Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында «Өсімдік шаруашылығы: әртараптаныру және механизациялаудың қиындықтары» мәселесі бойынша баяндамасы (17 қараша 2014 жыл)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында «Өсімдік шаруашылығы: әртараптаныру және механизациялаудың қиындықтары» мәселесі бойынша баяндамасы (17 қараша 2014 жыл)

Мәтін

Слайдтар, кестелер

Құрметті депутаттар!

Өзімнің баяндамамды бастамастан бұрын мен ағымдағы жылғы егін жинау жұмыстарының барысы туралы айтқым келеді.

Биылғы жылғы егін жинау ауа райының күрделі жағдайында өтуде.

Жаз өте ыстық және құрғақшылық болып басталды, бұл алғашқы себілген егістіктердің өскініне кері әсерін тигізді. Маусым айының үшінші он күндігінде жауын-шашын басталды да бүкіл жаз бойына созылды. Негізгі астық өсіретін аймақтарда түскен жауын-шашынның мөлшері нормадан анағұрлым артық болды. Осымен бірге жаңбырлы ауа райы салқындықты әкелді.

Әрине жауын-шашынның болуы қажет-ақ. Бірақ температураның төмен болуы мен күн көзінің жетіспеушілігі дәнді дақылдардың өсу мерзімінің созылуына және пісіп жетілуінің кешігуіне әкелді. Сол сияқты, ағымдағы жылдың күзгі айларында жауын-шашын артығымен түсті, бұл егін жинауды қиындатты. Нәтижесінде Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының кейбір аудандарында егін жинау жұмысы әлі де жалғасуда.

1 Слайд.

Кіріспе

Облыстардың жедел ақпараттары бойынша бүгінгі күнге дәнді дақылдар 14,5 миллион гектарға жуық алқаптан жиналды немесе жиналатын алқаптың 96,5%, 18,3 миллион тоннаға таяу астық бастырылды, түсімділігі гектарына 12,6 центнер.

Майлы дақылдар 64% алқаптан, көкөнісбақша дақылдары мен картоп – 99,6%. алқаптан жиналды. Түсімділігі өткен жылмен салыстырғанда көкөніс дақылдары бойынша гектарына 12,1 центнерге, картоп бойынша – 15,9 центнерге артық.

Егін жинау жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізу үшін Үкімет пен Министрліктің тараптарынан барлық қажетті шаралар қабылданды.

Жалпы алғанда ауа райының өте күрделі болуына қарамастан ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері егін жинауды жүргізудің қарқыны бойынша жақсы нәтижелерді көрсетті. Шығын едәуір жоғары болуы мүмкін еді. Мысалы, ауа райының жағдайы қолайлы болған былтырғы жылғы 17 қарашаға жинауға жататын алқаптың 99,6% жиналған болатын. Демек, айырмашылық тым алшақ емес. Бұл еліміздегі диқаншылардың қайсар енбегінің нәтижесі.

Ағымдағы жылғы өнімнен тазалағаннан кейінгі салмақ бойынша 17,6 миллион тонна астық жиналады деп болжануда, бұл экспорттық потенциалды 7,0 миллион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

2. слайд.

Егін жинаудың барысы туралы

Енді тікелей баяндаманың тақырыбына көшуіге рұқсат етіңіздер.

Күн тәртібінде ауылшаруашылығын дамытудың бірден бір ең маңызды мәселесі – Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мен механизациялаудың проблемалары.

Бұл ретте өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мәселесі ауылшаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндіріс құрылымын нарықтық конъюнктураға сәйкес келтіру тұрғысында маңызы зор.

Нарықтық экономикада өнімді пайдамен сату және одан өндірісті кеңейтуге табыс табу үшін өндіретін өнімнің көлемін дұрыс анықтау өте маңызды болып табылады. Өкінішке орай, кейінгі жылдарға дейін агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруашылық субъектілерінің көпшілігінде өсіру үшін ауылшаруашылығы дақылдарын іріктеп алуда толқулық болған емес және бидайды барынша көп сепсең соншама жоғары табыс табасың деген көзқарас басым болды.

Көптеген елдерде әртараптандыру мәселесіне басты назар аударылады, ал ауылшаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары нарықтық конъюнктураға және басқа факторларына байланысты құбылады.

Мысалы, Қазақстанмен ұқсас топырақ-климаттық жағдайда орналасқан Канаданың Саскачеван провинциасында 2014 жылы егіс алқабының құрылымында бидайдын үлес салмағы 43%, майлы дақылдар – 23%, бұршақ дақылдар – 16% құрады.

3 слайд.

2014 жылғы Канада және Қазақстандағы егіс алқаптарының жүйесі

Қазақстанда көп уақытқа дейін бидайдың дара дақылдылығы басымды болды. Мысалы, 2009 жылы жалпы егіс алқабынан бидай алқабынын үлесі 70% (69,2%) дейін жетті. Барлық дәнді дақылдардың үлесі 81% астам болды.

Өндірілетін өнімге нарықтық конъюнктураның сұранысын ескермей жалпы егіс алқабында дәнді дақылдар егістігінің басымды болуы түсімділік жоғары болған жылдары астықтын артық өндірілуіне әкелді.

Осындай жылдары астық ішкі нарыққа және экспортқа сатуға болатын мүмкіндіктен анағұрлым көп өндірілді. Бұл Орта Азияның, Ауғанстанның, ішінара Иран мен Кавказдың нарықтары. Яғни астықтын жалпы ұсынысы оған пайдалы сұраныстан анағұрлым көп болды. Біздің ішкі тұтынуымыз 6,4 млн. тоннаға жуық – азық-түліктік мақсатқа – 2,0 млн. тоннаға таяу, тұқымға – 2,0 млн. тонна, жемдік мақсатқа және технологиялық қайта өңдеуге – 2,0 млн. тоннаға жуық. Дәстүрлі нарықтар бағаның деңгейіне байланыссыз (бидайдың бағасы бізде 100 $ болған жылдарда да және 400 $ болған жылдардар да) барлық уақытта тұрақты. 6,2 млн. тоннаға жуық тұтынады.

Сондықтан артық өндіру нарықтың классикалық заңдарының «іске қосылуына» әкеледі. Ұсыныс көлемінің сұраныстан жоғары болуы бағаның төмендеуіне әкеледі. Осының барлығы астық сақтау қоймаларының, астық тасымалдайтын вагондардың жетіспеушілігімен, тасымалдау дәліздерінің төменгі өткізу мүмкіндіктерімен қиындай түседі.

4 слайд.

Бидай дара дақылдығының қиындықтары

5 слайд.

Қазақстан астығының дәстүрлі импорттаушылардың нарығының сыймдылығы

6 слайд.

Дәстүрлі

нарықтардың тұтыну көлемі

Бұл жерде Қазақстанның географиялық жағдайы, оның континенттің ішінде орналасуы роль атқарады. Қара теңізге немесе Балтық теңізіне дейін 1 тонна астықты тасымалдау шығыны 100 доллардан асады. Сондықтан көлік шығынын ескере отырып, қазақстан бидайын Қара теңіз және Балтық теңізі айлақтары арқылы Еуропа Одағы, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс елдерінің нарығына жеткізу (жоғарға протеинді және органикалықты қоспағанда) экономика тұрғысында тиімді емес. Слайдта көріп отырсыздар 2009 және 2011 жылдардағы әлемдік бағамен ішкі нарықтағы бағаның арасындағы айырмашылықтың өте жоғары – 2 есеге жуық екенін көресіздер. Бірақ, егер осыны талдайтын болсақ бұл тура тасымалдау шығынының көлеміне сай келеді. Осының барлығы астық өндірісінің шығындылығына әкелуде. Айтуға оғаш болсада фермерлер жоғарғы өнімнен шығынға бастуда.

Бірақ, шығындылыққа тек фермелер ғана ұшыраған жоқ. Осындай жылдары элеваторлық қуаттылықтардың және астық тасымалдау вагонның жетіспеушілігінен астықтың орнын ауыстыруға, Продкорпорациямен нарықтағы артық астықты сатып алуды ұйымдастыруға едәуір бюджет қаржысын бөлу қажет етілді, сондай-ақ осы үшін көп қаржы табу керек болды.

Бұдан басқа, жоғары түсімді 2009 және 2011 жылдарда бидайға қосымша сұраныстын жасау және аграрлық сектордың қаржы жағдайының нашарлауына жол бермеу үшін мемлекеттік бюджеттен астықты баламалы нарықтарға тасымалдауға субсидия беруге тура келді. Осы жылдары субсидиялау мақсаттарына шамамен 36 млрд. теңге (35,9 млрд. теңге) жұмсалды, оның басқа да маңызды мақсаттарға, оның ішінде аграрлық секторды қолдауға пайдалануы мүмкін еді. Осындай жағдай бюджет үшін де шығын әкелгені анық.

7 слайд.

Ішкі бағаны әлеммен салыстыру

2011 жылғы қарашада Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің форумында еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев мынадай тапсырма берген болатын: «Дәнді дақылдардың артық егістік алқаптары оңтайландырылсын. Жемшөптік, жармалық, бұршақты және майлы дақылдар алқабын кеңейту керек… Сондықтан Үкімет фермерлер үшін егістік алқапты әртараптандыруды, шаруалардың топырақ құнарлылығын арттыруға деген әрекетін қамтамасыз ететін ынталандыру тетіктерін әзірлеуі қажет».

Содан соң Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша қатты жұмыс бастады. Мынадай шаралар қабылданды:

1. Әртараптандыруды ынталандыру мақсатында бидай өндірісін субсидиялау нормалары қысқартылды, осы, сондай-ақ қосымша қаражат есебінен өзге басым дақылдар үшін көбейтілген субсидия нормативтері белгіленді.

2. Алқаптарды әртараптандыру, бидай дара дақылының кері әсерін болдыртпау мақсатында 2012 жылы Ауылшармині, облыс әкімдіктері, КазАгро холдингі және Казагроинновация арасында бидай алқабын қысқартуды және дәнді-жемдік, бұршақты, майлы және жемшөптік дақылдар алқабын ұлғайтуды көздейтін меморандумдар жасалды.

3. Жерді ұтымды пайдалану механизмдерін енгізу бойынша жұмыс басталды, оларда ауыл шаруашылығы дақылдарының ауыспалы егістері туралы міндетті талап көзделетін болады. Осы үшін АШМ Жер Кодексіне және басқада кіші заңнамалық актілерге өзгерістеренгізу бастамаланды.

8 слайд.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша қабылданған шаралар

Нәтижесінде 2014 жылы бидайдың егістік алқабы 12,4 млн. гектарды құрады, «ең жоғарғы» жылмен салыстырғанда бидай алқабы 2,4 млн. гектарға қысқарды.

Бұл ретте майлы, жемшөптік, бақша дақылдарының алқабы ұлғайды.

Толығырақ ақпарат дақылдар бойынша № 9 және 10 слайдттарда келтірілген.

9-10 слайд.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру

Нәтижесінде бидайға деген сұраныс пен ұсынысты теңдестіруге, баға демпингінің туындауы шарттарын болдырмауға қол жеткізілді.

Атап айтқанда, егер 2009-2011 жылдары бидайдың жылдық орташа өндіріс көлемі орта есеппен 16,5 млн. тоннаны құраса, бұл осы дақылға деген сұраныс деңгейі көлемінен (12,6 млн. тонна, оның ішінде ішікі тұтынуға – 6,4 млн. тонна, дәстүрлі импорттаушыларға экспортқа – 6,2 млн. тонна) 3,9 млн. тоннаға артық, соңғы үш жылда (2012-2014 жылдар) бидайдың жылдық орташа өндіріс көлемі 12,4 млн. тонна деңгейінде, бұл шамамен бидайға деген сұранысқа тең.

Бұл ретте бидайдың ауыспалы қалдықтары азайып, 2012 жылғы 1 шілдеге 9,4 млн. тонна қалдықпен салыстырғанда 2013 жылғы 1 шілдеге 4,6 млн. тоннаны, 2014 жылғы 1 шілдеге 3,6 млн. тоннаны құрады, бұлар әсіресе егін орағы кезінде ішкі нарыққа қысым жасап және баға демпингіне ықпал еткен болатын.

11 слайд.

2009-2014 жылдардағы бидай балансы

Мысалы, егер 2009-2011 жылдары ішкі нарықта егін орағы кезінде 3 сыныпты бидайдың бағасы 80 АҚШ долларына (немесе 12-15 мың теңге), ал арпаныкі 40 АҚШ долларына дейін төмендесе, ал биылғы жылы 3 сыныпты бидай 40-42 мың теңге тұрады. Мұндай деңгей кездейсоқ емес, оны әкімшілік жолмен жасау мүмкін емес, бұл өндіріс көлемдерінің теңгерілгендігінің, яғни астық нарығындағы ұсыныс пен пайдалы сұраныстың нәтижесі болып табылады. 12 слайдта біз онда ішкі нарықтағы баға әлемдік бағадан артық екенін көреміз. Бұл осы уақытқа дейін кері әсерін тигізген еліміздің континенттің терең ішінде орналасқан факторын оңға өзгертуді жасай алатындығымызды көрсетеді. Бұл жерде біз біздің астық сатып алатын көрші елдерге дейін жақын астық нарығының алыс орналасқанын ескеруіміз керек.

12 слайд.

Ішкі бағаны әлеммен салыстыру

Атап өтетін жәйт, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер егін орағы кезінде ауа-райы жағдайының қиындығынан өнімдерінің бір бөлігін жоғалтып алуы мүмкін, бұл белгілі бір шығындарға немесе, дұрысырақ айтқанда, алынбай қалған пайдаға әкеліп соқтырады. Алайда дәнді дақылдардың егістік алқабын бұрынғы көлемде қалдырға жағдайда (2009 жылы – 17,2 млн. га, 2011 жылы – 16,2 млн. га) бұл шығындар 2-3 есе артық болушы еді.

Бұл ретте алынбай қалған пайданың орны өнімнің жоғары бағасымен толтырылатынын ескеру қажет. Биылғы жылы 5 сыныпты бидайдың өзіне баға 30 мың теңгені құрайды, бұл өткен жылдың егін орағы кезіндегі кондициялы бидайдан артық. Нәтижесінде фермердің егістіктің бір гектарынан алатын табысы ауа-райы жағдайы қолайлы алдыңғы жылдардан жоғары.

13 слайд.

Өнім көлемінің бағаға әсері

Әртараптандыру бойынша қабылданған шаралар саланы мемлекеттік қолдау көлемдерін ұлғайту, замануи технологиялар енгізу жөніндегі шаралармен қоса өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру көлемін ұлғайтуға, мал шаруашылығының жемшөп базасын нығайтуға жағдайлар жасады.

Атап айтқанда, 2011-2013 жылдары майлы дән, көкөніс, картоп, бақша дақылдары бойынша жылдық орташа өндіріс көлемі өнімнің әр түрі бойынша 0,5 млн.-нан астам тоннаны құрады.

Осы тәрізді өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу өнімінің өндірісі де: өсімдік майы 31,0 мың тоннаға (42%), консервіленген көкөніс пен жеміс – 1,5 мың тоннаға (10%) артты.

14 слайд.

Өсімдік шаруашылығы саласы өнімінің өндірісі

Өнім өндірісінің артуы, сондай-ақ өнімге бағаның теңгерімділігі нәтижесінде баға деңгейінің өсуі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің кірістерінің өсуіне парапар әсер етеді. Мысалы 2011-2013 жылдар бойынша астықты, ұнды және майлы дәндерді экспортқа сатудан жалпы алғанда 5,9 млрд. АҚШ доллары көлемінде табыс алынды, бұл көрсеткіш алдыңғы үш жылмен салыстырғанда 10% артық.

Өсімдік шаруашылығы саласындағы жалпы өнім өндірісінің орташа жылдық көлемі соңғы үш жылда 1,2 триллионнан астам теңгені құрады немесе алдыңғы үш жылдың деңгейінен 1,5 есеге артты.

15 слайд.

Өнімді экспортқа сатудан алынған табыс

Осымен бірге жеміс-көкөніс өнімдері және ерте піскен көкөністерімен халықты қамтамасыз ету қиындықтарын шешу бойынша шаралар қабылдануда. 2011-2013 жылдарда жеміс шаруашылығын және жүзім шаруашылығын дамыту мақсатында жаңа бақтар мен жүзімдіктерді отырғызуға және оларды күтуге 4,5 млрд. теңге бюджет қаржысы бөлінді. Бұл бақтар мен жүзімдіктер алқабын 56,3 мың га дейін кеңейтуге мүмкіндік берді.

2011-2013 жылдар бойынша жеміс дақылдары мен жүзім өндірудің орташа жылдық көлемі алдыңғы үш жылмен салыстырғанда 49,0 мың тоннаға немесе 23% өсті.

16 слайд.

Жеміс-жидектің, жүзімнің және жабық топырақтағы көкөніс алқаптары және өндірісі

2014 жылдың басына жабық жер алқабы 576 гектарды құрады, оның ішінде өнеркәсіптік жылыжай – 230 га, тиісінше 2010 жылмен салыстырғанда 3 есеге артты.

Осымен бірге кейбір облыстарда егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша меморандумдармен көзделген индикативті көрсеткіштерге қол жеткізілмеді.

Толығырақ ақпаратты сіздер № 17 слайдтан көре аласыздар.

Анықтама: Майлы дақылдар алқаптарын кеңейту бойынша Ақтөбе (13,8 мың га), Батыс Қазақстан (50,0 мың га), Павлодар (52,0 мың га), Оңтүстік Қазақстан (18,9 мың га) облыстарында, көкөніс-бақша дақылдар бойынша – Қызылорда (2,2 мың га), Ақтөбе (1,12 мың га), Қарағанды (0,7 мың га), картоп бойынша – Ақтөбе (3,2 мың га), Қарағанды (2,8 мың га) облыстарында айтарлықтай артқа қалу орын алуда.

Мал азықтық дақылдары алқаптарын кеңейті бойынша Ақмола облысында 102,8 мың га, Алматы – 3,9 мың га, Батыс Қазақстан – 20,3 мың га, Қарағанды – 19,4 мың га, Қызылорда облысында – 1,7 мың га көрсеткіштерге қол жеткізілмеді. Бұл ретте барлық облыстарда, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, сүрлем дақылдары, сонымен қатар көп жылдық шөптер алқаптарын кеңейту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілмеді.

Ағымдағы жылы Алматы облысында қант қызылшасы меморандумда көзделген 13,9 мың га орнына 1,3 мың га (орындалуы 9,4%) алқапта орналастырылды, тиісінше Жамбыл облысында – 7,5 мың га, 0,7 мың га (орындалуы 9,3%).

17 слайд.

2014 жылғы әртараптандыру бойынша меморандумнын орындалуы

Әртараптандыруды тежеп отыратын басты себептер:

1) жыртылуға келетін бос жерлердің жетіспеушілігі, әсіресе мал азықтық дақылдарын өсіру алқабтарын кеңейту үшін;

2) суарылатын жерлердің мелиоративтік жағдайының нашарлануы;

3) сақтау, қайта өңдеу, көліктік логистика инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы;

4) өндірістің ұсақ тауарлығы.

18 слайд.

Қиындылығы және шешу жолдары

Қалған барлық проблемалар іс жүзінде фермерлер үшін қаржыландырудың қол жетімсіздігі, сонымен қатар осыған ұқсас басқа проблемаларға байланысты.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржыландырудың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында келесі шаралар көзделген:

1) сақтандыру жүйесін жетілдіру;

2) басым бағыттар бойынша инвестициялық субсидияларды бөлу;

3) несилер мен лизингі бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;

4) кепілзаттың болмау мәселесін шешу үшін қарыздарды кепілдендіру мен сақтау механизмдерін енгізу.

Бұл шаралар салаға бюджеттен тыс көздерден қаржыландыру мен инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Жергілікті жерлерде субсидиялаудың тиімділігін арттыру бойынша жұмысты өзектендіру қажет. Субсидиялауға бөлінген бюджет қаражаттары мақсатты пайдаланылатын жерлерде қалаулы нәтижелерге де қол жеткізіледі, нәтижеге әкеледі.

Мысалыға, 2013 жылы Қарағанды облысында жұмсақ бидайды базалық субсидиялауды алып тастау есебінен жемазықтық және малазықтық дақылдарды мемлекеттік қолдау көлемін едәуір арттыра алды.

Ақмола мен Қостанай облыстарында бидайға базалық субсидияның нормативі едәуір азайтылды және босатылған қаражат әртараптандыру мақсатында басымды дақылдарды қолдауға бағытталды.

Осымен бірге басқа аймақтардың жергілікті атқарушы органдары әлі күнге толқуда. Кәзіргі кезде субсидиялау бойынша барлық механизмдер әкімдіктерге берілгендіктен әртараптандыру мәселесінде көп нәрсе жергілікті атқарушы органдардың талпынысы мен табандылығына байланысты. Барлық бюжеттік ассигнациялар жалпы сипаттағы трансферттер механизмі арқылы ЖАО берілген және субсидияның нормативтері әкімдіктіктердің шешімімен белгіленеді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің механизациялау бөлігінде келесіні атап өту қажет.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің ағымдағы жағдайына жасаған талдау республиканың маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге жеткілікті түрде техникамен жабдықталғанын растайды.

Анықтама үшін: Республикада 153,1 мың шынжыр табан және дөңгелекті трактор, 45,3 мың астық жинайтын комбайн, 3,1 мың егін себу кешені, 90,0 мың тұқым сепкіш, 46,6 мың жүк автомобилі, 303,9 мың топырақ өңдейтін техника бар. Қолдағы бар астық жинайтын комбайндардың 62,0%, тракторлардың 89%, тұқым сепкіштердің 90%, дестелегіштердің 72%есептен шығаруға жатады. Жалпы алғанда, қолдағы бар ауыл шаруашылығы техникалары паркының тозу деңгейі 80% шегінде, бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу мерзіміне және сапасына кері әсерін тигізеді

19 слайд.

2014 жылдың 1 қантарға ауыл шаруашылығы техникасының қолда бар негізгі түрлері

Соңғы жылдары ауылшаруашылығы тауарын өнімдерушілермен қажетті техниканы сатып алуының тұрақты өсуі байқалады. Соңғы 5 жыл ішінде барлығы 24 мыңнан астам ауылшаруашылығы техникалары сатып алынды, оның 7238-і трактор және 5142-сі комбайн.

Анықтама үшін: 2009-2013 жылдар ішінде республиканың шаруашылық жүргізуші субъектілері 24,6 мың бірлік әр түрлі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған, соның ішінде 7,2 мың трактор, 5,1 мың астық жинайтын комбайн, 938 бірлік егін себу кешені, 1,9 мың бірлік тұқым сепкіш, 1,2 мың бірлік дестелегіш, 453 бірлік бүркүш, 1,9 мың бірлік мал азығын дайындайтын техника, 1,9 мың бірлік топырақ өңдейтін техника және 3,4 мың бірлік өзгеде техникалар.

20 слайд.

Ауыл шаруашылығы техникасының негізгі түрлерін сатып алу

Осыған қарамастан 2013 жылғы ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлері бойынша машина-трактор паркын жаңарту қарқыны төмен болып қалуда және 2% құрайды.

21 слайд.

Ауыл шаруашылығы техникасының негізгі түрлерін жаңарту қарқыны, %

Жыл сайынғы тракторлар бойынша орташа қажеттілік 10000 бірлікті, комбайндар бойынша 1500 бірлікті және егін себу кешендері бойынша 1400 бірлікті құрайды.

Бұл ретте, тракторлар бойынша (5-8 класты) жоғарыда аталған қажеттіліктен нақты сатылып алынатыны тек 10 % ғана.

22 слайд.

Ауыл шаруашылығы техникасының жыл сайынғы

қажеттілігі және сатып алынуы

«СемАЗ» ЖШС Семей қ., «Агромашхолдинг» АҚ, «Агротехмаш» ЖШС Қостанай қ. ауылшаруашылығы техникаларын құрастыру және жасау жөніндегі қуаттылықтардың бар болғанына қарамастан ауылшаруашылығы техникаларының негізгі түрлері шет елдерден сатып алынады.

23 слайд.

Қазақстандағы қолда бар ауыл шаруашылығы 
техникасы өндірісі картасы

Жалпы алғанда машина жасауды дамыту, оның ішінде ауылшарушылығы машиналарын, мәселелері инвистициялар және даму министрлігінің қарауында.

Осымен бірге еліміздің АӨК-н техникалық қайта жарақтандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірқатар шараларды қабылдануда:

1) КазАгро холдингінде ауылшаруашылығы техникаларын құрастыруды және жасауды ұйымдастыру жөніндегі жобаларды қаржыландыру үшін арнайы несие бағдарламасы ашылды. Мысалы: жылына 1000 трактор шығаратын қуаттылығы бар «СемАЗ» ЖШС – осы бағдарламаның сәтті жобасының біреуі. Осы кәсіпорында 5 мың бірліктен астам МТЗ-80 тракторы шығарылды.

Анықтама үшін: «ҚазАгроҚаржы» АҚ іске асыратын «Ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірістерін құру және дамыту» бағдарламасы шеңберінде негізгі қаржыландыру талаптары болып табылатындар: сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%, қаржыландыру беру мерзімі – 5 жылға дейін, қарыз алушының ортақ қаржыландыруы – жобаның жалпы сомасынан 15%-тен бастап.

Ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру бойынша жобалар:

Ұлттық Қордың қаражаты есебінен Шығыс Қазақстан облысында құны 1,3 млрд. теңге, жобалық қуаты жылына 1000 бірлікке дейін «Беларус» тракторларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру бойынша «СемАЗ» ЖШС жобасы іске асырылды. Сонымен бірге, 2010 жылы ең қарапайым технология бойынша тіркеме және аспалы жабдық шығару өндірісі, FAW фургондарын құрастыру өндірісі жөнге салынған.

«Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастырған (КРП-4,2 қопсытқыштарын, рулонды ПР-400В пішен тайлауыштар, ПБС-4У шапшаң соқаларын және т.б.).

«Вектор» комбайн зауыты» ЖШС (Ақмола облысы) қуатын жылына 300 бірлікке дейін ұлғайта отырып, «Вектор» маркасының комбайндарын, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыруды ұйымдастыру жұмысын бастады. Сұралған инвестиция сомасы 4,1 млрд теңге, қаржыландыру Ұлттық қор қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2) ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуды ынталандыру аясында 2013 жылдан бастап ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін 7% дейін субсидиялау жөніндегі бағдарлама іске асырылуда, мал шаруашылығы мен жемшөп өндіруде қолданылатын техника мен жабдықтар бойынша мөлшерлеме 10% арзандатылады. Яғни, егер «ҚазАгроҚаржы» АҚ жай уақытта 12% қаржыландырса, фермерге лизинг барлығы жылына 2% аспайтын болады.

3) бұдан басқа 2012 жылдан бастап жыл сайын «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Егінжай» лизингтік жаңа өнімін іске асырылуда. Ұсақ шаруа қожалықтарын қолдауға бағытталған көрсетілген бағдарлама аясында ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер жеңілдетілген схема бойынша бастапқы жарнаны кейіннен төлеумен және кепілсіз егін жинау техникаларын лизингке сатып алуға мүмкіндігі бар.

Анықтама үшін: Ағымдағы жылы «Егінжай 2014» бағдарламасы шеңберінде АШТӨ 15% орнына тек 10 % авансын ғана төлеп, кепілдікті қамтамасыз етусіз техника ала алады, сондай-ақ ол төлемді 15 қарашаға дейін кейінге қалдыра тұрып, яғни кепілдік ретінде астық қолхаты бойынша техника құнының 10 пайызы мөлшерінде 2014 жылдың өнімін кепілдікке беріп, комбайнды пайдалана береді. АШТӨ алғашқы лизингтік төлемді төлей алатындай жағдайға жетсімен, кепілдікті қамтамасыз ету босатылады. Астық кептіру, күріш жинау және мақта жинау техникаларының лизингісіне қатысты да осы талаптар қолданылады.

Егін жинау техникалары 12,8% талаптарында беріледі. Бұл ретте, мемлекет жалпы қаржыландыру мөлшерлемесінің 7 пайызын субсидиялайды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының түпкі мөлшерлемесі жылдық 12,8% орнына 5,8% құрайды.

Республиканың АӨК-н өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтамасыз ету мақсатында, ауыл шаруашылығы машина жасау өндірісінің әлемдік көшбасшыларымен бірлесіп, құрастыру өндірістерін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мүмкін жобалардың бірі Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру бойынша John Deere және Claas компанияларын жұмылдыру болып табылады. Қазіргі кезде осы жобалар пысықталуда. Осыған ұқсас жобаларды іске асыру біздің ауылшаруашылығы тауарын өндірушілеріміз үшін кәзіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникаларына жоғарғы қолжетімділікті қамтамсыз етуге мүмкіндік береді.

24 слайд.

John Deere ауыл шаруашылығы техникасы құрастыру өндірісінің жобасы

Ауыл шаруашылығындағы алқаптарды әртараптандыру және механизациялау туралы жалпы айта келе оң өзгерістер бар және олар айқын екендігін айтқым келеді.

Елбасының тапсыруымен әзiрленген «Агробизнес-2020» бағдарламасымен осы және басқа да бағыттар бойынша мемлекеттiк қолдаудың бірқатар механизмдерi көзделген. Бұл шараларды iске асыру еліміздiң агроөнеркәсiптiк кешенiне әлемдік нарықта бәсекеге қабылетті болу үшін сапалы алға басуына мүмкiндiк бередi.

Назарларыңызға рахмет!

Соңы.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus