Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы цифрлық сауаттылық» бойынша А.Қ. Евниевтің баяндамасы

«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы цифрлық сауаттылық» бойынша А.Қ. Евниевтің баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері!

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы цифрлық сауаттылық бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.
Шаруаларды цифрлық сауаттылық дағдыларына үйрету төрт бағыт бойынша жүргізілді:
1) электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен жұмыс істеу дағдыларына оқыту;
2) танаптардың электрондық карталарын толтыруды үйрету;
3) цифрлық технологиялармен жұмыс істеуді үйрету;
4) кооперативтерге ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ақпараттық жүйесін қолдануды оқыту.
Біздің тарапымыздан шаруаларға тыңайтқыштарды субсидиялауға өтінім беру кезінде көрсетілетін қызметтерді қалай алу керектігін үйрету жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта 40 мың шаруаны оқыту міндеті қойылды және бүгінгі таңда 29 623 шаруаны оқыту жүргізілді.
Бұл көрсеткішке тек бір мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша қол жеткізілді, бұл ретте жылдың аяғына дейін ауыл шаруашылығы субсидияларын алу бойынша барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру көзделіп отыр.
Сонымен қатар, Министрлік өз алдына танаптардың электрондық карталарын толтыру бойынша 15 мың шаруаны оқыту міндетін қойды. Қазіргі кезде 66 230 шаруа оқытылғанын ескере отырып, бұл көрсеткіш іске асырылғанын хабарлаймыз.
Қазақ агротехникалық университеті жаңадан құрылған нақты егіншілік полигондарында тәжірибені зерделеу шеңберінде жоспарланған 200 шаруаның орнына 411 шаруаны оқытты. Бұл ретте оқыту тақырыбына нақты егіншілік пен ақылды фермалар элементтерін қолдану кезіндегі цифрлық технологияларды үйрету енгізілді.
Төртінші бағыт бойынша «Атамакен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзіреттілік орталығымен бірлесіп, 514 ауыл шаруашылығы кооперативіне ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бағдарламасы үйретілді.
Шаруаларды оқыту жұмыстары мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің автоматтандырылуы мен технологиялардың дамуына қарай жалғасатын болады.

Назарларыңызға рахмет!

ОБ ИТОГАХ РАБОТ ПО ПОВЫШЕНИЮ УРОВНЯ ЦИФРОВОЙ ГРАМОТНОСТИ В СЕЛЬСКОМ ХОЗЯЙСТВЕ

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved