі тек алкогольсіз сусындар үшін жауап береді).
Солтүстік Қазақстан облысы: Статистикалық деректер бойынша өткен жылдың 7 айымен салыстырғанда 2018 жылғы қаңтар-тамыз айларында тұтынушы сұранысының төмендеуіне байланысты, Солтүстік Қазақстан облысында сусын өндіру қарқыны азаю жағына қарай қамтамасыз етілді («Б.Н.» ЖШС (бұрынғы «ПЛВЗ» ЖШС).
Республикалық бюджеттің орындалуы
2018 жылы республикалық бюджеттен Министрлікке 355,5 млрд. теңге бөлінді.
Есепті кезеңде жоспар бойынша 265,9 млрд. теңгені игеру қажет болатын. Оның 254,3 млрд. теңгесі немесе жоспардың 95,7%-ы нақты игерілді.
Анықтама ретінде:
Игерілмегені – 11 536,3 млн. теңге:
460,7 млн. теңге – бюджет қаражатының үнемделуі.
Игерілмегені – 11 075,6 млн. теңге:
ветеринария бойынша – 435,1 млн. теңге;
орман ресурстары мен жануарларын дүниесін басқару, сақтау және дамыту бойынша – 663,4 млн. теңге;
ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша – 3 542,7 млн. теңге;
өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамыту, өткізу үшін жағдай жасау бойынша – 612,4 млн. теңге;
су ресурстарын басқару бойынша – 2 868,9 млн. теңге;
әкімшілік шығындар – 2 953,1 млн. теңге.
Қаражаттың игерілмеуінің негізгі себептері конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуі, оның ішінде өткізілмеген конкурстар, қызмет көрсету мен тауарларды ұсыну аяқталған соң ақы төлеу және т.б. болып табылады.

Назарларыңызға рахмет!

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved