Сброс
[ A+ ] / [ A- ]

«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

  •       екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда облыстардың жергілікті атқарушы органдары;
          екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулау мақсатында Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі
  •  www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы

Көрсетілетін қызметтің құны

ақылы/ақысыз
Жануарлар дүниесін пайдалану үшін төлемақы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
Төлемақы мынадай кезде алынбайды:
      1) жануарларды кейіннен табиғи ортаға шығара отырып, оларды таңбалау, сақиналау, қоныс аударту, жерсіндіру, ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда жасанды өсімін молайту және будандастыру үшін табиғи ортадан алған;
      2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген және еріксіздікте және (немесе) жартылай еркін жағдайларда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған;
      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган балық ресурстарын және басқа да су жануарларының түрлерін пайдалану үшін биологиялық негіздеу мақсатында балықтарды және басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған;
      4) саны халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарлары ауруларының алдын алу, қоршаған ортаға зиянның алдын алу, ауыл шаруашылығы қызметке маңызды залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында реттеуге жататын жануарлар түрлерін алған кезде алынбайды

Қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
      мынадай:
      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (аң аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
      жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
      жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжатының көшірмесі.
      Қосымша пайдалану түріне байланысты, өтінімге мына құжаттар қосымша тіркеледі:
      1) аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
      жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың көшірмесі;
      2) ғылыми-зерттемелік аулауға:
      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшірмелері;
      жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін есеп-қисаптардың көшірмесі;
      бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есебінің көшірмесі (рұқсаттар берілген жағдайда);
      3) өсімін молайту мақсатында аулауға:
      балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің көшірмесі;
      4) эксперименталдық аулауға:
      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің көшірмесі;
      5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға:
      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзінді көшірмелері;
      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);
      6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме).
      Порталға:
      ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай:
      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (аң аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
      ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі.
      Қосымша пайдалану түріне байланысты, өтінімге электрондық құжат нысанында мына құжаттар қосымша тіркеледі:
      1) аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):
      жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың электрондық көшірмесі;
      2) ғылыми-зерттемелік аулауға:
      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмелері;
      жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін есеп-қисаптардың электрондық көшірмесі;
      бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есебінің электрондық көшірмесі (рұқсаттар берілген жағдайда);
      3) өсімін молайту мақсатында аулауға:
      балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;
      4) эксперименталдық аулауға:
      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;
      5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға:
      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзінді электрондық көшірмелері;
      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың электрондық көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);
      6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:
      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың электрондық көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме)

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011774#z328

Қызмет стандарты
Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің Бұйрығы 30.04.15 №18-03/390
Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus