Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы мәселелері талқыланды

Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы мәселелері талқыланды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Үкімет Үйі,  Астана қ                                                                                               27.06.2016 ж.

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы агроөнеркәсіп кешен өнімдері өндірісінің көлемдерін арттыру және азық-түліктік қауіпсіздік мәселелерін шешу шараларын талқылауға шығарылды.

ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасының  қаражаттарын сүт қабылдау пункттері және отбасылық бордақылау алаңдары құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыруды кредиттеуге бағыттауды ұсынды.

Ол сүт және еттің 70-80% жеке қосалқы шаруашылықтарда өндірілетінін атап өтті, ал қайта өндеуші кәсіпорындар тек 60 % ғана жүктелген. Бұл жеке қосалқы шаруашылықтардан ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және тасымалдауға арналған инфрақұрылымның жоқтығымен байланысты.

Қолданыстағы сүт зауыттарының қуаттылықтарының жүктемелігін қамтамасыз ету үшін 3 жыл ішінде 668 сүт қабылдау пункттерін құру жоспарланған, ол өз алдына жеке қосалқы шаруашылықтардан 380 мың тонна сүтті жинауды және өткізуді қамтамасыз етеді.

Ұсынылған шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 160 мыңнан астам адам жеке қосалқы шаруашылықтардан тұрақты негізде сүт тапсырудан кіріс алумен  қамтылатын болады. Сүт зауыттарының қуаттылықтары  64% дан 84%-ға дейін көбейіп, бұл өз алдына қайта өнделген өнімнің өндірісін 30%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама 2100 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді және  жыл сайын 1 млрд. теңгеден астам салықтық түсімдермен қамтаамсыз етеді.

Екінші өзекті бағыт ретінде отбасылық бордақылау алаңдарын құру ұсынылды. Өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындарға жеңілдетілген жағдайлармен бұқа және азықпен қамтамасыз етуге кредиттеу қарастырылады.

Бағдарлама шеңберінде 100 мың тона сиыр еті өндірілетін 32 мың отбасылық бордақылау алаңдарын ашу жоспарланған. Үш жыл ішінде 65 мыңнан астам үнемі қызмет істеп тұратын жұмыс орындары құрылатын болады. Қайта өндеуші кәсіпорындардың жүктемелігін 61% дан 95% ға дейін жеткізу жоспарланған.

Құрылатын ауыл шаруашылығы кооперативтері қосымша басқа да бағыттармен жұмыстана алады, мысалы жүн және тері дайындау, жеміс-көкөністер дайындау, ара шаруашылығы, отбасылық құс шаруашылығы және тауарлы балық шаруашылығы.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы және «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ қаражаттары тартылатын болады.
Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрімен ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру бойынша облыс әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар берілді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus