Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ-де ЕЭО-тың трансшекаралық нарықтағы монополияға қарсы реттеу мәселелері талқыланды

ҚР АШМ-де ЕЭО-тың трансшекаралық нарықтағы монополияға қарсы реттеу мәселелері талқыланды

IMG_0841ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың трансшекаралық нарықтағы монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша онлайн конференциясы өтті. Шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков, Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша алқа мүшесі (Министр) Н.Ш. Алдабергенов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, агроөнеркәсіптік кәсіпорындары, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның барлық аумақтарының бизнес ассоциациялары қатысты.
Кеңес барысында ЕАЭ-тың трансшекаралық нарығындағы бұзушылық тергеулерін өткізу бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілеттілігі түсініктемесіне арналған бірнеше мәселелер талқыланды. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың күшіне енуіне байланысты, Комиссия трансшекаралық нарықтағы бәсекелестіктің жалпы ережелерін сақтауды бақылау, тергеулер жүргізу, сондай-ақ бұзушылықты тоқтатуға немесе оның салдарын жоюға, соның ішінде айыппұл салуға бағытталған шараларды қабылдау туралы өкілеттілік берілген.
Азық-түлік өнеркәсібі, қосарлас импорт және т.б. трансшекаралық нарықтағы бәсекелестік жағдайының талдау қорытындылары ұсынылды.
ЕАЭО-тың трансшекаралық нарықтағы бәсекелестік ережелерін бұзғаны үшін арыздарды (материалдарды) қарау тәртібі мен жауапкершіліктері түсіндірілді.
ЕАЭО-тың трансшекаралық нарықтағы Қазақстанның агроөнеркәсіптік өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі мәселелері мен жағдайы талқыланды.
ЕАЭО-тың трансшекаралық тауарлық нарығындағы отандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау мақсатында жосықсыз бәсеке, бәсекеге қарсы келісімдер фактілерін әшкерелеу, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы жабдықтары мен техникаларының трансшекаралық нарығындағы үстемдік жағдайымен пайдалану мен тең бәсекелестікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды әзірлейтін Жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www. mgov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus