Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

  • Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі
  • www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге өтінім;
      жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
      интродукциялауды жүргізу кезінде жануарларды сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмесі (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жүкқұжат немесе сауда чегі немесе банктің белгісі бар төлем тапсырмасы);
      мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізу биологиялық негіздеменің көшірмесі;
      2) порталға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге өтінім;
      интродукциялауды жүргізу кезінде жануарларды сатып алудың заңдылығын растайтын электрондық құжаттардың көшірмесі (сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, жүкқұжат немесе сауда чегі немесе банктің белгісі бар төлем тапсырмасы);
      мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізу биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

  «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011774#z258

Стандарт услуги
Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus