Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Өсімдіктер әлемінің объектілерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде сирек және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер санатына жататын өсімдіктер түрлерін қазақстан республикасына әкелуге жәгн одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Өсімдіктер әлемінің объектілерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде сирек және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер санатына жататын өсімдіктер түрлерін қазақстан республикасына әкелуге жәгн одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

  • Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
  • www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақылы

Қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының шығу тегін, оларды дайындаудың және сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттар (табиғаттан алынды, жасанды жағдайларда өсірілді, басқа елден импортталды, сатып алынды, сыйға тарту немесе мұра ретінде алынды);
      3) әкелінетін өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының фитосанитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;
      4) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат беру үшін бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
      порталда:
      1) осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының шығу тегін, оларды дайындаудың және сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері (табиғаттан алынды, жасанды жағдайларда өсірілді, басқа елден импортталды, сатып алынды, сыйға тарту немесе мұра ретінде алынды);
      3) әкелінетін өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының фитосанитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011662#z157

Қызмет стандарты

Қызмет регламентi

Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаcындағы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандарттарын бекіту туралы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus