Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Қолдау және қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген стандарттары Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Көрсетілетін қызметті  алушылар

     Жеке және заңды тұлғалар

Өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атаулары және (немесе) «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсету

  • Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
  • www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы

Көрсетілетін қызметтің құны

Ақылы

Қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша үлгілерін әкелуге, әкетуге рұқсат беруге өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
      жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, осы әкетуді жасау туралы ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарт немесе шарт көшірмесі;
      үлгісі құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1, 2, 3-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспортқа рұқсат немесе кері экспортқа сертификат;
      ғылыми ұйым қорытындысының көшірмесі;
      мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін жануарларды, олардың бөлiктерi мен дериваттарын табиғи ортасынан алып қою жағдайында, аң аулауға рұқсатының көшірмесі;
      2) порталға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы үлгілерін әкелуге, әкетуге рұқсат беруге өтініш;
      жеке мақсаттарда әкетуді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, осы әкетуді жасау туралы ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісімшарт немесе шарт электрондық көшірмесі;
      үлгісі құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға 1, 2, 3-қосымшаларға енгізілген жағдайда, экспортқа рұқсат немесе кері экспортқа сертификат электрондық көшірмесі;
      ғылыми ұйымның қорытындысы электрондық көшірмесі;
      ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат электрондық көшірмесі;
      Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін жануарларды, олардың бөлiктерi мен дериваттарын табиғи ортасынан алып қою жағдайында, аң аулауға рұқсатының электрондық көшірмесі

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат

«Электрондық үкіметті» порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу

http://egov.kz/

Актіні ресми түрде жариялау туралы ақпарат

  «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011774#z224

Стандарт услуги
Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus