Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

  • Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
  • «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақылы

Қызметті көрсету мерзімі

      диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде.
      Диагностикалық зерттеулер немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
      серологиялық зерттеулер бойынша:
      классикалық – бес жұмыс күні ішінде;
      иммундық ферменттік талдау (ИФТ) – жиырма жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына байланысты);
      вирусологиялық зерттеулер – жиырма бес жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдістемелерге байланысты);
      молекулярлы-генетикалық зерттеулер (МГЗ) – жиырма жұмыс күні ішінде (сынамалардың жиналуына байланысты);
      бактериалогиялық зерттеулер бойынша:
      микроскопия – екі жұмыс күн ішінде;
      биологиялық сынама – жетпіс жұмыс күні ішінде (зерттеулер жөніндегі әдәстемелерге байланысты);
      паразитологиялық зерттеулер бойынша – үш жұмыс күні ішінде;
      тамақ өнімдерінің, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау бойынша – сегіз жұмыс күні ішінде;
      тамақ өнімдерін міндетті және қосымша зерттеулер бойынша – бір жұмыс күні ішінде.
      Сынаманы алу және оны зерханаға зерттеуге жолдау – бес жұмыс күні ішінде

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

      мемлекеттік органға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басты куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттілігін растайтын құжат (бірдейлендіру үшін);
      порталға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мемлекеттік орган қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

сараптама актісі (сынақ хаттамасы)

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

«Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011959#z227

 

Қызмет стандарты
Қызмет регламенті

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздіктеріне) шағымданған кезде шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы «Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, сондай-ақ мынадай мекенжайлар бойынша Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының не Министрлік басшысының атына беріледі:

1) Комитетке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 605-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-15, 55-59-45, электрондық мекенжайы: priemnaya.kvkn@minagri.gov.kz;
2) Министрлікке – 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-58-48, 55-57-63.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.  Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің басшысына жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің, Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің, Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.  Электрондық өтінішті портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеті» арқылы қолжетімді болады.

2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.   Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

3. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus