Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

     Табиғат қорғау мекемелері, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

    әуесқойлық (спорттық) балық аулау – 1 (бір) жұмыс күні;
    мелиорациялық аулау, ғылыми-зерттеу үшін аулау және өсімін молайту мақсатында аулау – 10 (он) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін:
      1) екі данада еркін түрде жазылған өтініш;
      2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).
      Мелиорациялық аулау, ғылыми-зерттеу мақсатында аулау, өсімін молайту мақсатында аулау үшін:
      1) екі данада еркін түрде жазылған өтініш;
      2) жеке тұлғалар үшін көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе *куәліктің көшірмесі.
      Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 60-V Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      4) мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсат беретін заңды тұлға жарғысының көшірмесі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

  «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011662#z26

Қызмет стандарты

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын
жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп

Регламент
Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаcындағы мемлекеттік көрсетілетін кызмет стандарттарын бекіту туралы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика