Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растама беру

Астық экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді астық экспорттаушылардың сақтауы туралы растама беру

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

  • Мемлекеттік қызметті Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті,   көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі
  • «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақысыз

Қызметті көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
      2) өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және оның өкілеттігін растайтын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
      порталға:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысандағы өтінім ұсынады

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді сақтауы туралы растама

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011598#z3

 

Қызмет стандарты

Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне,  әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Астана қаласы, Кенесары көшесі 36, 710-кабинет мекенжайы, телефоны: 8 (7172) 55-59-03 бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ Астана қаласы, Кенесары көшесі 36, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-63 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, шағымның берілген күні көрсетіледі және көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

Шағым берген кезде әрекеті немесе әрекетсіздігіне шағым берілетін лауазымды адамдардың лауазымы, тегімен аты-жөні, жүгіну уәждерімен талаптары көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат (шағымды жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелері мен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

2. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.


Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus