Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Астық нарығын реттеу аясында әзірленген заңнама жобасы «Атамекен» ҰКП талқыланды

Астық нарығын реттеу аясында әзірленген заңнама жобасы «Атамекен» ҰКП талқыланды

ПРЕСС-РЕЛИЗ

20.04.2016 ж.                                                                                                             Астана қ.

ҚР Парламент Сенатымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы мақұлданды.

2002 жылғы астық қолхаттары жүйесін енгізу астықтың өркениетті нарығын қалыптастыруға, астықты сатудың тәртібін өзгертуге мүмкіндік берді, және Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық климатты жақсарту үшін алғышарттарын жасады. Мысалы, 2002-2015 жылдар кезеңінде отандық тауар өндірушілер астық қолхаттары бойынша астықты кепілге қою арқылы екінші деңгейлі банктерден 1,5 трлн. теңге сомасына несие қаржыларын алды.

Астық қолхаты жүйесінің қазақстандық үлгісі ТМД елдері, Шығыс Еуропа және Қара теңіз бассейні аумағында, 2004 және 2005 жылдары София қаласында (Болгария) USAID, EБРР, Rabobank International және басқа халықаралық қаржы ұйымдарымен өткізілген халықаралық конференцияларда ең үздік болып танылды.

Бірақ тәжірибе көрсеткендей астық қолхаттарының қолданыстағы жүйесінде нарыққа қатысушылардың астық қолхаттарын бағалы қағаз екеніне сенімдерін төмендететін бір қатар кемшіліктер бар (астық қабылдайтын кәсіпорындарына сақтауға өткізілген астықтың алыс-берістерін билеу, астықтың қолда жоқ көлеміне «әуедегі» астық қолхаттары беру және т.б.).

Заң Астық қолхаттарының айналымын құқықтық реттеуді жетілдіру, бар кемшіліктерін ықшамдау мақсатында астық қолхатын құжатсыз (электронды) нысанда шығаруға өту; астықтың жоқ көлемдеріне астық қол хаттарын шығару фактілеріне жол бермеу мақсатында астық қабылдау кәсіпорындарының техникалық сыйымдылығын шектеу; астық қолхаттарын, оларды ұстаушыларды және астық қолхаттарымен жасалатын мәмілелерді/операцияларды есепке алудың автоматтандырылатын ақпараттық жүйені астық нарығы субъектілерімен жұмыста пайдалану. Бұл ретте тізілімнің деректердің өзектілігін қамтамасыз ету үшін ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланатын болады; астық қолхаттарының мемлекеттік электрондық тізілімінің деректерін өзекті жағдайда ұстау және тізілімді жүргізу кезінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін астық қолхаттарын тіркеушіні Үкіметпен анықтау; астық қабылдау кәсіпорындарын Қаржы есептілігі депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті жариялауға міндетті жалпы мүдделі ұйымдарға жатқызу көзделіп отыр.

Аталған заңнамалық шаралар астық қолхаттары қозғалысының ашықтығын, астық қолхатына қаржы құралы ретінде нарыққа қатысушылардың тарапынан, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерінің тарапынан сенімділікті жоғарлатуды қамтамасыз етуге мүмкіндігін береді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus