Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Айтылған мемлекеттік қызмет электрондық нұсқада бұл сілтеме бойынша көрсетілуі мүмкін: www.egov.kz

Көрсетілетін қызметті  алушылар Жеке және заңды тұлғалар
Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары , көрсетілетін қызметті беруші;
«электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы
Көрсетілетін қызметтің құны Ақысыз
Қызметті көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күні ішінде
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжатжәне өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат(жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
Порталда:
осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшағасәйкес, электрондық құжат нысанындағы өтінім
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі 1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификатты немесе осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіз бойынша дәлелді бас тарту;
2) порталда – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама
«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат 456«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

 

Қызмет стандарты

Қызмет регламенті

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген не дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі өтінім берген тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

2.  Шағым көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналасқан басшының блогына жүгіну арқылы беріледі.

3.  Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға да болады.

4. Қабылданған шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.  Шағым құзыретіне шағымдағы мәселелерді шешу кіретін лауазымды адамның атына беріледі. Шағымда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.   Шағым берген кезде әрекеттеріне немесе әрекетсіздіктеріне шағымданатын лауазымды адамдардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.       Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің лауазымды адамдарынан алуға болады.

5.  Шағымдарды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шағымды қарау мерзімі:

– шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
– қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus