Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Баяндамалар ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің апта сайынғы Орталық коммуникациялар орталығының брифингісіндегі баяндамасы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің апта сайынғы Орталық коммуникациялар орталығының брифингісіндегі баяндамасы

 

 

Егін жинау барысы туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша
2013 жылы барлық аулы шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары
21,5 млн. га., соның ішінде бидай 13,1 га. құрады. Майлы дақылдар 1,9 млн. га., мақта 140,4 мың га., қант қызылшасы 5,0 мың га., картоп пен көкөніс-бақша дақылдары сәйкесінше 183,3 және 203,3 мың га. ауданда егілді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша ағымдағы жылы дәнді дақылдардың егін жинау ауданы 15,8 млн. га. құрады.

А.ж. 21 қыркүйектегі жай-күйі бойынша 10,3 млн. га. (65,0%), ал
2012 жылы 14,2 млн.га. (93,0%) жиналды, 12,6 млн. тонна, ал 2012 жылы
12,2 млн. тонна астық басылды, орташа өнімділік 12,2 ц/га. құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 3,6 ц/га.-ға жоғары.

Неғұрлым төмен өнімділік Ақтөбе (5,4 ц/га.) және Батыс Қазақстан
(6,5 ц/га.) облыстарында бақыланады, оның себебі дәнді дақылдардың өсіп-өну кезеңіндегі қуан ауа-райы жағдайлары болды.

Жазғы бидай мен арпаны жинау Жабыл (18,5 ц/га. өнімділігімен 100% жиналды), Қызылорда (9,5 ц/га. өнімділігімен 100% жиналды) және Оңтүстік Қазақстан (19,2 ц/га. өнімділігімен 100% жиналды) облыстарында толық аяқталды.

Қалыптасқан табиғи-климаттық жағдайларға (мол жазғы жауын-шашынға және оң температуралар сомасының тапшылығына) байланысты Қазақстанның үш бидай егетін облыстарының АШТӨ дәнді дақылдарды жинауға екі аптаға кеш кірісті.

Егістердің жай-күйі (арамшөптермен залалдануы, шабан өркен)егін жинауды жүргізудің екі кезеңді тәсілінің қажеттілігіне әкелді, ал қыркүйектің бірінші онкүндігінде (СҚО Жамбыл, Булаев, Есіл және Тайынша аудандарында, Ақмола облысының Бұланды және Целиноград аудандарында) өткен мол жауын-шашын дәнді дақылдар жинауды өткізу барысына және мерзімдеріне әсер етті.

Бүгінгі күні Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша дәнді дақылдардың 65,0 %-ы жиналды. Ақмола облысында 2,3 млн. га. (55 %), Қостанай облысында 3,3 млн. га. (76 %), Солтүстік Қазақстан облысында 2,3 млн. га. (65,0%) жиналды.

 

Техниканың дайындығы

Жалпы республика бойынша егінге дайындалғаны және қатысып жатқаны 45 146 астық жинау комбайны (немесе қолда барынан 98%),
14 476 жалшалап дестелегіш (немесе қолда барынан 96%), 44 838 жүк автомобилі (немесе қолда барынан 95%), 148 011 трактор (немесе қолда барынан 95%), 85 756 трактор тіркемесі (немесе қолда барынан 96%),
3 361 механикаландырылған қырман (немесе қолда барынан 98%),
3 626 автомобиль таразысы (немесе қолда барынан 97%).

 

ЖЖМ-мен қамтамасыз ету

Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 2013 жылы АШТӨ үшін Кестеге сәйкес МӨЗ-ден тоннасына 93 975 теңге немесе шамамен литріне 78 теңге бекітілген бағасы бойынша 410 мың тонна дизель отыны бөлінді.

АШТӨ үшін дизель отынының орташа құны тасымалдау мен операторлардың шығыстарын ескере отырып,  шашамен литріне 91 теңге құрады, бұл нарық бағасынан төмен (авто жанармай құю станцияларында (АЖҚС) орташа баға литріне 101 теңге құрайды).

2013 жылғы 19 қыркүйектегі жай-күй бойынша облыстардың операторлары мен АШТӨ мұнай өнімдерін жеткізушілерге 347,5 мың тонна дизель отыны үшін төлем жүргізді (күзгі дала жұмыстарына бөлінгеннен 85%), жеткізушілер облыстардың АШТӨ үшін күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 308,9 мың тонна дизель отынын тиеп-жөнелтті (бөлінгеннен 75%).

Мұнай және газ министрлігі а.ж. 6 қыркүйекте 2013 жылғы егінді кептіруді өткізуге қосымша 41,8 мың тонна арзандатылған дизель отынын жеткізу Кестесін бекітті.

 

Астық сақтау қоймаларының сыйымдылығы және олардың астық қабылдауға дайындығы

Қазіргі уақытта республикада қоймаларының жалпы сыйымдылығы шамамен 13,9 млн. тонна лицензияланған 214 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Бұдан басқа, АШТӨ-де 10,7 млн. тонна астық сақтауға мүмкіндік беретін сақтау сыйымдылықтары бар. Осылайша, астық сақтауға арналған сыйымдылықтардың қолда бар жалпы көлемі 24,6 млн. тонна құрайды, бұл болжанып отырған 18,5 млн. тонна жалпы астық көлемін қабылдауға мүмкіндік береді.

20 қыркүйектегі жай-күй бойынша 202 АҚК тексеріп қаралды (жалпы санынан 94%), соның ішінде 185 дайын деп таңылды, 17 – біліктілік талаптарына сәйкестігін растамады (негізінен зертханаларда ақуыз құрамын және құлдырау санын айқындауға арналған аспаптардың болмауынан және лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудан, 6 – мүліктік шешенінен тыйым салынуына байланысты МТБ қабылдауға дайын емес).

АҚК-де 520, соның ішінде Ақмола облысында 143, Қостанай облысында 138, Солтүстік Қазақстан облысында 149 дән кептіргіш бар. 20 қыркүйектегі жай-күй бойынша іс жүзінде 501, соның ішінде Ақмола облысында 142 (100%), Қостанай облысында 138 (100%), Солтүстік Қазақстан облысында 149 (100%) дән кептіргіш дайындалды. Бір дән кептіргіштің 35 т/сағ. Орташа өндіргіштігі кезінде барлық дән кептіргіштердің тәуліктік өндіргіштігі шамамен 364 мың тонна құрайды.

Бұдан басқа, АШТӨ-де 366, соның ішінде Ақмола облысында 49, Қостанай облысында 71, Солтүстік Қазақстан облысында 124 дән кептіргіш бар.

20 қыркүйектегі жай-күй бойынша 353, соның ішінде Ақмола облысында 46 (94%), Қостанай облысында 70 (99%), Солтүстік Қазақстан облысында
124 (100%) дән кептіргіш дайындалды.

 

Лицензияланған АҚК-ге түсетін астық сапасы

19 қыркүйектегі жай-күй бойынша а.ж. басынан бастап АҚК-ге
 2013 жылғы егіннің астығы 2053,2 мың тонна көлемінде, соның ішінде
1869,2 мың тонна бидай, 147,1 мың тонна арпа, 26,3 мың тонна өзге де дәнді дақылдар, 10,6 мың тонна күріш келіп түсті.

Келіп түсетін астықтың жалпы көлемінен бидай үлесі 87,1%, соның ішінде 2-сыныпты бидай 0,8%, 3-сынып 77,6%, 4-сынып 3,4%, 5-сынып 3,5%, сыныпсыз бидай 1,8% құрайды.

Қазіргі сәтте республиканың астық қабылдау кәсіпорындары сақтауға дән маңызы 23-24% құрайтын 3-сынып жұмсақ бидайын 26,9%, дән маңызы 25-27%  бидайын 57,6%, дән маңызы 28% және одан жоғары бидайды 15,5% қабылдады.

Түскен астықтың жалпы көлемінен арпа 7,2%, соның ішінде 1-сынып арпасы 0,1%, 2-сынып 6,8%, сыныпсыз 0,3% құрайды.

Астық дайындау басынан бастап АҚК-ге 2013 жылғы егіннен ылғалдылығы 14,5% астық 655,5 мың тонна (31,9%), ылғалдылығы 14,6 – 17,0% астық 698,2 мың тонна (34,0%), ылғалдылығы 17,1 – 20,0% астық 516,4 мың тонна (25,2%), ылғалдылығы 20,0%-дан жоғары астық 183,1 мың тонна (8,9%) түсті.

Бидай астығындағы қоқыс қоспасы құрамының орташа көрсеткіші
4,4 – 11,0% аралығында ауытқиды, дәнді қоспасы 5,5 – 13,0% аралығында ауытқиды.

Кептірілгені 751 мың тонна астық, өңделгені 912 мың тонна астық. Рефракция пайызы 7,7% құрайды.

Тұқым дайындау

Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша ұқымға қажеттілік 2134,6 мың тонна құрайды, іс жүзінде дайындалғаны
1243,1 мың тонна (58%).

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus