Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Ауыл шаруашылығы Министрінің «Қазақстанның фермерлер одағы» РҚБ республикалық съезіндегі баяндамасы

ҚР Ауыл шаруашылығы Министрінің «Қазақстанның фермерлер одағы» РҚБ республикалық съезіндегі баяндамасы

Құрметті съездге қатысушылар!

Жылдың қорытындысы бойынша 18,8 млн. тонна астық бастырылды, бұл 2014 жылдың деңгейінен 1,6 млн. тоннаға артық.

2015 жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2,7 трлн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 4,4%-ға жоғары.

Бұл өсім өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің 5,6%-ға (1,5 трлн. теңге) және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің 3,2%-ға (1,2 трлн. теңге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Бұл ретте тамақ өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар айтарлықтай 28%-ға ұлғайды және 55,9 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың көлемі 6,3%-ға төмендеп, 167,1 млрд. теңгені құрады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен импортының 24 %-ға төмендеуі байқалды. АӨК экспорты 2,0 млрд. АҚШ долларын құрады (төмендеу 22,8%)

Министрлікпен келесі негізгі бастамалар іске асырылды.

Сонымен, Республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданды.

Ұсақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірігуіне тосқауыл жасайтын кедергілерді жою үшін «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» жаңа заң қабылданды.

Заңның тұжырымдамалық негіздері кооперацияның дамуы үшін жағдайлар жасауға және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге олардың өндіретін өнімін өткізу, өндіріс құралдарын жеткізу, ауыл шаруашылығы техникасына қолжетімділік және білім тарату мәселелерінде көмек көрсетуге  бағытталған. Ауыл шаруашылығы кооперациясының артықшылықтарына: өндіріс масштабтарынан үнемдеу, қызметтің тиімділігін арттыру, жабдықтау тізбегіне және өтім каналдарына қолжетімділікті оңайлату.

Сондай-ақ «Органикалық өнім өндіру туралы» заң қабылданды, ол органикалық өнім өндірісінің дамуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, оған ілеспе Заңға тұқым шаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу саласында түзетулер енгізілді, ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сортты сынау үшін қажетті уақыт кезеңін қоспай, озық селекциялық жетістіктерді қолдану құқығын беруге, әкімшілік кедергілерді төмендетуге және асыл тұқымды өнім (материал) нарығына жеке және заңды тұлғалар үшін бірдей мүмкіндікті қамтамасыз етуге, селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды өзін-өзі реттеуге беруге мүмкіндік береді.

2015 жылы қабылданған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының шеңберінде астықтың мемлекеттік ресурстарын тарату көзделгенін атап өту керек.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне: сауда арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру жөніндегі жаңа механизмдер енгізуді; бұрын жеңілдікті баға бойынша жеке меншікке жалға берілген ауыл шаруашылығы жерлерін сатып алуды; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ауыл шаруашылығы өндірісіне пайдаланған кезде, оның нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін алып тастауды қамтитын түзетулер енгізілді.

Ветеринария саласында республиканың 9 облысы бойынша аусылдан вакцина қолданбайтын ел мәртебесін алдық, бұл отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мал шаруашылығы өнімін Қазақстаннан тыс жерлерге кедергісіз шығаруға мүмкіндік береді.

Аграрлық ғылымды реформалау шеңберінде «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды, оның негізгі мақсаты жоғары білікті мамандарды даярлау және қайта даярлау, ғылыми зерттеулер нәтижелерін әзірлеу және енгізу, АӨК-ге тиімді шетелдік технологияларды трансферттеу негізінде аграрлық саланың жедел инновациялық дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі өткен жылдың басты оқиғаларының бірі болды. Бұл біздің республикамызды тең құқықты сауда-экономикалық әріптес ретінде мойындауды куәландырады. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі біздің экспорттаушыларға да, экономиканың негізгі секторына келетін шетелдік инвесторларға да жаңа мүмкіндіктер береді. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы мәселесі ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер барысындағы ең осал және даулы мәселе болды.  Нәтижесінде, Қазақстан жыл сайын өндіретін өнімнің жалпы көлемінің 8,5 пайызы көлемінде ауыл шаруашылығы өнімін субсидиялау құқығын алды. 

Мәселен, ДСҰ-ға жақында кірген Ресей, Украина, Қырғызстан, Молдава, Хорватия, Грузия елдері 5 пайыз шегінде субсидиялайды

2016 жылға негізгі міндеттер.

10 ақпанда Мемлекет басшысымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында туындаған экономикалық  дағдарыс жағдайында агроөнеркәсіптік кешенді белсенді дамыту керектігін кезекті рет атап өтті.

Ол, азық-түлікке сұранысы тұрақсыз әлемдік конъюнктурадан аз дәрежеде байланысты, бұл экономикалық жағдай мен әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңінде АӨК тұрақтылығын айқындайды. Осыған мысал ретінде 2008-2009 жылдардағы әлемдік қаржылық дағдарыс болып келеді, онда Қазақстанның ауыл шаруашылығы экономиканың басқа саласының тоқырауында тұрақты өсімді сақтап қалды. 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы қосымша құны өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы бағада 23% құрады, алайда өнеркәсіпте өсу қарқыны 1% аз мөлшерді құрады. 

Осыған байланысты, Президент АӨК басым жобаларды қаржыландыру үшін, оның ішінде етті және сүтті өңдеу бойынша,  «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ–на 100 млрд.теңге бөлуді тапсырды.

Соны дықтан да осы жылы қызу жұмыс болады.

Алға қойылған мақсаттарға Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде қол жеткізу көзделеді.

Сонымен қатар субсидиялау процесін автоматтандыра отырып агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін ауқымда реформалау жалғастырылатын болады. Аталған реформа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді еңбек өнімділігін арттыруға, жабдықтарды жаңғыртуға, өз өндірісінің тиімділігін арттыру мен ұзақ мерзімді перспективаға жұмыс істеуге ынталандыратын болады.

Одан басқа өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру саласындағы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ шетелдік елдер тәжірибесін есепке ала отырып мал шаруашылығындағы сақтандыруды енгізу жоспарлануда.

Астық саласындағы заңнамаға астық қолхатына сенімділікті және оның инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін астық қолхаттарының электрондық тізілімін енгізуді көздейтін өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын реконструкциялауға, жаңартуға және қалпына келтіруге, сондай-ақ суармалы жерлерді қалпына келтіруге бағытталған экономикалық жағынан негізделген тарифтерді бекіту арқылы суға арналған тарифтік саясатты жетілдіру қажеттілігі бар.

 

Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру түптеп келгенде отандық агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Назарларыңызға рахмет!

 

______________________________________________

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика