Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жайыққа ағымдағы жылдың шілде айында 7 млн. дана шабақ жіберілді

Жайыққа ағымдағы жылдың шілде айында 7 млн. дана шабақ жіберілді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

21.07.2016 ж. Астана қаласы

Мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жайық-Атырау және Атырау бекіре балық өсіру зауыттары ағымдағы жылы Жайық өзеніне барлығы 7 млн. дана шабақ(бекіре және шоқыр)жіберді.

Бекіретұқымдас балық түрлерінің шабақтарын жіберу орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері, әкімдіктің, ғылыми және қоғамдық ұйымдары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен комиссиялы түрде жүзеге асырылды.

Анықтама:«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» заңына сәйкес құнды балық түрлерінің шабақтарын жасанды жолмен өсіріп, табиғи мекен ету ортаға жіберу бойынша қызметтерді

–          Атырау бекіре балық өсіру зауыты;

–          Жайық – Атырау бекіре балық өсіру зауыты;

–          Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы;

–          Қамыстыбасбалықпитомнигі;

–          Петропавлбалықпитомнигі;

–          Майбалықбалықпитомнигі;

–          Қазақ өндірістік – жерсіндіру станциясы сынды республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары жүзеге асырады.

Аталмыш кәсіпорындар жыл сайын  мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 168,4 млн. дана құнды балық түрлерінің шабақтарын жасанды жолмен өсіріп, әрі қарай табиғи мекен ету ортасына жібереді.

Ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар балық шабақтарын өсіру биотехнологиясына сәйкес құнды балық түрлерінің шабақтарын өсіру бойынша жұмыстарды жоспарлы түрде орындайды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus