Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР АШМ Жауапты хатшысы А.Қ. Евниевтің 2014 жылғы 13 ақпандағы алқа мәжілісінде сөйлейтін сөзі

ҚР АШМ Жауапты хатшысы А.Қ. Евниевтің 2014 жылғы 13 ақпандағы алқа мәжілісінде сөйлейтін сөзі

 

1-бағыт. Инновациялық индустрияландыру трендін күшейту мақсатында 2016-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аяқталады. Сонымен бірге геологиялық барлауды дамыту және оған инвестициялар тартуды көздейтін тау-кен өндірісі саласын дамыту жоспары қабылданатын болады.

 

2-бағыт. Ауыл шаруашылығын дамыту маңызды әрі басты бағыттардың бірі болып қала бермек, оның шеңберінде «Агробизнес 2020» агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы және басқа да стратегиялық, бағдарламалық құжаттар түзетіледі және түзету барысында ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы субъектілерінің ұзақ мерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша Жолдауда қойылған міндеттер ескерелетін болады.

 

3-бағыт. Ғылыми қамтымды экономика құру мақсатында қазақстандық ғылымды дамыту және шетелдік инвестициялар мен технологияларды тарту бойынша бірқатар шаралар көзделеді. Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру үшін заң жобаларының топтамасы әзірленеді, бұл венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталады. Технологиялық парктердің жұмысы жанданады, инжинирингтік және сервистік орталықтарды дамытуға шетелдік инвестициялардың жаңа толқынын тартуға жағдайлар жасалатын болады. Бұдан басқа алдымызда ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарын бекіту міндеті де бар.

 

4-бағыт. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияны, көлікті, энергетиканы қарқынды дамыту. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында 2013 жылға дейін Астана және Алматы қалаларында агломерацияны қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспары әзірленеді. Қазіргі заманғы логистика орталықтарын дамыту, автомобиль және теміржол инфрақұрылымын кең ауқымды қайта жаңғырту, халықаралық сауда-саттықты жүзеге асыру кезіндегі кедергілерді алып тастау шаралары қабылданатын болады.

Жасыл экономиканы дамыту мақсатында Назарбаев Университетінің базасында болашақтың энергиясын іздеу және жасау жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерделеу мен енгізу орталығы құрылады. Сонымен қатар, экологиялық таза көліктерді пайдалану мәселелері зерделенеді. 2014 жылдың наурыз айында төртінші мұнай өңдеу зауыты мен атом электр станциясын салу мерзімдері және салынатын орны туралы Мемлекет басшысына баяндама енгізілуі тиіс. Жылдың соңына дейін атом электр станциялары үшін ядролық отын өндіруді ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізіледі.

 

5-бағыт. Шағын және орта бизнесті дамыту, жеке меншік институтын нығайту үшін заңнаманы жетілдіру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жаңа бесжылдығынын ескере отырып, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы өзекті етілді.

 

6-бағыт. Оқыту процесіне заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін енгізу, жетекші жоғарғы оқу орындарын автономияға біртіндеп көшіру үшін жағдай жасау, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жолымен адам капиталының сапалы өсуіне ерекше көңіл бөлінетін болады. Қазақстандықтардың заманауи мәдениет кластерлерін дамытуды көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәдени саясат тұжырымдамасы туралы» Жарлығының жобасы әзірленетін болады. 2015-2017 жылдарға арналған бюджет жобасын қалыптастыру шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемін 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға, мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын 2015 жылғы 1 шілдеден және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап 15 пайызға, стипендиялар мөлшерін 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 25 пайызға өсіру, азаматтық қызметшілердің еңбекақысын 2015 жылғы 1 шілдеден бастап арттыру көзделетін болады. Бұдан басқа, Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін «кедергісіз орта» құруды тапсырды.

 

7-бағыт. Жергілікті жерлердегі атқарушы органдарының дербестігін көтеру, құжат айналымын қысқарту және мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізу мәселелерін қамтитын мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке 2014 жылы жасалатын бір қатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, ағымдағы жылы экономика өсімін 6-7% деңгейінде, сондай-ақ жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімді 14,5 мың доллардан кем емес деңгейде болуын қамтамасыз ету қажет. Бұдан басқа, Ұлттық Банкпен және Қазақстан Республикасының басқа да мүдделі мемлкеттік органдарымен бірлесіп инфляцияны орта мерзімді перспективада 3-4% дейін төмендету шаралары әзірленетін болады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы және «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі қабылданатын болады.

 

Как вам известно, в рамках реализации указанной Программы разработано 15 мастер-планов для каждой из подотраслей сельского хозяйства (модернизация ветеринарной системы в соответствии с международными стандартами;стабилизация зернового рынка;развитие коневодства;развитие кормопроизводства;развитие молочного скотоводства;развитие мясного скотоводства;развитие овцеводства;развитие переработки сельхозпродукции;плодоовощеводство;развитие мясного птицеводства;развитие рационального использования земель;развитие свиноводства;развитие семеноводческой отрасли;развитие товарного рыбоводства;развитие системы фитосанитарной безопасности). Механизм реализации мастер-планов подразумевает четкую разбивку показателей по годам и в разрезе областей и позволяет каждому реализовать найти свое место в программе, реализовать свой инвестиционный проект и построить эффективный агробизнес. Кроме того, разрабатывается Карта специализации регионов, которая позволит дифференцированно и более эффективно проводить государственную политику в АПК через установку обоснованных бюджетных лимитов на региональные объемы господдержки для производства сельскохозяйственной продукции. В целом 2013 год для реализации Программы стал организационным, новые механизмы господдержки начнут действовать с текущего года. В текущем году нам предстоит большая работа.

 

Біздің алдымызға айқын тапсырмалар қойылған. Біздің міндетіміз бизнеспен бірге, оларды орындау болып табылады. Сондықтан да біз «Агробизнес 2020» бағдарламасын және оны іске асыру үшін қабылданған шебер-жоспарларды орындауды басты мақсат етіп отырмыз. Қорыта айтқанда, Елбасымыздың Жолдауы әрбір мемлекеттік қызметшінің, әрбір Қазақстан азаматының ұлттық мақтанышы. Өйткені ол күшті, қуатты мемлекет құруға, тұрақты экономикалық өсуге, оның ішінде аграрлық секторды өркендетуге бағытталған келелі құжат. Ендігі жерде біз біліктілігіміз бен кәсіби тәжірибемізді аянбай жұмсап, күш-жігерімізді біріктіре отырып, Мемлекет басшысының тарсырмаларын мүлтіксіз орындауға тиіспіз.   Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus