Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 5 ақпандағы ҚР АШМ алқасында сөйлеген сөзі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 5 ақпандағы ҚР АШМ алқасында сөйлеген сөзі

Құрметті Серік Нығметұлы!
Құрметті алқаға қатысушылар!

Кіріспе бөлім, сәлемдесу сөзі
Бүгін біз 2013 жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің даму қорытындыларын, Министрлік жұмысының нәтижелерін және ағымдағы жылға арналған жедел міндеттерді қарастырамыз. Ең алдымен өткен жылы іске асырылған шешуші сәттерге тоқталғым келеді. (Слайд 1)
АӨК туралы ҚР заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2013 жылғы ақпан айында саланы дамытуға арналған жаңа «Агробизнес 2020» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бағдарламадағы жаңа бастамаларға заңнамалық негіз қалау жұмыстары басталды. Осы сәтті пайдалана отырып, аталған заңның қабылдану процесінде қолдау көрсеткендеріңіз үшін Парламенттің екі палатасының депутаттарына және Сізге, Серік Нығметұлы, алғысымды айтқым келеді. Ағымдағы жылдың қаңтар айында аталған заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Осы Заңнамалық актімен 6 кодекске және 9 заңға өзгерістер енгізілді.

Аталған заң аграрлық бизнесті мемлекеттік қолдаудың бірқатар мүлдем жаңа құралдарын енгізуді көздейді, олар мыналар: инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілері тартқан шығындардың бір бөлігін өтеу,  бұл оларға жаңа өндірістік қуаттылықтар салу және қолданыстағыларын қайта жаңғырту кезіндегі инвестициялық салымдарды ішінара жабуға мүмкіндік береді; қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау, бұл дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді; өндірушілерге кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде ақшалай және тауарлық кредит алуға мүмкіндік беретін қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру кезінде субсидиялау, бұл жалпы АӨК субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге ықпал етеді. агроөнеркәсіптік кешен жұмысшыларын әлеуметтік сала мен ветеринария мамандарына ұқсас негізде ауылдық елді мекендерге тартуды ынталандыру. Сондай-ақ, Заң ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіруді және ветеринариялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейді. Осылайша, заң «Агробизнес 2020» бағдарламасының міндеттерін іске асырудың құқықтық негіздерін құруға мүмкіндік берді. Биыл біз заңға тәуелді базаны қабылдау бойынша жұмыстарды аяқтауға және қабылданған заңнан туындайтын және Бағдарламада жоспарланған бастамаларға арналған шығыстарды толық бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіспіз. (Слайд 2)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 5 ақпандағы ҚР АШМ алқасында сөйлеген сөзі

Слайдтар

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus