Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Су кодексі

Су кодексі

Қазақстан Республикасының Су Кодексі

(2015.28.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) мазмұны өзгертілді

Мазмұны

 

1-Бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Негізгі ережелер

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының су заңдары

3-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары мен мiндеттерi

4-бап. Қазақстан Республикасының су қоры

5-бап. Су объектiлерi

6-бап. Су ресурстары

7-бап. Су қорының жерлерi

8-бап. Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы

9-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының принциптерi

10-бап. Қазақстан Республикасының су және өзге де заңдарымен реттелетiн су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастар

 

2-тарау. Су қатынастары объектілері

11-бап. Су қатынастары объектiлерi

12-бап. Жер үстi су объектiлерi

13-бап. Жер асты су объектiлерi

14-бап. Теңiз сулары

15-бап. Трансшекаралық сулар

16-бап. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi

17-бап. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi

18-бап. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi

19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi

19-1-бап. Мемлекеттік орман қорының су объектілері

20-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi

21-бап. Су объектiлерiнiң және су қоры жерлерiнiң айналымдық қабiлетi

 

2-Бөлім. Су объектілерін пайдалану құқығы.Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар

3-тарау. Су объектілерін пайдалану құқығы

22-бап. Су объектiлерiн пайдалану құқығы

23-бап. Су сервитуты

 

4-тарау. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар

24-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы

25-бап. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары

26-бап. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары

27-бап. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары

28-бап. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы

29-бап. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары

30-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқару

31-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттік тiркеу

32-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын меншiктенушiлердiң жауапкершiлiгi

 

3-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу

5-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару

33-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару

34-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқарудың негiзгi принциптерi

35-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқарудың негiзгi мiндеттерi

 

6-тарау. Мемлекеттік органдардың су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды басқару саласындағы құзыреті

36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

37-бап Уәкiлеттi органның құзыретi

37-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті

38-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi

39-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi

39-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреті

 

7-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бассейндік басқару

40-бап. Бассейндiк су шаруашылығы басқармасының мiндеттерi мен функциялары

41-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдарының су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысуы

42-бап. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келісімдер

43-бап. Бассейндiк кеңес

 

8-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік жоспарлау

44-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік жоспарлаудың мiндеттерi

45-бап. Су шаруашылығы баланстары

46-бап. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары

47-бап. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы

 

9-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау мен сараптама

48-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi

49-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

49-1-бап. Алып тасталды

49-2-бап. Алып тасталды

49-3-бап. Алып тасталды

50-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

51-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

52-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi

53-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау

54-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы сараптама

 

10-тарау. Суды ұтымды пайдалануды, қорғауды және оның жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін талаптар

55-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

56-бап. Су объектiлерiне ластаушы заттардың ағызылуын азайту жөніндегі талаптар

57-бап. Экономика салалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын қамтамасыз ету үшiн кешендi су жiберудi негiздеу

 

11-тарау. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік су кадастры, су объектілерінің

мемлекеттік мониторингі. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету

58-бап. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу

59-бап. Мемлекеттік су кадастры

60-бап. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi

61-бап.Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету

 

12-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері және қоғамдық бірлестіктердің қызметі

62-бап. Жеке тұлғалардың су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

63-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi

 

4-Бөлім. Су пайдалану

13-тарау. Су пайдалану құқығы

64-бап. Суды пайдалану құқығының түрлері

65-бап. Ортақ су пайдалану

66-бап. Арнайы су пайдалану

67-бап. Оқшау су пайдалану

68-бап. Бiрлесiп су пайдалану

69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану

70-бап. Су пайдалану мерзiмдерi

71-бап. Су пайдаланушылардың құқықтары

72-бап. Су пайдаланушылардың мiндеттерi

73-бап. Су пайдаланушылардың құқықтарын қорғау

74-бап. Су пайдалану құқығын шектеу

75-бап. Арнайы cу пайдалану құқығын тоқтату

76-бап. Алып тасталды

 

5-Бөлім. Су шаруашылығын ұйымдастыру

14-тарау. Су шаруашылығы ұйымдары

77-бап. Мемлекеттік су шаруашылығы ұйымдары

78-бап. Коммуналдық су шаруашылығы ұйымдары

79-бап. Мемлекеттік емес су шаруашылығы ұйымдары

80-бап. Су шаруашылығы ұйымдарының қызметiне қойылатын талаптар

 

15-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік нормалау

81-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормалау

82-бап. Су пайдалану лимиттерi

83-бап. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк- техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету

84-бап. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерi

85-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттау мен сертификаттау

86-бап. Су алу мен пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптар

87-бап. Ауыз судың сапасын жақсарту жөніндегі талаптар

88-бап. Су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу

89-бап. Жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалану

 

Ерекше бөлік

 

6-Бөлім. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану

16-тарау. Елді мекендерді ауызсумен, техникалық сумен жабдықтау және су бұру

90-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауызсумен жабдықтау үшiн пайдалану

91-бап. Халықты орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау

92-бап. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау

92-1-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрамы

92-2-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері

92-3-бап. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері

92-4-бап. Елді мекендердің су бұру жүйелері

92-5-бап. Халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз ету кепілдіктері

92-6-бап. Ауызсудың сапасын қамтамасыз ету

92-7-бап. Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру саласындағы суды есепке алудың жалпы ережелері

92-8-бап.Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру

92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері

92-10-бап. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері

92-11-бап. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кіретін сумен жабдықтау және су бұру жүйелері

92-12-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелері

92-13-бап. Елді мекеннің сумен жабдықтаудың және су бұрудың иесіз қалған жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері

 

17-тарау. Су объектілерін сауықтыру және рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану

93-бап. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалану

94-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану

 

18-тарау. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану

95-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану

95-1-бап. Жерді гидромелиорациялау

96-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум

97-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумды құру және тоқтату

98-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн тiркеу

99-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың құқықтары

100-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың мiндеттерi

101-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысу ерекшелiктерi

102-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару

 

19-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсіп пен энергетика үшін пайдалану

103-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiп пен жылу энергетикасы үшiн пайдалану

104-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану

 

20-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын көлік, ағаш ағызу және өртке қарсы мұқтаждар үшін пайдалану

105-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын көлiк және ағаш ағызу үшiн пайдалану

106-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану

 

21-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын балық және аңшылық шаруашылықтарын жүргізу үшін пайдалану

107-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн пайдалану

108-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын аңшылық шаруашылығын жүргізу үшiн пайдалану

 

22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану. Өзендер мен каналдарда су қоймалары мен тежеуіш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану

109-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану

110-бап. Су қоймаларын пайдалану

111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану

 

7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы күресу

23-тарау. Су қорғау қызметі

112-бап. Су объектiлерiн қорғау

113-бап. Су объектiлерiн ластанудан қорғау

114-бап. Су объектiлерiн қоқыстанудан қорғау

115-бап. Су объектiлерiн сарқылудан қорғау

116-бап. Су объектiлерiнiң және су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулерi

117-бап. Суларды санитарлық қорғау аймақтары

118-бап. Су объектiлеріндегі төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары

119-бап. Су қорғау белдеулеріндегі жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру және су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау

120-бап. Жер асты су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

 

24-тарау. Шағын су объектілері және оларды қорғау ерекшеліктері

121-бап. Шағын су объектiлерi

122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

 

25-тарау. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою

123-бап. Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөніндегі мiндеттерi

124-бап. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібі

 

26-тарау. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстар жүргізу тәртібі

125-бап. Су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындарды, объектiлердi және басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру шарттары

126-бап. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде жұмыстар жүргiзу

 

8-Бөлім. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегі шаруашылық қызметті құқықтық реттеу ерекшеліктері

27-тарау. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері

127-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлеріндегі шаруашылық қызметтiң құқықтық режимi

128-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

129-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметке қойылатын талаптар

130-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аумағында тыйым салынған қызмет түрлерi

131-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметтi реттеуге мемлекеттiң қатысуы

 

9-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды реттеудің экономикалық тетігі

28-тарау. Су пайдалануды реттеудің экономикалық әдістері

132-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы экономикалық реттеудiң түрлерi

133-бап. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу

134-бап. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу

135-бап. Су шаруашылығын, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк қолдаудың түрлерi және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі инвестициялық саясаттың қағидаттары

135-1-бап. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау

136-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру

 

10-Бөлім. Су даулары және Қазақстан Республикасының Су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

29-тарау. Су дауларын шешу

137-бап. Су даулары

138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару

 

30-тарау. Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

139-бап. Алып тасталды

140-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

 

11-Бөлім. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

31-тарау. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау

141-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары

142-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың принциптерi

143-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi

144-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi

145-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi жөніндегі дауларды реттеу

 

32-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

145-1-бап. Өтпелі ережелер

146-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгізу тәртібі

 

бүкіл мәтін бойынша:

«жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органның», «жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті органмен», «жер қойнауын пайдалану және қорғау жөніндегі уәкілетті орган», »жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті орган», »жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органның», »жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органмен», »жер қойнауын пайдалану мен қорғау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздер тиісінше »жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның», »жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен», »жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган», »жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның», »жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен», »жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға»

 деген сөздермен ауыстырылды;

«Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органымен», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық атқарушы органы», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы», «Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органына» деген сөздер тиісінше «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган», «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға» 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара);

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның», «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органға» «су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органда» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «уәкілетті органмен», « уәкілетті органның», « уәкілетті органға» « уәкілетті органда» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара);

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жануарлар мен өсімдіктер» деген сөздер «өсімдіктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)

 

1-Бөлім. Жалпы ережелер

 

1-тарау. Негізгі ережелер

 

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара);2007.19.12. № 11-IV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді; 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) ағын су – ойпаңды жер бетінде ылдиға құлай аққан судың қозғалысымен сипатталатын су объектісі;

2) акватория – табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) ауызсу – сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауызсу және шаруашылық-ауызсу мұқтаждарына арналған табиғи күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі су;

3) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері – су тұтынушылар үшін ауыз сумен жабдықтаудың олардың ауыстырылуы мүмкін емес және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көздері;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау (бұдан әрі – ауызсумен жабдықтау) – ауызсуды алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы – сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін иеленушілер арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу орны, бұл схемаларда көрсетіледі;

4) басқарудың бассейндік принципі – өзендердің, көлдердің және басқа да су объектілерінің бассейндері шегінде су ресурстарын әкімшілік-аумақтық бірліктер арасында бөлу кезінде іске асырылатын су қорын гидрографиялық белгілер бойынша басқару;

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуiш гидротехникалық құрылыс;

4-2) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына ұйымдарды аттестаттау – заңды тұлғаның бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды орындауға құқықтылығын уәкілетті органның ресми тануы;

4-3) бөгеттің қауіпсіздігі – бөгеттің апаттық бұзылудан қорғалу жай-күйі;

5) гидромелиорациялық жүйе – жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені;

6) гидромелиорациялық кондоминиумге қатысушылар – ортақ үлестік меншік құқығындағы гидромелиорациялық кондоминиумнің құрамына кіретін бір гидромелиорациялық жүйемен немесе оның элементтерімен суарылатын жеке меншік немесе уақытша өтеулі пайдалану құқығында жер учаскесі бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

6-1) гидромелиорациялық іс-шаралар – гидромелиорациялық жүйелер, сондай-ақ жеке орналасқан гидротехникалық құрылыстар көмегімен топырақтың су режимін реттеу;

7) гидротехникалық құрылыстар – су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйесі – су тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз етуге арналған су тарту құрылыстарын, су құбырын тазартқыш құрылыстарды, таза су резервуарларын, су құбырының сорғы стансалары мен желілерін біріктіретін, өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені;

8) жағалау белдеуі – экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған су объектілері жағалауының бойындағы жағалау жиегінен ені жиырма метр құрлық белдеуі;

9) жағалау жиегі – су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі;

10) жер асты суларының бассейні – жер қойнауында орналасқан су тұтқыш жиектер жиынтығы;

11) жер асты суларының көздері мен учаскелері – шегінде жер асты суларын шығару мен алу үшін қолайлы жағдайлары бар су тұтқыш жиектердің бөліктері;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) жер асты шаруашылық-ауыз сулары – өзінің табиғи жай-күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі сапасы бойынша нормативтік талаптарға сай келетін және адамның ауыз суға және шаруашылық қажетіне, не ауыз су өнімдерін өндіруге арналған жерасты сулары;

13) жер үсті су объектілері – шекарасы, көлемі мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша жинақталуы;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13-1) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы – су бұру жүйесіне ағызылатын, су тұтынушының сарқынды суларында болатын зиянды заттардың жол берілетін шамасы;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды

13-2) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

14) қайтарымды сулар – суармалы аумақтардан ағатын жер асты және жер үсті сулары немесе өнеркәсіп орындары, тұрмыстық сумен жабдықтау құрылғылары және коммуналдық кәсіпорындар ағызатын сулар;

15) құбырлы сүзгіш құдық – су тұтқыш тау-кен жынысына оларды сорғыту мақсатымен бекітілетін бірқатар тесіктері бар құбыр кесіндісі;

16) мелиорацияланған жерлер – мелиорациялық (агроорман-мелиорациялық, агротехникалық, гидромелиорациялық, химиялық) іс-шаралар жүргізілген жерлер;

17) минералды жерасты сулары – өзінің құрамы және (немесе) кейбір ерекше компоненттерінің мөлшері бойынша оң бальнеологиялық әсер ететін жерасты сулары;

18) өзендерге теңестірілген каналдар – суды бір бассейннен екіншісіне, сондай-ақ бір өзен жүйесінен екіншісіне ауыстыруға арналған жасанды құрылыстар;

19) өндірістік-техникалық жерасты сулары – өзінің сапасы мен физикалық қасиеттері бойынша өндірістік-техникалық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты сулары;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды

19-1) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – тараптардың келісімімен белгіленетін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін міндеттер (оларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде, пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланстық тиесілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;

20) санитарлық қорғау аймағы – су сапасы нашарлауының алдын алу үшін сумен жабдықтау көзін (ашық және жер асты), су құбыры құрылыстарын және оларды қоршаған аумақты қорғау мақсатында белгіленген режим сақталуға тиіс сумен жабдықтау көзі мен су құбыры құрылыстарының төңірегінде арнайы бөлінетін аумақ;

21) сарқынды сулар – адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе жер бедеріне ағызып жіберілетін ластанған аумақтағы сулар;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды

21-1) сарқынды суларды тазартқыш құрылыстар кешендері – сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілерін қоса алғанда, химиялық реагенттерді қолданып немесе қолданбай, елді мекендердің сарқынды суларын механикалық және биологиялық тазарту құрылыстары;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды

21-2) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілері – жинағыш тоғандар, буландырғыш тоғандар, биологиялық тоғандар, сүзгі алқаптары, суару алқаптары;

22) суару каналы – суару көздерінен суаруды қажет ететін учаскелерге су тасымалдауға арналған жасанды құрылыс;

23) су бұру – сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды

23-1) су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстары – су тұтынушының өзінің сарқынды суларын тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;

24) су бұру жүйесі – сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға бағытталған инженерлік желілер мен құрылыстардың кешені;

25) су бөлу орны – су пайдаланушы су көзінен су алатын орын, сондай-ақ, су пайдаланушы су тұтынушыға су ресурстарын беретін орындағы гидробекет;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 25-1) тармақшамен толықтырылды

25-1) суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген, судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 25-2) тармақшамен толықтырылды

25-2) суды коммерциялық есепке алу – сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға арналған шарт бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті су көлемін есепке алу;

26) су жинау алаңы – шекарасы шегінде су объектісінің су ресурстары қалыптастырылатын аумақ;

27) су жіберу – ағын судың төменгі учаскесіндегі су шығынын немесе деңгейін немесе су қоймасының өзіндегі судың деңгейін реттеу үшін су қоймасынан суды кезең-кезеңмен немесе мезгілдеп беру;

28) су қорғау аймағы – судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметінің арнайы режимі белгіленетін су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарына іргелес аумақ;

29) су қорғау белдеуі – шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленетін, су объектісіне іргелес жатқан су қорғау аймағы шегіндегі ені кемінде отыз бес метр аумақ;

30) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) елді мекендер шегінен тыс жерлерде – су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

31) су қорының жерлері:

су объектілері (өзендер және соларға теңестірілген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа да ішкі су айдындары, аумақтық сулар, мұздықтар, батпақтар) және су көздеріндегі ағысты реттеуге арналған су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жерлер;

су объектілерінің су қорғау белдеулеріне бөлініп берілген жерлер;

ауыз сумен жабдықтаудың су тарту жүйелерінің санитарлық қорғау аймақтарына бөлініп берілген жерлер;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды

31-1) су құбырын енгізу – қосылу нүктесіндегі бекіту арматурасы бар құдықты қоса алғанда, сумен жабдықтаудың тарату желісінен ғимараттағы бірінші ысырмаға дейінгі құбыржол;

32) сулар – су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы;

33) сулардың зиянды әсері – су тасу, су басу, топан су басу мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына немесе олардың пайда болуы қатеріне негіз болған сулардың өзге де теріс әсер етуі;

34) сулы-батпақты алқап – батпақты, фенді, шымтезекті пайдаланатын жерлер ауданы немесе тереңдігі судың қайтуы кезінде алты метрден аспайтын теңіз акваторияларын қоса алғанда, табиғи немесе жасанды, тұрақты немесе уақытша, ағынсыз немесе ағынды, тұщы, тұздылау немесе тұзды су қоймалары;

35) сумен жабдықтау – суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;

36) сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелері – басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы бар және Қазақстан Республикасының Yкіметі сумен жабдықтаудың ерекше маңызды жүйелерінің санаттарына жатқызған ауыз сумен жабдықтаудың топтық және оқшау жүйелері;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды

36-1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым – елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;

37) сумен жабдықтау жүйесі – суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;

38) cу объектілерін қорғау – су объектілерін сақтауға, қалпына келтіруге және ұдайы молайтуға, сондай-ақ судың зиянды әсеріне жол бермеуге бағытталған қызмет;

39) су объектілерін пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың материалдық немесе өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су объектілерінің пайдалы табиғи қасиеттерін алу;

40) су объектісінің бассейні – гидравликалық жағынан байланысты су айдындары мен ағын сулардың су жинау алаңдарын қамтитын аумақ;

41) су пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану;

42) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;

43) су режимі – су объектілері мен топырақ қабатындағы су деңгейінің, шығыстары мен көлемінің уақытқа қарай өзгеруі;

44) су сервитуты – су объектісін шектеулі пайдалану құқығы;

45) су тарту құрылысы – су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені;

46) су торабы – бір тұстамада орналасқан әртүрлі мақсаттағы технологиялық байланысқан гидротехникалық құрылыстар тобы;

47) су тұтынушы – су объектілерінен су тұтынушы немесе су шаруашылығы ұйымдарының қызметтерін пайдаланушы және сумен жабдықтау жүйелерінен су алушы жеке немесе заңды тұлға;

48) су үнемдеу – су ресурстарының ұтымды және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;

49) су шаруашылығы – су объектілерін пайдалануға, қорғауға және ұдайы молайтуға байланысты экономика саласы;

50) су шаруашылығы жүйесі – өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені;

51) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі – су шаруашылығы жүйелері, құрылыстары элементтерінің адамдардың өмірін, денсаулығын және заңды мүдделерін, қоршаған табиғи орта мен шаруашылық объектілерін қорғауды қамтамасыз ететін өзіндік ерекшеліктері;

52) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары авариялары туындауының алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;

53) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің өлшемдері – су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары аварияларының туындау қатерінің жол берілетін деңгейіне сәйкес келетін су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары жай-күйінің техникалық көрсеткіштерінің және оларды пайдалану шарттарының шекті мәні;

54) су шаруашылығы құрылыстары – су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын реттеу, сумен жабдықтау, су бұру және судың зиянды әсерін жою мақсатында жасанды түрде құрылған гидротехникалық құрылыстар мен қондырғылар;

55) су шаруашылығы ұйымдары – қызметі суларды реттеумен, жеткізумен, ұдайы молайтумен, сумен жабдықтаумен, су бұрумен және су объектілерін пайдаланумен байланысты заңды тұлғалар;

56) тау-кен жыныстарының су тұтқыш аймақтары, жиектері мен кешендері – тау-кен жыныстарының жарықтары мен кеуек қуыстарында жинақталған және гидравликалық байланыстағы сулар;

57) трансшекаралық әсер – табиғи көзі шектес мемлекеттің немесе көршілес мемлекеттердің аумағында толық немесе ішінара орналасқан трансшекаралық сулардың адамның қызметінен туындайтын сандық немесе сапалық жағынан өзгеруі нәтижесінде пайда болатын зиянды зардаптар;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды

57-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым – қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға және дамытуға бағытталған, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;

58) тұстама – су торабының құрылыстары орналасқан өзен учаскесі;

59) шахта құдығы – сумен жабдықтау, тау-кен жыныстарын құрғату және жер бетінен атмосфералық және жер үсті суларын бұру мақсатында жерасты суларын алу үшін құрылған тереңдігі көлденең кесігінен үлкенірек тік тау-кен қазындысы;

60) шегендеу құрылысы – табиғи жолмен шығып жатқан жерасты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетіне шығарылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының су заңдары

1. Қазақстан Республикасының су заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

 

3-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары мен мiндеттерi

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн су пайдалану мен су қорын қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткізу және қолдау болып табылады.

2. Қазақстан Республикасы су заңдарының мiндеттерi:

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) су қатынастарын, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастарды реттеу;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды қолдау мен дамытудың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) су қорын пайдаланудың және қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын айқындау;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5) су ресурстарын зерттеу, барлау, ұтымды және кешенді пайдалану мен қорғау, гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстары саласындағы қатынастарды басқару;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен тармақ 6) тармақшамен толықтырылды

6) жерді гидромелиорациялауды дамыту бағыттарын айқындау;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен тармақ 7) тармақшамен толықтырылды

7) халықты және шаруашылық объектілерін су шаруашылығы құрылыстарындағы төтенше жағдайлардан және олардың зардаптарынан қорғау.

 

4-бап. Қазақстан Республикасының су қоры

Қазақстан Республикасының су қоры Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі мемлекеттік су кадастрына енгiзiлген немесе енгiзiлуге тиiс барлық су объектiлерiнiң жиынтығын қамтиды.

 

5-бап. Су объектiлерi

Шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлеріндегі және жер қойнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының су объектiлерiне жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi.

 

6-бап. Су ресурстары

Қазақстан Республикасының су ресурстары су объектiлерiнде жиналған, пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн жер үстi және жер асты суларының қорлары болып табылады.

 

7-бап. Су қорының жерлерi

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Су қорының жері мемлекет меншігінде болады.

2. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (суару және сорғыту жүйелерi) орналасқан су қорының құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ бiр шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жер учаскесiне қызмет көрсететiн ирригациялық құрылғылар, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, азаматтардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған екi немесе одан көп жер учаскелерiн меншiктенушiлерге немесе жер пайдаланушыларға қызмет көрсететiн жер учаскелерi оларға ортақ меншiк немесе жалпы жер пайдалану құқығымен табысталады.

4. Су қорының жерiн меншiкке немесе жер пайдалануға беру тәртібі Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiмен реттеледi.

 

8-бап. Қазақстан Республикасының су қорына меншiк құқығы

1. Қазақстан Республикасының су қоры айрықша мемлекеттік меншiкте болады.

2. Су қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын Қазақстан Республикасының Yкіметі жүзеге асырады.

3. Су объектiлерiне мемлекеттік меншiк құқығын бұзған жеке және заңды тұлғалардың iс-әрекеттерiнiң күшi болмайды және ол Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

 

9-бап. Қазақстан Республикасы су заңдарының принциптерi

Қазақстан Республикасының су заңдары мынадай принциптерге негiзделедi:

1) халықтың өмiрi мен қызметiнiң негiзi болып табылатын сулардың мемлекеттік маңызын мойындау;

2) халықты ауыз судың қажеттi мөлшерiмен және кепiлдi сапасымен бiрiншi кезекте қамтамасыз ету;

3) халықтың суға әдiл және теңдей қол жеткізуi;

4) су алуды азайтуға және судың зиянды әсерiн кемiтуге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы технологияларды игерiп, кешендi және ұтымды су пайдалану;

5) су объектiлерiн оларды қорғаумен қоса кешендi пайдалану;

6) арнайы су пайдаланудың ақылылығы;

7) Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзудан келтiрiлген залалды өтеу;

8) Қазақстан Республикасының cу заңдарын бұзғандық үшiн жауапкершiлiктiң бұлтартпастығы;

9) су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мiндеттердi шешудегi жариялылық және оларға жұртшылықты тарту;

10) Қазақстан Республикасы су қорының жай-күйi туралы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

11) халықаралық нормалар мен Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 12) және 13) тармақшалармен толықтырылды

12) жобалау және құрылыс кезінде сумен жабдықтаудың және су бұрудың ажырамастығы мен өзара байланыстылығы;

13) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерінің ақылы болуы.

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

10-бап. Қазақстан Республикасының су және өзге де заңдарымен реттелетiн су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қатынастар

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қазақстан Республикасының су заңнамасы су қорын пайдалану мен қорғау, су қорын және су шаруашылығы жүйелерiн басқару, сумен жабдықтау және су бұру, бөгеттердің қауіпсіздігі, гидромелиорациялық жұмыстарды жүргiзу саласындағы қатынастарды және өзге де су қатынастарын реттейдi.

2. Су объектiлерiн пайдалану мен қорғау кезiнде туындайтын жерге, орманға, өсiмдiк пен жануарлар дүниесiне қатысты қатынастар арнайы заңдармен және осы Кодекспен реттеледi.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Су объектiлерiнiң экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен табиғи су экологиялық жүйелерiне шаруашылық және өзге де қызметтiң зиянды әсерiн болғызбау кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасымен және Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңнамасымен, сондай-ақ осы Кодекспен реттеледi.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4. Жep қойнауын геологиялық зерттеу, барлау және кешендi игеру, жерасты сулары мен жерасты құрылыстарын судың зиянды әсерiнен қорғау саласында туындайтын қатынастар жер қойнауы режимiне бағындырылады және осы Кодекстiң 66-бабының 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласындағы, азаматтық қорғау туралы тиiстi заңнамасымен реттеледi.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5. Бөгеттердің қауіпсіздігіне байланысты мәселелерді қоспағанда, су объектiлерiндегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасымен реттеледi.

6. Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу саласында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының су көлiгi саласындағы заңдарымен реттеледi.

7. Теңiз суларын пайдалану саласындағы қатынастар осы Кодекспен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.

8. Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауға байланысты қатынастар осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының заңдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен реттеледi.

 

2-тарау. Су қатынастары объектілері

 

11-бап. Су қатынастары объектiлерi

1. Су объектiлерi, су шаруашылығы құрылыстары және су қорының жерлерi су қатынастарының объектiлерi болып табылады.

2. Су объектiлерi:

1) жер үстi су объектiлерi;

2) жер асты су объектiлерi;

3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары;

4) трансшекаралық сулар болып бөлiнедi.

3. Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi:

1) ортақ пайдаланудағы су объектiлерi;

2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi;

3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) мемлекеттік орман қорының су объектілері болып бөлінеді.

 

12-бап. Жер үстi су объектiлерi

1. Жер үстi су объектiлерi:

1) су айдындары – өзендер және соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар және басқа iшкi су айдындары, аумақтық сулар;

2) мұздықтар, батпақтар болып бөлiнедi.

2. Жер үстi су объектiлерi жер үстi суларынан, олардың түбiнен және жағалауынан тұрады.

 

13-бап. Жер асты су объектiлерi

Жер асты су объектiлерiне мыналар жатады:

1) су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының жиектерi мен кешендерi;

2) жер асты суларының бассейнi;

3) жер асты сулары орындары мен учаскелерi;

4) жер асты суларының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы;

5) жер қойнауының суландырылған учаскелерi.

 

14-бап. Теңiз сулары

1. Қазақстан Республикасының теңiз суларына, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы шегіндегі Каспий және Арал теңiздерiнiң сулары жатады.

2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

 

15-бап. Трансшекаралық сулар

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын белгiлейтiн және (немесе) қиып өтетiн жер үстi және жер асты сулары трансшекаралық сулар болып табылады.

2. Трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғау тәртібі осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы заңдарымен және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен белгiленедi.

 

16-бап. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерi

1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, барлық су объектiлерi ортақ пайдаланудағы объектiлер болып табылады.

2. Су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн пайдалануды шектеуге жол берiледi.

 

17-бап. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектілерi

1. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара бiрлесiп пайдалануға берiлген су объектiлерi бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.

2. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланған кезде ағын судың төменгi жағында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi бiрiншi кезекте қанағаттандырылады.

3. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiн пайдаланатын су пайдаланушылар өзара мүдделерді ескеруге, су пайдалану құқығын жүзеге асыруды қиындатпауға және бiр-бiрiне зиян келтiрмеуге мiндеттi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Бiрлесiп пайдалану үшiн су объектiлерiн облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бередi.

5. Бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерiнде ортақ су пайдалану осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

 

18-бап. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi

1. Жеке немесе заңды тұлғаларға толық немесе iшiнара оқшау пайдалануға берiлген су объектiлерi оқшау пайдаланудағы су объектiлерi болып табылады.

2. Оқшау пайдаланудағы су объектiлерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен ортақ пайдаланудағы су объектiлерi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.

 

19-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi

Ерекше қорғалатын су объектiлерiн құру тәртібі, қорғау және пайдалану режимi, сондай-ақ оларда қызмет ету жағдайлары Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарымен белгiленедi.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды

19-1-бап. Мемлекеттік орман қорының су объектілері

1. Мемлекеттік орман қорының су объектілерін құру тәртібі, күзету режимі, сондай-ақ олардағы қызмет шарттары Қазақстан Республикасының су және орман заңнамасында белгіленеді.

2. Су объектілеріне іргелес мемлекеттік орман қоры аумақтарын күзету режимі Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес су объектілерін санитариялық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде сақтап тұруды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болдырмау үшін белгіленеді.

3. Мемлекеттік орман қорының су объектілерін пайдалануға беру осы Кодеске сәйкес жүзеге асырылады.

 

20-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi

1. Қоршаған орта мен аймақ экономикасына басым ықпал ететiн және шаруашылық қызметтi реттеудiң ерекше құқықтық режимiн талап ететiн жаратылысы табиғи су объектiлерi ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi деп танылады.

2. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiнiң тiзбесiн және олардағы шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiнiң ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

21-бап. Су объектiлерiнiң және су қоры жерлерiнiң айналымдық қабiлетi

Осы Кодекстiң 7-бабының 2-тармағында аталған жерлердi қоспағанда, су объектiлерiнiң, су қоры жерлерiнiң айналымына, сондай-ақ олар орналасқан су объектiлерi мен жерлердiң иелiктен шығарылуына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болатын сатып алуға, сатуға, кепiлге беруге және басқа да мәмiлелер жасасуға жол берiлмейдi.

 

2-Бөлім. Су объектілерін пайдалану құқығы.

Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар

 

3-тарау. Су объектілерін пайдалану құқығы

 

22-бап. Су объектiлерiн пайдалану құқығы

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жеке және заңды тұлғаларға cу объектілерін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген арнайы, оқшау немесе бірлесіп пайдалану тәртібімен беріледі.

2. Жеке және заңды тұлғаларға су объектiлерi:

1) қысқа мерзiмдi пайдалану;

2) ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады.

3. Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге, ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiнгi мерзiмге табысталады.

4. Су объектiлерi пайдалануына берiлген жеке және заңды тұлғалар су объектiлерiн пайдалану құқығына билiк ете алмайды.

 

23-бап. Су сервитуты

1. Су объектiлерiне су сервитуты қауымдық және жеке су сервитуттары нысандарында болады.

2. Ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн әркiм пайдалана алады, бұл жағдайда қауымдық су сервитуты су объектiсiн пайдалану құқығының ажырамас бөлiгi болып табылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Ортақ пайдаланудағы су объектiсi болып табылмайтын су объектiсiне қауымдық су сервитуты Қазақстан Республикасы заңдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы актiсiнiң немесе оны пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлғалардың су объектісiн пайдалану тәртібін жариялауы негiзiнде туындауы мүмкiн.

4. Су объектiсiн ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы өзге де мүдделi тұлғалардың пайдасына (жеке су сервитуты) шектелуi мүмкiн.

5. Жеке су сервитуты қауымдық су сервитуты сияқты негіздерде белгiленедi, сондай-ақ сот шешiмiнiң негiзiнде де белгiленуi мүмкiн.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Қауымдық және жеке су сервитуттары:

1) құрылыстарды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу;

2) суат және мал айдау, балық шаруашылығын жүргізу;

3) су объектiлерiн сал, қайық және басқа да шағын көлемдi кемелер үшiн су жолдары ретiнде пайдалану мақсаттарында белгiленуi мүмкiн.

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

7. Су сервитуттарын жүзеге асыру үшiн арнайы су пайдалануға рұқсат алу талап етiлмейдi.

 

4-тарау. Су шаруашылығы құрылыстарына меншік құқығы және өзге де құқықтар

 

24-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына меншiк құқығы

1. Су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік не жеке меншiкте болуы мүмкiн.

2. Жеке меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға, иемденуге және оларға билiк етуге байланысты қатынастар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.

 

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 25-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

25-бап. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын қоспағанда, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк меншiкте болады және жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлмейді және иеліктен шығарылуға жатпайды.

2. Қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, су құбырын тазартқыш құрылыстар мемлекеттік меншікте болады, иеліктен шығарылуға жатпайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.

3. Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

 

26-бап. Республикалық меншiктегі су шаруашылығы құрылыстары

Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік су шаруашылығы ұйымдарына бекітілiп берiледi.

Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының тiзбесiн уәкiлеттi органның, сондай-ақ жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға берiлуi және жекешелендiрiлуi мүмкiн.

 

2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

27-бап. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары

1. Коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiледi және ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi мүмкiн.

2. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары, атап айтқанда, қалаларды сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін, коммуналдық меншіктегі су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, су құбырын тазартқыш құрылыстар мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарға бекiтiлiп берiледi, иеліктен шығарылуға жатпайды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.

 

28-бап. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерiне меншiк құқығы

1. Ауыз сумен жабдықтау жүйелерi республикалық, коммуналдық меншiкте, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн.

2. Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.

Коммуналдық меншiктегi ауыз сумен жабдықтау жүйелерiн пайдалануды мемлекеттік және өзге де ұйымдар жүзеге асырады.

3. Ауыз сумен жабдықтаудың жекелеген жүйелерi тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кiруi мүмкiн.

 

29-бап. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары

1. Ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары мемлекеттік немесе жеке меншiкте болуы мүмкiн.

2. Мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы су пайдаланушыларына қызмет көрсетуге арналған су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша осы құрылыстарға қызмет көрсететiн су пайдаланушыларға немесе олардың бiрлестiктерiне жалға, сенiмгерлiк басқаруға, өтеусiз пайдалануға берiлуi, сондай-ақ сатылуы немесе өтеусiз берiлуi мүмкiн.

 

30-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқару

1. Ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне, азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және республиканың немесе аймақтың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар жекелеген су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша осы құрылыстарға қатысты уақытша мемлекеттік басқаруды енгізуi мүмкiн.

2. Осы баптың 1-тармағында аталған су шаруашылығы құрылыстарын уақытша мемлекеттік басқаруды енгізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.

 

2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

31-бап. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттік тiркеу

1. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтар Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеу туралы заңдарына сәйкес мiндеттi түрде мемлекеттік тiркелуге тиiс.

2. Су шаруашылығы құрылыстарына құқықтарды мемлекеттік тiркеу құрылысқа уәкілетті орган белгiлеген нысандағы паспорты болған жағдайда жүргiзiледi.

 

 

2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-бап өзгертілді; 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

32-бап. Су шаруашылығы құрылыстары меншiк иелерінің жауапкершiлiгi

1. Су шаруашылығы құрылыстарының меншiк иелері су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимінің, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуы үшiн жауапты болады.

2. Меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.»;

 

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3-бөлімнің тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

3-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру

саласындағы мемлекеттік реттеу

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

5-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру

саласындағы мемлекеттік басқару

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 33-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

33-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметі, уәкілетті орган, коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган, Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады.

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бөлiнедi:

1) мемлекетаралық;

2) мемлекеттік;

3) бассейндiк;

4) аумақтық.

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттiк органдар су қорын ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыруға азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердi тартуы мүмкін.

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

34-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқарудың негiзгi принциптерi

Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқару:

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылау;

2) тұрақты су пайдалану – суды ұқыпты, ұтымды және кешендi пайдалану мен қорғауды ұштастыру;

3) су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сақтау;

4) бассейндiк басқару;

5) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен басқару функцияларын және су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптерiне негiзделедi.

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

35-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқарудың негiзгi мiндеттерi

Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік басқарудың негiзгi мiндеттерi:

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) экономика салаларын сумен қамтамасыз етудi, елді мекендерді сумен жабдықтаудың және су бұрудың жай-күйін талдау және бағалау, кемшiлiктердi анықтау және оларды жою жөніндегі шараларды айқындау;

2) су ресурстарының қолда бар көлемiн, олардың сапасын және оларды пайдалану құқықтарының болуын айқындау;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) сумен жабдықтау, су бұру және су қорғау саласындағы технологияларды жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

4) қолда бар су ресурстарының көлемiн ұлғайту және су тапшылығын жабу үшiн оларды ұтымды қайта бөлу жөніндегі iс-шаралардың болжамы және оларды ұйымдастыру;

5) жылдың сулылығына қарай суға қажеттiлiктi қанағаттандыру басымдығы бойынша су ресурстарын бөлiп су пайдалану құрылымын белгiлеу;

6) ғылыми негiзделген нормативтер негiзiнде су пайдалану мен қайтарымды суларды ағызуды лимиттеу;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

7) экологиялық талаптарды жоспарлау және сақтау;

8) су объектiлерiнiң сандық және сапалық жай-күйi мен су пайдалану режимiн бақылау;

9) мемлекеттік меншiктегi су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын тиiмдi басқару;

10) су шаруашылығы қызметтерiн көрсету рыногын дамыту;

11) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласында шекаралас мемлекеттермен бiрлесiп басқару.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бап 12) тармақшамен толықтырылды

12) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бап 13) тармақшамен толықтырылды

13) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бап 14) тармақшамен толықтырылды

14) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының жай-күйін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылау;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 15), 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылды

15) сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құқықтық қатынастарға қатысушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;

16) су тұтынушылардың және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың құқықтарының, міндеттері мен мүдделерінің теңгерімділігі;

17) энергия үнемдеу және су үнемдеу технологияларын енгізу және басымдықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;

18) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауды және дамытуды, сумен жабдықтау және су бұру саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді, жобалауды мемлекеттік қолдау.

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

6-тарау. Мемлекеттік органдардың су қорын пайдалану мен

қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды басқару саласындағы құзыреті

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 36-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 36-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

Қазақстан Республикасының Yкіметі:

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;

1-1) – 1-2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) республикалық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастырады;

3) – 9) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

10) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

11) республика облыстарының арасындағы су қатынастарын реттеу ережелерiн бекiтедi;

12) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.

12-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

13) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15) 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

15-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16) – 20) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 19-1), 19-2) және 19-3) тармақшалармен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

19-1) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекітеді;

19-2) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды бекітеді;

19-3) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды

20-1) арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын бекітеді;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 20-2) тармақшамен толықтырылды

20-2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды айқындайды;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

21) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

37-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

1. Уәкілетті орган:

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) өз құзыреті шегінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) негiзгi өзендердiң бассейндерi мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектiлерi бойынша су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлейдi;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен тармақ 3-1) – 3-4) тармақшалармен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3-1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің критерийлерін әзірлейді және бекітеді;

3-2), 3-3) 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3-4) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4-1) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4-2) тармақшамен толықтырылды

4-2) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) ортақ су пайдаланудың үлгiлік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

5-1) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-1) арнайы су пайдалануға рұқсат алуға өтініштің нысанын және арнайы су пайдалануға рұқсаттың нысанын әзірлейді;

ҚР 2006.10.01 № 116-III Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

7) бассейндер және облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде су пайдалану лимиттерiн бекiтедi;

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгіленген жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер есебінің әдістемесін бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-2) – 7-10) тармақшалармен толықтырылды

7-2) су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн айқындайды;

7-3) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;

7-4) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде берудің тәртібін айқындайды;

7-5) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды келiсу, орналастыру және пайдалануға беру тәртiбiн, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын әзірлейді және бекітеді;

7-6) аумақтық суларда (теңізде) жүзу және шаруашылық, зерттеу, іздестіру және кәсіпшілік жұмыстарын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

7-7) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

7-8) судың бастапқы есебінің қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

7-9) сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің тiзбесiн әзірлейді және бекiтедi;

7-10) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн айқындайды;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

8) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

10) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

11) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды, суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзуді жүзеге асырады;

12) су объектiлерi деректерiнiң ақпараттық базасын құрады және оған барлық мүдделi адамдардың қол жеткізуiн қамтамасыз етедi;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13) су объектiлерiн және ауыз сумен жабдықтау көздерiн пайдалану режимiн бекітеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

13-1) тiкелей су объектiлерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану қағидаларын әзірлейді;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді

14) елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, iзденiс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;

15) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16) республикалық меншiктегi су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;

17) Қазақстан Республикасының су заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;

18) су шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды дайындайды және iске асырады;

19) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

20) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзiрлеуге қатысады;

21) су қатынастарын реттеу, трансшекаралық су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шектес мемлекеттермен ынтымақтастық жасауды жүзеге асырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

22) су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

23) су шаруашылығы баланстарын әзiрлейдi;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)

24) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

25) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен тармақ 26) тармақшамен толықтырылды

26) су шаруашылығы ұйымдарының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен тармақ 27) тармақшамен толықтырылды

27) гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарының паспорттарын жүргізу тәртібін, сондай-ақ паспорт нысанын белгілейді.

28) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 28-1), 28-2), 28-3) және 28-4) тармақшалармен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

28-1) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталатын ұйымдарға қойылатын талаптарды әзірлейді;

28-2) ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;

28-3) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді;

28-4) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 39) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

29) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.

 

2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен 37-1-баппен толықтырылды

37-1-бап. Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган:

1) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) елді мекендер шегінде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

2) өз құзыреті шегінде нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді;

3) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

4) елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласында жобалау, іздестіру, қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) – 8) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;

6) елді мекендердің су бұру жүйелеріне ағынды суларды қабылдау қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;

7) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

8) есепке алу аспаптары жоқ су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық көрсетілетін қызметтерін тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8-1) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды

8-2) қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру тәртiбiн әзiрлейдi және бекітеді;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 8-3), 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылды

8-3) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

8-4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

8-5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

8-6) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды жүзеге асырады;

9) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 38-бап өзгертілді

38-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары:

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) үлгi ережелердiң негiзiнде аймақтық жағдайлардың ерекшелiктерiн ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерiн белгiлейдi;

2) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға беру және алып қою тәртібін белгiлейдi;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

5) жер үстi көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын бекiтеді;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 39-бап өзгертілді

39-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыретi

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары:

1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бап 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды

1-2) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бап 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілейді;

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға береді;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда

4) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолданады;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда

5) су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

6) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындармен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiседi;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бап 7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен бап 7-2) тармақшамен толықтырылды

7-2) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

8) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9-тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

9) жер үстi көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейді.

ҚР 2006.10.01 № 116-III Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

10) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;

ҚР 2006.10.01 № 116-III Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi)

11) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөледі;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 39-1-баппен толықтырылды

39-1-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреті

Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағы шегінде орналасқан су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен конкурстық негізде береді.

 

 

7-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бассейндік басқару

 

40-бап. Бассейндiк су шаруашылығы басқармасының мiндеттерi мен функциялары

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Бассейндiк су шаруашылығы басқармалары (бұдан әрi бассейндiк басқармалар) – уәкiлеттi органның облыстарда бөлiмдерi бар, су қорын пайдалану және күзету саласындағы өңiрлiк органдары (екi және одан да көп облыстардың аумақтарында олардың қызметi жүзеге асырылады және оның өкiлеттiктерi қолданылады), олардың негiзгi мiндетi тиiстi бассейн аумағында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру болып табылады.

2. Бассейндiк басқармалар мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) бассейндiк принцип негiзiнде гидрографиялық бассейннiң су ресурстарын кешендi басқару;

2) оң экономикалық әсерге, орынды, әдiл және экологиялық жағынан тұрақты су пайдалануға қол жеткізу мақсатында су қатынастары субъектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану жөніндегі қызметiн үйлестiру;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) тиiстi бассейн шегiнде су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келiсiмдерді дайындау және iске асыру;

 4) су қорын пайдалану мен қорғауға, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңдарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп бассейндер бойынша мемлекеттік есепке алуды, мемлекеттік су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингін жүргізу;

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) осы Кодексте белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру, оны ұзарту және қайта ресімдеу, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтату;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) салық органына ұсынғанға дейін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растау;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді

7) мыналарды:

тиiстi бассейннiң су объектiлерiн ұтымды пайдалану жөніндегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының жоспарларын;

судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындардың және басқа да құрылыстардың құрылыс орнын айқындау жөніндегі ұсыныстарды;

судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды салу мен реконструкциялаудың жобалау алдындағы құжаттамасы жобаларын;

су объектiлерiнде, су қорғау белдеулерi мен аймақтарында құрылыс, түбiн тереңдету, пайдалы қазбалар, су өсiмдiктерiн өндiру жөніндегі жарылыс жұмыстарын, кабельдер, труба құбырларын және басқа да коммуникацияларды төсеу, ағаш кесу, сондай-ақ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және басқа да жұмыстарды жүргiзу туралы құжаттарды;

су пайдаланушылардың су объектiлерiн сақтау, олардың жай-күйiн жақсарту жөніндегі iс-шаралар жоспарларын келiсу;

8) судың жай-күйiне әсер ететiн өндiрiстiк, ауыл шаруашылық және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесiнде туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысу;

9) су пайдаланушылар деңгейiнде және тиiстi бассейн бойынша су пайдалану лимиттерiн айқындау;

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

10) жер асты суларының қорларын бекітуге қатысу;

11) бiрлесiп пайдаланылатын су қоймаларының салааралық, облысаралық және мемлекетаралық маңызы бар iрi су қоймаларының жұмыс режимiн бақылауды жүзеге асыру;

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) оқшау немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін пайдаланған кезде жеке және заңды тұлғалардың белгіленген су сервитуттарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

12) облысаралық, аймақаралық, мемлекетаралық су объектiлерi бойынша су алу мен су бөлу жоспарларын әзiрлеу және олардың сақталуын бақылау;

13) тиiстi бассейн суларын кешендi пайдалану мен қорғау схемасын, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiн келiсу;

14) тиiстi бассейн бойынша су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге қатысу;

15) cу объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келiсу;

 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

16) судың жай-күйiне әсер ететiн, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында белгiленген нормалар мен ережелердi бұзып жүзеге асыратын су шаруашылығы объектiлерi мен өзге де объектiлердi қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен талаптар қою;

17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлiлердi жауапкершiлiкке тарту үшiн Қазақстан Республикасы су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру;

18) Қазақстан Республикасының су заңдары бұзылған жағдайда мемлекетке келтiрiлген залалды өтеу туралы сотқа талап-арыз беру;

19) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiнде жүргiзiлiп жатқан жұмыс туралы, судың жай-күйi мен сапасын жақсарту жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 20) тармақша өзгертілді

20) су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру мәселелерi бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасау;

21) су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау iсiнде халық арасында ағарту және тәрбие жұмыстарын жүргiзу;

22) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 23) тармақшамен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

23) арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың суды алу немесе ағызу құрылыстарында немесе құрылғыларында орнатылатын суды есепке алу аспаптарын пломбалау және тіркеу.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен тармақ 24) тармақшамен толықтырылды

24) бассейндік кеңестің жұмысын ұйымдастыру, бассейндік кеңестің мүшелерімен бассейн аумағындағы су қорын пайдалану және қорғау мәселелері бойынша консультациялар өткізу, бассейндік кеңес дайындаған ұсынымдарды талдау, оларды іске асыру жөнінде шаралар қабылдау, бассейндік кеңестің ұсынымдарын мүдделі мемлекеттік органдар мен су пайдаланушыларға жеткізу.

 

41-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдарының су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруға қатысуы

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган аумақтық органдарының су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн iске асыруда:

1) жасалған су шаруашылығы баланстары, тиiстi бассейннiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары негiзiнде су объектiлерiн ұтымды пайдалану мен қорғау жоспарларын келiсуге;

2) уәкілетті органмен бiрлесiп тиiстi бассейннiң су объектiлерiнiң мониторингiн жүргiзуге;

3) өз құзыретi шегiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) бассейндiк келісімдер әзiрлеуге және ведомстволық бағыныстағы аумақтарда олардың жүзеге асырылуын бақылауға қатысады.

5) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары су объектiлерiн кешендi пайдалану мен қорғаудың бекітілген бас схемаларына сәйкес су ресурстарын басқарудың бассейндiк принципiн жүзеге асыруға қатысады.

 

42-бап. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келісімдер

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау туралы бассейндiк келісімдер (бұдан әрi – бассейндiк келісімдер) бассейндiк басқармалардың, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының және су объектiсi бассейнiнiң шегiнде орналасқан басқа да субъектiлердiң арасында олардың қызметiн бiрiктiру және үйлестiру, сондай-ақ су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау жөніндегі iс-шараларды iске асыру мақсатында жасалады.

2. Бассейндiк келісімдерде тараптардың орындау мерзiмi көрсетiлiп, нақты су қорғау iс-шараларын iске асыру үшiн қажеттi күштер мен құралдарды кооперациялау жөніндегі мiндеттемелер болады.

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Бассейндiк келiсiмдердi дайындау су шаруашылығы баланстары, су объектiлерiн кешендi пайдалану және қорғау схемалары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, ғылыми және жобалық әзiрлемелер негiзiнде жүзеге асырылады.

4. Бассейндiк келісімдердiң мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттармен және тәртiппен, қаражаты су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға арналған қорлар құруы мүмкін.

 

43-бап. Бассейндiк кеңес

 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Бассейндiк кеңес тиісті бассейн шегінде құрылатын консультациялық-кеңесшi орган болып табылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара);2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Тиiстi бассейндiк басқарманың басшысы басқаратын бассейндiк кеңес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының басшыларынан, мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының басшыларынан және су пайдаланушылардың өкiлдерiнен тұрады. Бассейндiк кеңестiң құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң және олардың қауымдастықтарының өкiлдерi де кiруi мүмкiн. Бассейндiк кеңестiң әзiрлiк жұмысын ұйымдастыру бассейндiк басқармаға жүктеледi.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Бассейндiк кеңес су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы көкейкестi мәселелердi қарайды, бассейндiк келісімге қатысушылар үшiн ұсыныстар мен ұсынымдар енгізеді.

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 8 тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

8-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы

мемлекеттік жоспарлау

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

44-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік жоспарлаудың мiндеттерi

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік жоспарлаудың мiндеттерi:

халықтың ауыз су мен шаруашылық қажеттерiнiң бiрiншi кезекте қанағаттандырылуын ескере отырып, су пайдаланушылардың арасында суларды ғылыми негiзделген түрде бөлудi қамтамасыз ету;

сулардың қорғалуын және олардың зиянды әсерiнiң алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттік жоспарлау үшiн су шаруашылығы баланстары, суларды кешендi пайдалану мен қорғау схемалары жасалады, сондай-ақ өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi.

 

45-бап. Су шаруашылығы баланстары

1. Су шаруашылығы баланстары су объектiлерiнiң бассейндерi, экономикалық аудандар және тұтас республика бойынша су ресурстарының болуын және оларды пайдалану мүмкiндiгiн бағалауға арналған.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Негiзгi өзендердiң бассейндерiне арналған және тұтас республика бойынша су шаруашылығы баланстары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Су шаруашылығы баланстарын әзiрлеуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

 

46-бап. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары

1. Cу ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары су ресурстарын ықпалдасып басқару мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау мақсатында әзiрленедi.

2. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын уәкілетті орган мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен ғылыми және мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып әзiрлейдi.

3. Кешендi схемаларда көзделетiн iс-шаралар:

1) өндiрiс технологиясын жетiлдiру негiзiнде су ресурстарын ұтымды әрi үнемдi пайдалануға;

2) суы аз және сусыз процестердi қолдануға;

3) суару жүйелерiнде және сумен жабдықтау жүйелерiнде су ресурстарының қайтарымсыз ысырабын азайтуға;

4) су ресурстарын реттеу, өзен ағындысын бассейнаралық қайта бөлу, тазартылмаған ағынды сулар ағызу көлемiн азайту есебiнен жергiлiктi су ресурстарын мүмкiндiгiнше барынша пайдалануға;

5) қалаларды, елдi мекендердi, ауыл шаруашылығы алқаптары мен басқа да объектiлердi су басуының және топан су басуының алдын алуға бағытталуға тиiс.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемалары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

 

47-бап. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы

1. Өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемалары құрамында су объектiлерiне экологиялық жағынан жол берiлетiн деңгейде су ресурстарын пайдалану мен қорғау болжамы әзiрленедi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Су ресурстарын өндiргiш күштер мен экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында пайдалану және қорғау болжамын орталық атқарушы органдар әзiрлейдi.

3. Орталық атқарушы органдар әзiрлеген өндiргiш күштердi және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдары су ресурстарын пайдаланудың жол берiлетiн деңгейi нысанасында уәкілетті органда келiсуден өтедi.

 

 

9-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылау мен сараптама

 

48-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi мен түрлерi

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi:

шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен сулардың жай-күйi мен өзгеруiн қадағалау;

су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Уәкілетті органның мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі басты міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын барлық министрліктермен, агенттіктермен, ведомстволармен өзара іс-қимыл жасауды және қызметін үйлестіруді;

2) шаруашылық және өзге де қызметтің әсерінен судың жай-күйін және өзгеруін қадағалауды, сондай-ақ су қорғау іс-шараларының орындалуын тексеруді;

3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгіленген тәртібін;

4) суларды қорғау жөніндегі міндеттердің орындалуын;

5) су объектілеріне зиянды әсер етудің алдын алуды және жоюды;

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

6) барлық жеке және заңды тұлғалардың, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздік критерийлерін сақтауын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.

 

49-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды өз құзыретi шегiнде мыналар жүзеге асырады:

1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган;

2)қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган

3) жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган;

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган;

5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган;

2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;

7) фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

8) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары.

2. Уәкілетті органмен су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiредi.

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Уәкілетті орган және оның бассейндік су шаруашылығы басқармасы:

1) су қорғау аймақтары мен белдеулері шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектілеріндегі шаруашылық қызметінің белгіленген режимінің сақталуын;

2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келісімдердің шарттары мен талаптарының орындалуын;

3) су объектілері бойынша су пайдаланудың және су бөлудің белгіленген нормалары мен ережелерінің, лимиттерінің, сондай-ақ су пайдалану режимінің сақталуын;

4) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерін және су қоймаларын пайдалану ережелерінің сақталуын;

5) су объектілерінен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшеріне бастапқы есеп жүргізудің, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйін және мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің сақталуын, су пайдаланушылардың белгіленген есептілік мерзімдерін сақтауын;

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттарда белгіленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсеріне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды орындауын;

7) су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға берудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;

8) су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізудің және су объектілерін пайдалану мен қорғау бөлігінде жер беті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің сақталуын;

9) белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектілерін салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектілерін, су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметіне сай келуін;

10) су объектілерін өз бетімен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берілмеуін;

11) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетістіктерінің және озық тәжірибенің, су тұтынудың үлесін азайту жөніндегі іс-шаралардың кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгізілуін бақылауды жүзеге асырады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы, азаматтық қорғау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық cалауаттылығы, ветеринария саласындағы уәкiлеттi органдар, карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы органдар:

1) өз құзыретіне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

2) су қорының сапалық және сандық жай-күйінің өзгеруін тексеруді және сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

3) су заңнамасының бұзылуын жою шараларын қабылдайды;

4) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтік құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;

5) су объектілеріне белгіленген талаптарды бұза отырып жүргізілген ағынды су ағызуды тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер ететін жекелеген өндіріс объектілерінің, цехтар мен кәсіпорындардың қызметіне тыйым салу туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізеді.

 

49-1-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

49-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

49-3-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 50-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

50-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1. Осы Кодекске сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi лауазымды адамдар мыналар болып табылады:

Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасары, Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары және Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;

тиiстi бассейннiң су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар және олардың орынбасарлары, тиiстi бассейннің су қорын пайдалану мен қорғау жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары және мемлекеттік инспекторлары.

2. 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдар cу қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен белгiленген үлгiдегi тиiстi қызметтiк куәлiкпен, омырауға тағатын белгімен, техникалық құралдармен қамтамасыз етiледi.

 

51-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) осы Кодекс және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуына «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексеруді жүзеге асыруға, мемлекеттік органдарға, жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға олар үшiн Қазақстан Республикасы су заңдары нормаларының орындалуы мiндеттi талаптар қоюға, су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген көлемдерде, коллекторлық-сорғыту және ағынды суларды ағызудың жол берiлетiн шектi нормаларын сақтау жөнiнде тиiстi шаралар жүргiзуге және су ресурстары мен ағынды сулардың сапасын зертханалық бақылауды ұйымдастыруға;

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстар енгізуге;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік бақылау жүргізу үшін ұйымдарға және өзге де объектiлерге баруға, су ресурстарын пайдаланудың жай-күйiн бақылауды жүзеге асыруға, су ресурстарын пайдалану мен оларды қорғау ережелерiнiң анықталған заң бұзушылықтарын жою туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар беруге құқығы бар. Су объектiлерiнде өз бетiмен су алу, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы кезiнде су пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізуге;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) су пайдаланудың белгіленген лимиттерінің, тіреуіш гидротехникалық құрылыстар режимінің, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын пайдалану қағидаларының, олардағы шаруашылық қызметтің белгіленген режимінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды

3-2) анықталған су ресурстарын пайдалану және оларды қорғау қағидаларын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығаруға;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-3) тармақшамен толықтырылды

3-3) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығаруға;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-4) тармақшамен толықтырылды

3-4) кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу арқылы келтірілген залалды өтеу туралы талап қоюға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан су ресурстарын пайдалану мен қорғаудың жай-күйiн анықтауға қажеттi мәлiметтердi, соның iшiнде зертханалық талдау деректерiн алуға;

5) Қазақстан Республикасының су заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;

6) су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды шектеу, тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiн тоқтату жөнiнде ұсыныстар енгізуге;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

7) лауазымды адамдарға, ұйымдардың басшыларына су объектiлерiн пайдалану мен қорғаудың белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзуға жол берген адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныс енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi шешу үшiн қажет болған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына беруге;

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7-1 тармақшамен толықтырылды

7-1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қатынастарды регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

8) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi және оған жоғары тұрған мемлекеттік органға және (немесе) лауазымды адамға немесе сотқа шағымдануға болады.

 

52-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

1) Қазақстан Республикасының су заңдары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;

2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауға;

3) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылу фактілері туралы өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдарды хабардар етуге;

4) су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу кезiнде жеке және заңды тұлғаларға жәрдем көрсетуге мiндеттi.

5) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

 

53-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндiрiстiк бақылау суды бастапқы есепке алу қағидалары негiзiнде жүзеге асырылады.

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндірістік бақылауды арнайы су пайдалану құқығын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етеді.

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өндірістік бақылау «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аттестатталған су есебін жүргізу аспаптарының негізінде жүзеге асырылады.

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Ауызсудың және тазартылған сарқынды сулардың сапасына өндірістік бақылауды сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның аттестатталған зертханалары, сондай-ақ жасасылған шарттарға сәйкес басқа да аттестатталған зертханалар жүзеге асырады.

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

54-бап. Су қорын пайдалану және қорғаусаласындағы сараптама

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Су қорын пайдалану және қорғау саласында мынадай сараптама түрлерi жүзеге асырылады:

1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға және жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама;

3) жер асты суларының қорларына және жер асты су объектiлерi туралы геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптама;

4) 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

5) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамалар.

2. 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн шаруашылық және басқа да объектiлердi салуға және реконструкциялауға, пайдалануға, консервациялауға және жоюға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама оның Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бекітілген бастапқы деректерге, техникалық шарттар мен талаптарға, сондай-ақ нормативтiк құжаттардың ережелеріне сәйкестiгiн тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

4. Жер асты су қорларына және жер асты су объектiлерi туралы геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптаманы жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

5. 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

6. Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамаларды тиiсiнше халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Жаңа объектілерді салуға, сондай-ақ бұрыннан бар ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) немесе күрделі жөндеуге арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

10-тарау. Суды ұтымды пайдалануды, қорғауды және оның жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін талаптар

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 55-бап өзгертілді

55-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар

1. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін, коммуникацияларды) орналастыру экологиялық талаптар, жер қойнауын қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, су ресурстарын ұдайы молайту және ұтымды пайдалану шарттары мен ережелерi сақтала отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдары ескерiле отырып жүргiзiледi.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн объектілерді салу, реконструкциялау, (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның оң қорытындысы болған жағдайда жүзеге асырылады.

3. Құрылыс жұмыстарын орындау кезiнде жерлердi қайта өңдеу, су ресурстарын ұдайы молайту мен ұтымды пайдалану, аумақтарды абаттандыру және қоршаған ортаны сауықтыру жөнiнде шаралар қолданылады.

 

56-бап. Су объектiлерiне ластаушы заттардың ағызылуын азайту жөніндегі талаптар

1. Cу ресурстарын пайдалану мен қорғау ластаушы заттарды ағызылу нүктелерiнде нормалауға тиiстi бассейн, ағын су немесе учаске шегiнде барлық ұйымдардың су шаруашылығы қызметiн жинақтап нормалауға негiзделедi.

2. Ағызылатын суды тазарту дәрежесiне және сапасына қойылатын талаптар су объектiсiн ықтимал мақсатты пайдалану бағыттары бойынша айқындалып, есептеулермен негiзделедi және онда су объектiсiнiң нақты жай-күйi, техникалық және экономикалық мүмкiндiгi, жоспарланатын көрсеткiштерге қол жеткізу мерзiмдерi ескерiлуге тиiс.

3. Уәкiлеттi орган жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бiрлесе отырып, су объектiсiнiң әрбiр бассейнi үшiн судың жай-күйi мен сапа өлшемдерiнiң мақсатты көрсеткiштерiн әзiрлеуге мiндеттi.

4. Бассейн iшіндегі су объектiлерi жай-күйiнiң мақсатты көрсеткiштерiне кезеңдеп көшу мерзiмдерiн бассейндiк басқармалар мен жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдары және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесе отырып бекiткен әдiстеменiң негiзiнде белгiлейдi.

 

57-бап. Экономика салалары және қоршаған ортаны қорғау талаптарын қамтамасыз ету үшiн кешендi су жiберудi негiздеу

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Кешендi су жiберу санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету жағдайларын негiзге алып, сондай-ақ экономика салаларының қажеттерi ескерiле отырып белгiленедi.

2. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберу басым бағыт болып табылады.

3. Табиғат қорғау су жiберуi су объектiсiнiң табиғи жағдайының сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. Ең төменгi шығысты сақтаудан басқа, табиғат қорғау су жiберуi су жайылуы мен су тасуы кезiнде су объектiлерiнiң кезеңдiк шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.

4. Табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су жiберудiң көлемiн уәкiлеттi орган су объектiлерi бассейндерi бойынша белгiлейдi.

5. Авариялық су жiберу су тасыған және су жайылған кезде су объектiсіндегі судың қалыпты деңгейде ұсталуын және су объектiлерi арналарының шайылуын қамтамасыз етуге тиiс.

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 11-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

11-тарау. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік су кадастры, су объектілерінің

мемлекеттік мониторингі. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету

 

58-бап. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу

1. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасының аумағындағы су ресурстарының сандық және сапалық көрсеткiштерiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүйелi түрде анықтау және тiркеу болып табылады.

2. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу деректерi жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапалық және сандық көрсеткiштерi бойынша, олардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн өнеркәсiптiк және экологиялық қауiпсiздiк дәрежесi, зерттелуi мен пайдаланылуы бойынша жай-күйiн сипаттайды.

3. Жер үстi және жер асты суларын мемлекеттік есепке алуды уәкiлеттi орган жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп су пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жер үстi және жер асты суларын пайдалану есебiнiң деректерi негiзiнде жүзеге асырады.

 

59-бап. Мемлекеттік су кадастры

1. Мемлекеттік су кадастры су объектiлерiнiң жай-күйiмен пайдаланылуы туралы, олардың су ресурстары туралы, су пайдаланушылар туралы жүйелендiрiлген ресми деректер жиынтығы болып табылады.

2. Мемлекеттік су кадастры бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзiледi және суларды мемлекеттік есепке алу деректерiне негiзделедi.

3. Мемлекеттік су кадастрына енгiзiлген су объектiсiнiң паспорты болады, онда тiркеу нөмiрi, атауы және физикалық-географиялық, геологиялық-гидрологиялық, техникалық, құқықтық және экономикалық көрсеткiштерi қамтылатын кешендi сипаттамасы көрсетiледi.

4. Мемлекеттік су кадастрын жүргiзудi уәкiлеттi орган жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және гидрометеорологиялық қызметтермен бiрлесiп жүзеге асырады.

5. Су пайдаланушылар уәкiлеттi органға және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік су кадастрына енгiзiлуге тиiс қажеттi деректердiң бәрiн ұсынуға мiндеттi.

6. Уәкiлеттi орган мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделi жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

 

60-бап. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi

1. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингi жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.

2. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингi олардың жай-күйiне гидрологиялық, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, санитарлық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, радиологиялық және токсикологиялық көрсеткiштердi тұрақты қадағалау, жағымсыз процестердi уақтылы анықтау, олардың дамуын бағалау мен болжау мақсатында алынған ақпаратты жинау, өңдеу және беру, жүзеге асырылатын су шаруашылығы iс-шараларының зиянды зардаптарын болғызбау және тиiмдiлiк дәрежесiн айқындау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу жүйесi болып табылады.

3. Су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп әзiрленген әдiстеме бойынша бiрлесiп жүзеге асырады.

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 6- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

61-бап.Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми және инновациялық-ақпараттық қамтамасыз ету

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды ғылыми қамтамасыз ету мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалануды негiздеу;

2) су шаруашылығы кешенiн дамытуды бағалау мен болжау;

3) су үнемдеудiң ғылыми-әдiстемелiк және технологиялық негiздерiн әзiрлеу;

4) су шаруашылығы жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын әзiрлеу;

5) басқару шешiмдерiн қабылдау үшiн ұсынымдар әзiрлеу.

2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инновациялық қызмет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iске асырылады және:

1) ұйымдастыру жағдайларын қалыптастырумен;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекеттiк қолдаумен қамтамасыз етiледi.

4. Су ресурстарын кешендi және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұзақ мерзiмдi және орташа мерзiмдi жоспарлау, су шаруашылығы ұйымдары мен су пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесiн құруы мүмкiн.

5. Деректер қорын қалыптастыру үшiн су пайдаланушы жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекітілген нысандар бойынша қажеттi мәлiметтер бередi.

6. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

 

 

12-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттері және

қоғамдық бірлестіктердің қызметі

 

62-бап. Жеке тұлғалардың су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

1. Жеке тұлғалардың:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су объектiлерiн пайдалануға, оларды қорғау мен ұдайы молайту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

2) су объектiлерiн пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сауалдармен, шағымдармен, өтiнiштермен және ұсыныстармен жүгiнуге;

3) су қорын пайдалану мен қорғау саласында қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзу туралы ұсыныстар енгізуге және оған қатысуға;

4) әкiмшiлiк немесе сот тәртібімен су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы талаптарға сай келмейтiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың су объектiлерiне терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге қызметiн шектеу мен тоқтату туралы шешiмдердiң күшiн жоюды талап етуге;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзге де құқықтарды iске асыруға құқықтары бар.

2. Жеке тұлғалар су қорын пайдалану мен қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға мiндеттi.

 

63-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi

1. Қоғамдық бiрлестiктердiң су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен олардың жарғыларына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi бассейндiк кеңестердiң жұмысына қатыса алады.

3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды қоғамдық бiрлестiктер өз бастамасы бойынша жүргiзе алады.

4. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргiзу тәртібін қоғамдық бiрлестiктер өздерiнiң жарғыларына сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келiсе отырып айқындайды.

 

 

4-Бөлім. Су пайдалану

 

13-тарау. Су пайдалану құқығы

 

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 64-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 64-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

64-бап. Су пайдалану құқығының түрлерi

1. Субъектілердің тобы бойынша:

1) ортақ су пайдалану құқығы;

2) арнайы су пайдалану құқығы;

3) оқшау су пайдалану құқығы;

4) бірлесіп су пайдалану құқығы болып бөлінеді.

2. Туындау негіздемелері бойынша:

1) бастапқы су пайдалану құқығы;

2) қосалқы су пайдалану құқығы болып бөлінеді.

3. Қолдану мерзімдері бойынша:

1) тұрақты су пайдалану құқығы;

2) уақытша су пайдалану құқығы болып бөлінеді.

4. Азамат үшiн ортақ су пайдалану құқығы ол туған кезден бастап туындайды және ешбір жағдайда да шеттетілуі мүмкін емес.

5. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат алынған кезден бастап арнайы су пайдалану құқығы туындайды.

 

65-бап. Ортақ су пайдалану

1. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн су объектiлерi жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітілiп берiлмей және судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.

Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне тыйым салынады.

3. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгi мақсатында ортақ су пайдалану шектелуi немесе оған тыйым салынуы мүмкiн.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Ортақ су пайдаланудың шарттары мен ережелерін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейді.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірдегі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану ережелерінде тиісті өңірдің аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу тыйым салынған жерлерді айқындауы мүмкін.

 

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 66-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 66-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 66-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

66-бап. Арнайы су пайдалану

1. Мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды:

1) суды жер үсті қабатынан және теңіз суларынан механикалық және өз ағысымен тарту жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, коллекторлы-сорғыту, жауын-шашынды және басқа да қалдық суларды жер үсті және теңіз суларына ағызуға арналған су бұру құрылыстарын;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілеріне және жергілікті жер бедеріне сарқынды суларды бұруға арналған құрылыстарды;

 4) бөгеттерді және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (соның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын);

5) гидравликалық электр станцияларын;

6) сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын;

7) суару, суландыру, суару-суландыру және құрғату жүйелерін;

8) жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар, соның ішінде жерасты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын;

9) қалдық суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғымалар, құдықтар, шахталар);

10) шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кен қазындыларының су бұру құрылыстарын;

11) су деңгейін мәжбүрліктен төмендетпей жұмыс істейтін, жер асты суларын алу үшін өздігінен шығатын ұңғымаларды, шахта құдықтарын, бұлақтар шегендеулерін және басқа да шағын құрылыстарды;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

12) жер асты су тұтқыш қабаттарға және тау-кен жыныстары қуыстарына өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да қалдық суларды, технологиялық ерітінділерді ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды;

13) қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезінде көмірсутегі шикізатын әзірлеу және жерасты қабатын шаймалау кезінде жер қыртысы қысымын ұстау үшін қысым айдағыш ұңғымаларды;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

14) судың жай-күйіне әсер ететін басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, халықтың ауыз су және шаруашылық мұқтаждарын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға қажеттіктерін қанағаттандыру, сондай-ақ өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған және басқа да қалдық суларды ағызу үшін тікелей су объектісінен алып немесе алмай-ақ жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.

2. Рұқсаттың негізінде, тек қана сонда айқындалған мақсаттар үшін жеке және заңды тұлғалар арнайы су пайдалануды жүзеге асырады және басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тиіс.

3. Арнайы су пайдалануға рұқсат негізінде тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимитімен жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалану жүзеге асырылады.

2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4. Арнайы су пайдалану:

1) мынадай су тарту құрылыстарын: тереңдiгi жиырма метрге дейiнгi шахталы және құбырлы сүзгiлi құдықтарды, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшiн пайдаланылмайтын су тұтқыш қабаттың үстiңгi бетінің бiрiншiсінен тәулiгiне барлық жағдайда елу текше метрден көп емес су алынып, деңгейi мәжбүрлi төмендетiлмей жұмыс iстейтiн шегендеу құрылыстарын пайдалану;

2) кеменің және оның технологиялық жабдығының жұмысын қамтамасыз ету үшін су объектілерінен теңіз кемелерінің су тартуы кезiнде рұқсат талап етiлмейдi.

5. Арнайы су пайдалануға рұқсатты уәкiлеттi органның өңiрлiк органдары бередi.

6. Арнайы су пайдаланудың мынадай түрлеріне рұқсаттар беріледі:

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) өнеркәсіптік, шаруашылық-тұрмыстық, сорғытылған және басқа да сарқынды суларды жерүстi су объектiлеріне, су шаруашылығы құрылыстарына немесе жер бедеріне ағызу;

2) тәулігіне елуден екі мың метрге дейін алу лимитімен жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалану;

3) осы баптың 1-тармағында аталған құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті суларын тарту және (немесе) пайдалану (бұдан әрі – жер үсті суларын тарту және (немесе) пайдалану).

7. 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-тармақ өзгертілді

8. Жер үсті қабаты суларын тартуға және (немесе) пайдалануға, өнеркәсiптiк, шаруашылық-тұрмыстық, сорғыған және басқа да қалдық суларды жер үсті қабатындағы су объектiлерiне, су шаруашылығы құрылыстарына немесе жер бедеріне ағызуға:

1) теңгерімінде олардың көмегiмен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын, белгiленген талаптар мен стандарттарға сай құрылыстар немесе техникалық құрылғылары;

2) суды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары;

3) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесі бар жеке немесе заңды тұлғаларға рұқсат беріледі.

9. Тәулiгiне елуден eкі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық мақсаттар үшін жер қойнауы бөлігінен жер асты суларын пайдалануға:

1) теңгерімінде қолданыстағы санитариялық-эпидемиолоиялық ережелерге, нормалар мен стандарттарға сай келетін құрылыстары немесе техникалық құрылғылары болып, солардың көмегiмен жер асты су объектілерiнен суды тарту жүзеге асырылатын;

2) су тартуды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) суды беруге өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесі;

4) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5), 6) тармақшалармен толықтырылды

5) жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін алған кезде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы;

6) су пайдаланудың шарттарын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерімен келісімі бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беріледі.

10. Арнайы су пайдалануға рұқсатты ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға немесе оның өңірлік органдарына мынадай құжаттарды:

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2) тармақша жаңа редакцияда

2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

3) су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортын;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара);  2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) мемлекеттік кіріс органында есепке қойылғаны туралы куәліктің немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін;

5) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылды

6) су тұтыну және су бұру көлемдерінің негіздемесі бойынша есептеулерді;

7) жерүсті және (немесе) жерасты суларын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін алған кезде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны;

8) сарқынды суларды беруге немесе қабылдауға өтінімдерімен қайталама су пайдаланушылардың тізбесін ұсынады.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 10-1-тармақпен толықтырылды

10-1. Уәкілетті органның өңірлік органдары тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалануға арналған арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін құжаттарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне осы су пайдалану шарттарын келісу үшін сауал жібереді.

Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның өңірлік органына оң не теріс қорытынды ұсынуға міндетті.

11. Су тарту үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында аталған құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:

1) су тұтынушылар мен олардың суға қажеттіктері туралы мәліметтер;

2) су тартуды есепке алу және тартылатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.

12. Гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында аталған құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:

1) гидроэлектр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер;

2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер;

3) балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтер;

4) жоғарғы және төменгі бьефтердегі су режимі мен су сапасының көрсеткіштерін бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер;

5) гидроэнергетика мұқтаждарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректер.

13. Суды алмастан жер үсті қабатындағы су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:

1) кеменің техникалық сипаттамалары;

2) кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға Кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты;

3) кемеде құралатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және жүзбелі құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректер;

4) су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14. Арнайы су пайдалануға рұқсатты уәкілетті органның өңірлік органдары өтiнiш берушi осы Кодекске сәйкес ұсынған барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берген күннен бастап жиырма төрт жұмыс күнінен кешiктiрмей бередi.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 14-1-тармақпен толықтырылды

14-1. Арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданыс мерзімі осы Кодекстің 70-бабына сәйкес айқындалады.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15. Заңды тұлға атауының өзгеруі және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгеруі, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгеруі, дара кәсіпкерді қайта тіркеу жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша өтінішінің негізінде арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеуді талап етеді.

Өтініш уәкілетті органның өңірлік органына өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде заңды тұлға атауының өзгергені және (немесе) оның орналасқан жерінің өзгергені, жеке тұлға тегінің, атының, әкесінің атының (ол болған кезде) өзгергені, дара кәсіпкердің қайта тіркелгені туралы растайтын құжаттар қоса беріле отырып жіберіледі.

Арнайы су пайдалануға рұқсатты қайта ресімдеу кезінде оның нөмірі, шарттары және қолданыс мерзімі өзгеріссіз қалады. Рұқсат беру құжатының жоғарғы оң жақ бұрышына «Қайта ресімделді» деген белгі соғылады.

Арнайы су пайдалану шарттарының өзгеруі арнайы су пайдалануға жаңа рұқсат алуды талап етеді.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 15-1-тармақпен толықтырылды

15-1. Егер су пайдалану шарттары өзгеріссіз қалған жағдайда, арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданыс мерзімі жеке немесе заңды тұлғаның жазбаша өтініші негізінде ұзартылуы мүмкін.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16. Арнайы су пайдалануға рұқсат берген уәкілетті органның өңірлік органы оның қолданысын мынадай:

1) арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылған мәліметтердің анық еместігі анықталған;

2) Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған;

3) осы Кодекстің 74-бабында көзделген су пайдалану құқығы шектелген жағдайларда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тоқтата тұрады.

Тексеру барысында осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген фактілер анықталған кезде уәкілетті органның өңірлік органы мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді. Белгіленген мерзім өткеннен кейін уәкілетті органның өңірлік органы бұзушылықты жою фактісін анықтау тұрғысынан қайталап тексеру жүргізеді.

Нұсқама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда уәкілетті органның өңірлік органы қайталап тексеруді жүргізген кезден бастап он жұмыс күні ішінде тоқтата тұрудың себебі мен мерзімін көрсете отырып, арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы негізінде арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрған жағдайда, уәкілетті органның өңірлік органы рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың себебін көрсете отырып, жеке немесе заңды тұлғаны хабардар етумен ғана шектеледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатыла тұрған арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын қайта бастау ұсынылған анық емес мәліметтер және анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін немесе осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында негізделген мән-жайлар тоқтатылғаннан кейін жүзеге асырылады.

 

67-бап. Оқшау су пайдалану

1. Су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiр жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде оқшау су пайдалану құқығы туындайды.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Оқшау су пайдалануға берiлген су объектiлерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген шарттармен ортақ су пайдалануға рұқсат етiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Оқшау су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға мiндеттi.

 

68-бап. Бiрлесiп су пайдалану

1. Бiрлесiп су пайдалану құқығы су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiрнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды.

2. Бiрлесiп су пайдалану кезiнде бiрiншi кезекте халықты ауыз сумен жабдықтаумен айналысатын су пайдаланушылардың мүдделерi, сондай-ақ су аяғында орналасқан су пайдаланушылардың мүдделерi қанағаттандырылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Бiрлесiп су пайдалануға берiлген су объектiлерiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген жағдайлармен ортақ су пайдалануға рұқсат етiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Бiрлесiп су пайдаланатын су пайдаланушылар, егер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдарының шешiмдерiмен өзгеше белгiленбесе, ортақ су пайдалану жағдайлары немесе оған тыйым салу туралы жариялауға мiндеттi.

 

69-бап. Бастапқы және қайталама су пайдалану

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткізу үшiн тiкелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.

Шаруашылықтың әртүрлі салаларын сумен қамтамасыз ету үшін тежеуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үстіндегі ағын суды реттеу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы да бастапқы су пайдалану болып табылады.

2. Бастапқы су пайдаланушыдан шарт негiзiнде су алатын жеке және заңды тұлғалардың cу пайдалануы қайталама cу пайдалану болып табылады.

3. Қайталама су пайдалануға арналған шартта су беру мақсаты және оны пайдаланудың негiзгi талаптары көрсетiлiп, бастапқы су пайдаланушы үшiн белгiленген лимит шегiнде қайталама су пайдаланушыға кесте бойынша су беруге кепiлдiк берiледi.

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Бастапқы және қосалқы су пайдаланушы қайталама су пайдалану шартының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

 

70-бап. Су пайдалану мерзiмдерi

1. Су объектiлерi тұрақты немесе уақытша су пайдалануға бepiледi.

2. Мерзiмi белгiленбеген су пайдалану тұрақты деп танылады.

3. Уақытша су пайдалану қысқа мерзiмдi – бес жылға дейiн және ұзақ мерзiмдi – бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiн болуы мүмкiн.

4. Қажет болған жағдайда су пайдалану мерзiмдерi ұзартылуы мүмкiн.

5. Арнайы су пайдалану мерзiмдерi су объектiсiнiң ресурстық әлеуетi мен ағымдағы экологиялық жай-күйiне байланысты болады.

6. Ортақ су пайдалану тұрақты болып табылады.

 

71-бап. Су пайдаланушылардың құқықтары

Су пайдаланушылардың:

1) Қазақстан Республикасының су заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды сақтай отырып, су объектiлерiн берiлген мақсаттарында пайдалануға;

2) су объектiлерiн пайдаланудың өзiне тиесiлi құқығын өз қалауына қарай жүзеге асыруға, бұл орайда, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына, су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиян келтiруге жол бермеуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен cу қорының жерлерiн пайдалануға;

4) су пайдаланушылардың бiрлестiктерiн, одақтарын (қауымдастықтарын) және басқа да коммерциялық емес ұйымдарын құруға;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы қызметiн жүзеге асыру үшiн су объектiлерiнiң жай-күйi туралы ақпарат алуға;

6) берiлетiн судың сапасы мен мөлшерiн тексеруге;

7) су пайдалануға өз құқықтарын қорғауға;

8) белгiленген су беру лимитi мен режимiне сәйкес құқықтардың, соның iшiнде су алу құқықтарының бұзылуынан келтiрiлген зиянды өтеттiруге;

9) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану және қорғау саласындағы заңдарында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

 

72-бап. Су пайдаланушылардың мiндеттерi

Су пайдаланушылар:

1) су ресурстарын ұтымды пайдалануға, судың ысырабын қысқартуға шаралар қолдануға;

2) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарына ұқыпты қарауға, оларға зиян келтiрiлуiне жол бермеуге;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) белгiленген су пайдалану лимиттерін, рұқсат етілген көлемдері мен режимдерiн сақтауға;

4) басқа су пайдаланушылар мен табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң бұзылуына жол бepмeугe;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

5) судың жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларды ақаусыз күйiнде ұстауға, олардың пайдаланылу сапасын жақсартуға, су ресурстарын пайдалануды есепке алуға, су шаруашылығы құрылыстарының су тарту, су жіберу мен сарқынды және коллекторлық суларды ағызу құрылыстарын өлшеу құралдарымен және су өлшеу аспаптарымен жабдықтауға;

6) су қорғау iс-шараларын жүзеге асыруға;

2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 7) тармақша (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

7) арнайы су пайдалануға рұқсатта белгiленген су пайдалану шарттарын, сондай-ақ бақылаушы органдардың нұсқамаларын белгiленген мерзiмде толық көлемiнде орындауға;

8) белгiленген нормативтерден асатын зиянды заттардың ағызылуына жол бермеуге;

9) су объектiсiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысан бойынша пайдалану туралы анық және толық ақпаратты мемлекеттік органдарға уақтылы ұсынуға;

10) су үнемдеушi технологияларды, суарудың озық техникасын, сумен жабдықтаудың айналымдық және қайталама жүйелерiн енгізуге шаралар қолдануға;

11) жер үстi және жер асты суларынан су жинау алаңының ластануына жол бермеуге;

12) су объектiлерiнiң су қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және өзге де қызметтiң белгiленген режимiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;

13) уәкiлеттi органның және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиiстi негiздемесi мен шешiмiнсiз ауыз су сапасындағы суды өндiрiстiк және басқа мұқтаждарға пайдалануға жол бермеуге;

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

14) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;

15) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында жеке тұлғалардың қауіпсiздiгiн қамтамасыз етуге;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 16) тармақша өзгертілді

16) барлық авариялық жағдайлар мен су пайдаланудың технологиялық режимiнiң бұзылуы туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына дереу хабарлауға, сондай-ақ су объектiлерiне зиян келтiрiлуiн болғызбау жөнiнде шаралар қолдануға;

17) су пайдаланғаны үшiн төлемдердiң уақтылы төленуiн жүзеге асыруға;

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 17-1)-тармақшамен толықтырылды

17-1) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезінде экологиялық pұқсaт алуға;

18) Қазақстан Республикасының су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы заңдарында көзделген басқа да мiндеттердi орындауға мiндеттi.

 

73-бап. Су пайдаланушылардың құқықтарын қорғау

1. Су пайдалану құқығы заңмен қорғалады. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында аталған негiздерден өзгеше ешкiмдi де су пайдалану құқығынан айыруға болмайды.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, су пайдаланушылардың су пайдалану құқығына қысым көрсетумен байланысты олардың қызметiне мемлекеттік органдардың тарапынан араласуға тыйым салынады.

 

74-бап. Су пайдалану құқығын шектеу

1. Мемлекет қауiпсiздiгi мен қорғанысын, халықтың денсаулығын сақтауды, қоршаған ортаны, тарихи-мәдени мұраны, басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ су тапшылығы, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су пайдалану құқығы шектелуi мүмкiн.

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Су пайдалану құқығын шектеу халықтың ауыз су және шаруашылық мұқтаждары үшiн су ресурстарын пайдалану жағдайын нашарлатпауға тиiс.

 

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 75-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

75-бап. Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату

1. Арнайы су пайдалану құқығы:

1) су пайдаланушы су пайдалану құқығынан бас тартқан;

2) су пайдалану мерзiмi өтiп кеткен;

3) су пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған;

4) су пайдаланушы заңды тұлға таратылған;

5) су объектiлерi табиғи немесе жасанды түрде жойылып кеткен;

6) су объектілерін пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен басқа жеке және заңды тұлғаларға ауысқан жағдайларда тоқтатылуға жатады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көзделген арнайы су пайдалану құқығын тоқтату негіздері туындаған жағдайда уәкілетті органның өңірлік органы жеке немесе заңды тұлғаға арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтату туралы жазбаша хабарлама жібереді.

2. Арнайы су пайдалану құқығы:

1) ауыз сумен жабдықтауға арналған су ресурстары бiр жыл бойы пайдаланылмаған;

2) су ресурстары үш жыл бойы пайдаланылмаған;

3) су ресурстарын мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн пайдалану қажеттiлігi туындаған;

4) арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда, арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру арқылы тоқтатылуға жатады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру үшін осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау барысында анықталады.

Арнайы су пайдалануға рұқсаттан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Арнайы су пайдалану құқығын тоқтату туралы шешім су пайдалану шартын бұзу үшін негіз болып табылады.

 

 

76-бап. 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

 

 

5-Бөлім. Су шаруашылығын ұйымдастыру

 

14-тарау. Су шаруашылығы ұйымдары

 

77-бап. Мемлекеттік су шаруашылығы ұйымдары

Мемлекеттік су шаруашылығы ұйымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай жұмыстарды орындау мақсатында құрады:

1) су объектiлерiнiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзу;

2) мемлекеттік су кадастрын жасау;

3) су объектiлерiнiң жай-күйiн бақылау әдiснамасын әзiрлеу мен жетiлдiру;

4) су пайдалану технологиясын әзiрлеу мен жетiлдiру және экономиканың әртүрлi салаларында оның тиiмдiлiгiн арттыру;

5) су шаруашылығы нормативтерiн әзiрлеу;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

6) республикалық меншiктегi су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын күтіп- ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

7) республикалық меншiктегi трансшекаралық, мемлекетаралық, облысаралық су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан су пайдаланушыларға суды уақтылы және үздiксiз беру;

8) мемлекетаралық су объектiлерiн жөндеуге шектес мемлекеттермен үлес қосып қатысу.

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 78-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

78-бап. Коммуналдық су шаруашылығы ұйымдары

Коммуналдық су шаруашылығы ұйымдарын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мынадай жұмыстарды орындау мақсатымен құрады:

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын күтіп-ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) су объектiлерiнен су пайдаланушыларға суды уақтылы және үздiксiз беру;

3) пайдаланылған, ағынды және сорғыту суларын жинау, тазарту және ұйымдасып ағызу.

 

79-бап. Мемлекеттік емес су шаруашылығы ұйымдары

1. Мемлекеттік емес су шаруашылығы ұйымдарын жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде шетелдiк тұлғалар су шаруашылығы құрылыстарына су жеткізу, техникалық қызмет көрсету және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi қамтамасыз ету жөнiнде қызмет көрсету үшін құрады.

2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы кәсiпкерлiк қызмет мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) пайдалану үшiн су ресурстарын алып қою;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2) су ресурстарын су дайындау және (немесе) су пайдаланушыларға және (немесе) су тұтынушыларға жеткізу үшін алып қою;

3) пайдаланылған, ағынды және сорғыту суларын жинау, тазарту және ағызу;

4) су объектiлерiн олардан су ресурстарын алмай пайдалану;

5) сулардың сапасын және су объектiлерiнiң жай-күйiн жақсарту жөніндегі қызмет;

6) су шаруашылығы-экологиялық маркетинг саласында қызметтер көрсету;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де қызмет түрлерi.

3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

80-бап. Су шаруашылығы ұйымдарының қызметiне қойылатын талаптар

1. Су шаруашылығы ұйымдары табиғи монополия субъектiлерi болып табылады және өз қызметiн осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына, ұйымның жарғысына және тараптардың шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

2. Су шаруашылығы ұйымдары:

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) су шаруашылығы жүйелерi мен құрылыстарының тиiстi техникалық жай-күйiн, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

2) шартқа сәйкес су пайдаланушыларды белгiленген мерзiмде сумен қамтамасыз етуге;

3) су пайдаланушылармен келісім бойынша су бөлетiн орындарда cу өлшеу аспаптарын орнатуға;

4) су объектiлерiнiң ластануын, қоқыстануын және сарқылуын, судың зиянды әсерiн болғызбайтын шаралар қолдануға;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

5) су шаруашылығы гидромелиорациялық жүйенің, құрылысының паспортына ие болуға мiндеттi.

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 15 тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

15-тарау. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру

саласындағы мемлекеттік нормалау

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 81- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

81-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормалау

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесi судың сандық және сапалық көрсеткiштерiне, олардың көрсеткiштерiн дәл өлшеу нормаларына қойылатын талаптарды регламенттеу мақсатында белгiленедi әрi өндiрiстiк және өзге қызметтiң су объектiлерiне ықпал ету шегiн реттейдi.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы нормалауды уәкiлеттi орган және басқа да мемлекеттік органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

 

82-бап. Су пайдалану лимиттерi

2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Өзен бассейндерi бойынша су пайдалану лимиттерi бассейндiк схемалар мен су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi негiзiнде белгiленедi және оларды уәкiлеттi орган бекiтедi.

ҚР 2006.10.01 № 116-III Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2. Су пайдалану лимиттерін уәкілетті орган жылдың сулылығын, су объектілерінің экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін ескере отырып, жыл сайын нақтылайды.

Барлық су пайдаланушылар үшін айлар бойынша лимиттерді бөлуді олардың мәлімдеген су алу және (немесе) су ағызу қажеттіліктерінің негізінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

3. Су шаруашылығының жағдайы, су объектiлерiнiң экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйi өзгерген жағдайда су пайдалану лимиттерi қайта қаралуға тиiс.

 

83-бап. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк- техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету жүйесi ұлттық стандарттарды, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерін қамтиды.

2. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес әзiрленедi.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Суды бақылау мен есепке алуды нормативтiк-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық және метрологиялық қамтамасыз ету талаптары уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен әзiрленедi, келiсiледi және бекiтiледi.

 

84-бап. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерi

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Жер үстi және жер асты суларын экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай жағдайда ұстау қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша уәкілетті орган белгiлеген су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлер нормативтерiнiң сақталуымен қамтамасыз етiледi.

2. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi:

1) ұзақ уақыт ықпал етуi су объектiсiнiң экологиялық жүйесiнiң өзгеруiне әкеп соқтырмайтын антропогендiк жүктеменiң жол берiлетiн шектi мөлшерiне;

2) су объектiсiне және оның су жинау алаңына түсуi мүмкiн зиянды заттардың жол берiлетiн көлемi мен шоғырлануына сүйене отырып белгiленедi.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 85- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

85-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттау мен сертификаттау

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ұлттық стандарттар және техникалық талаптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әзiрленедi, бекітіледi және тiркеледi.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкестiктi айқындау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi және ерiктi сертификаттау жүзеге асырылады.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Бөлшектеп құйылған түрде (бөтелкелерде немесе басқа да ыдыстарда) су тұтынушыларға сатуға арналған ауыз суды, суды тазарту мен зарарсыздандырудың жеке тұрмыстық және топтық техникалық құралдары, сондай-ақ ауыз сумен жабдықтау жүйелерiнде пайдаланылатын материалдар, реагенттер, технологиялық процестер, жабдықтар және өзге де құралдар техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге сәйкес мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс.

 

86-бап. Су алу мен пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптар

1. Су объектiлерiнен су алу және пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптарға экономиканың барлық салаларында әртүрлi технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерiн және су тұтынудың үлестiк нормаларын қайта қарау арқылы қол жеткiзiледi.

2. Су ресурстарын алу және пайдалану көлемдерiн қысқарту жөніндегі талаптарға:

1) барлық тасымалдайтын, бөлетiн желiлердегi және су тұтынудың әрбiр нүктесіндегі шығындар мен ысыраптарды қысқарту;

2) су пайдаланудың ұтымды әдiстерi мен технологияларын енгізу және судың нақты пайдаланылуын барлық жерде бiрдей есепке алуды қамтамасыз ету негiзiнде су үнемдеу есебiнен қол жеткiзiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Мемлекеттік органдар, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары және су пайдаланушылар судың жұмсалуын, тасымалдайтын желiлердегi, су тұтыну нүктелеріндегі судың ысырабын есепке алуды ұйымдастыруды және су объектiлерiнен су алу көлемдерiн қысқарту мүмкiндiгiн жыл сайын талдап отыруға және су пайдалану көлемдерiн қысқарту мақсатымен кемiнде бес жылда бiр рет экономиканың барлық салаларындағы әртүрлi технологиялық процестерге су жұмсау нормативтерiн және су тұтынудың үлестiк нормаларын қайта қарауға мiндеттi.

 

87-бап. Ауыз судың сапасын жақсарту жөніндегі талаптар

Уәкiлеттi орган басқа мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп ауыз судың сапасын жақсарту жөніндегі талаптарды әзiрлейдi, олар:

1) су объектiсiнiң белгiлi бiр сапасына сай келетiн құрылыстардың технологиясы мен қуатын жұмысқа қабiлеттi күйiнде ұстауды;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiнiң ақауларын қалпына келтiрудi;

3) құрылыс жұмыстарының жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, сенiмдi жабдықтар мен материалдарды пайдалануды;

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) тұтынылатын судың нормативтерi мен ұлттық стандарттарын мезгiл-мезгiл жетiлдiрiп отыруды қамтиды.

 

88-бап. Су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу

1. Мыналарды:

1) судың зиянды әсерiн, ластануын және қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ су тұтынуды және ағынды су ағызуды есепке алу құралдарымен жабдықталмаған жаңа және қайта жаңғыртылып жатқан объектiлердi;

2) балық қорғау құрылғыларынсыз cу тарту және ағызу құрылыстарын;

3) тазарту құрылыстары мен санитарлық-қорғау аймақтары жоқ мал шаруашылығы фермаларын және басқа да өндiрiстiк кешендердi;

4) жердi су басуды, топан су басуды, олардың батпақтануы мен сортаңдануын және топырақ эрозиясын болғызбайтын, жобаларда көзделген iс-шараларды жүргiзуге дейiн суару, суландыру және құрғату жүйелерiн, су қоймаларын, бөгеттердi, каналдарды және басқа да гидротехникалық құрылыстарды;

5) жер асты суларын оларды су реттеу құрылғыларымен, өлшеу құралдарымен жабдықтамай пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын;

6) санитарлық қорғау аймақтарын және су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары жай-күйiнiң көрсеткiштерiн қадағалау пункттерiн белгiлемей су тарту және өзге де гидротехникалық құрылыстарды;

7) мұнай, химиялық және басқа да өнiмдердi оларды судың ластануын болғызбайтын құралдармен жабдықтамай тасымалдайтын және сақтайтын құрылыстар мен құрылғыларды пайдалануға беруге тыйым салынады.

2. Су объектiлерi жай-күйiнiң көрсеткiштерiн байқау пункттерiн құрмай ағынды сулармен суару объектiлерiн пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi.

3. Су шаруашылығы объектiлерiн – жердi қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды аяқтамай, ал су қоймаларында – олардың табанын су басуға әзiрлеу жөніндегі iс-шараларды жүзеге асырмай пайдалануға беруге рұқсат етiлмейдi.

4. Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындарды және басқа да құрылыстарды пайдалануға беруге тыйым салу туралы шешiмдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қабылданады.

 

89-бап. Жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалану

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер үстi су объектiлерiн ағынды суды ағызу үшiн пайдалануға тыйым салынады.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Сарқынды суларды жерүстi су объектiлерiне ағызуға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген шектерге дейiн тазарту шартымен арнайы су пайдалануға рұқсаты болған кезде жол берiледi.

3. Өнеркәсiптiк ластанған ағынды немесе шахталық, карьерлiк кенiш суларын жинағыштары бар ұйымдар оларды тазарту, зарарсыздандыру және кәдеге жарату үшiн қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ осы жинағыштар орналасқан жерлердi қайта өңдеудi жүзеге асыруға мiндеттi.

 

Ерекше бөлік

6-Бөлім. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 16-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

16-тарау. Елді мекендерді ауызсумен, техникалық сумен жабдықтау және су бұру

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 90-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

90-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауызсумен жабдықтау үшiн пайдалану

2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Ауызсумен жабдықтау үшiн олардағы судың сапасы белгiленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келетiн, ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер үстi және жер асты су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары берiледi.

2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау жағдайына арнап халықты ауыз сумен жабдықтауға жарамды сумен қамтамасыз ету үшiн ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер асты су объектiлерiнiң негiзiнде ауыз сумен жабдықтау көздерiн резервтеу жүзеге асырылады. Резервтелген сумен жабдықтау көздерiнде Қазақстан Республикасының су заңдары мен өзге де заңдарына сәйкес оларды қорғаудың және жай-күйiн бақылаудың арнайы режимi белгiленедi.

); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Ауызсумен жабдықтауға арналған жер үстi және жер асты суларының қауiпсiздiгiн халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен оның сенiмдiлiгi және санитариялық қорғау аймақтарын ұйымдастыру мүмкiндігi ескерiле отырып жүзеге асырылады.

5. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыз сумен жабдықтауға жарамды жер асты су объектiлерiн өзге мақсаттар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Жер үстi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақта облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары тиiстi негiздеме болған жағдайда уәкiлеттi органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша осы суларды ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат бере алады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Қаладағы аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде сумен жабдықтауды осы аумақтардың әкiмдерi ұйымдастырады.

Қалалық және ауылдық елді мекендердегі ауызсудың сапасына мемлекеттік бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 91-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

91-бап. Халықты орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Халықты орталықтандырылған ауызсумен  жабдықтауды тиiстi су құбырлары желісі бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Орталықтандырылған ауызсумен жабдықтауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар алынатын суды есепке алуды ұйымдастыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелеріндегі судың жай-күйiн үнемi қадағалап отыруға, сумен жабдықтау көздерi мен жүйелеріндегі су сапасының белгiленген ұлттық стандарттар мен гигиеналық нормативтерден ауытқуы туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарына, уәкiлеттi органға, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлауға мiндеттi.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

92-бап. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезiнде жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен оны облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында мiндеттi түрде тiркеп, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тұтас алғанда осы су объектiлерiне оң қорытындысы болған жағдайда тiкелей жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алуға құқылы.

Су объектiлерiнен тәулiгiне елу текше метрге дейiнгi көлемде су алу кезiнде халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау арнайы су пайдалануға рұқсат алуды талап етпейдi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алу уәкiлеттi органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуымен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары бекiткен ережелерге сәйкес жүргiзiледi.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-1-баппен толықтырылды

92-1-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрамы

1. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелері елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне жатады.

2. Мыналар елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады:

1) су тарту құрылыстары;

2) су құбырын тазартқыш құрылыстар;

3) реттегіш ыдыстар;

4) сорғы станциялары;

5) оқшау сутартқыштар;

6) тарату желілері;

7) ғимараттарға енгізу орындары;

8) ішкі сумен жабдықтау жүйелері;

9) суды есепке алу тораптары.

3. Мыналар елді мекеннің су бұру жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады:

1) ғимараттардың ішкі су бұру жүйелері;

2) ғимараттардан шығару орындары;

3) орамішілік және көшелік желілер;

4) коллекторлар;

5) сорғы станциялары;

6) сарқынды суларды тазартқыш құрылыстар кешендері;

7) су объектілеріне тазартылған сарқынды суларды ағызуға арналған құрылыстар (сужібергіштер).

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-2-баппен толықтырылды

92-2-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері

1. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері сумен жабдықтау көзінің типі мен жүйелерге кіретін элементтердің құрамы бойынша ерекшеленетін орталықтандырылған, орталықтандырылмаған болып бөлінеді.

2. Ауызсуды алуға, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және су тұтынушыларға беруге арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болып табылады.

3. Ауызсуды құбыржолдар арқылы тасымалдамай, оны алуға және дайындауға арналған су тарту құрылыстары мен су тазартқыш құрылыстар орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесі болып табылады.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-3-баппен толықтырылды

92-3-бап. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері

1. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері технологиялық процестің белгіленген нормалары бойынша дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өндірістік мұқтаждарын сумен қамтамасыз ету үшін құрылады.

2. Техникалық сумен жабдықтау схемасын таңдау кезінде, суды қайталап пайдалану, айналымдық сумен жабдықтау көзделеді.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-4-баппен толықтырылды

92-4-бап. Елді мекендердің су бұру жүйелері

1. Елді мекендердің су бұру жүйелері сарқынды суларды бірлесіп және (немесе) бөлек іркіліссіз бұру үшін қызмет етеді.

2. Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау шарттары мен тәртібі елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына сәйкес айқындалады.

3. Елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылмаған тұрғын үйлерден (тұрғын ғимараттардан) шыққан сұйық тұрмыстық қалдықтар су өткізбейтін науа-ыдыстарға құйылып, кейіннен арнайы автокөлікпен шығарылып және оларды орналастыру орындарын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органы және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым айқындайтын төгу станцияларында төгілуге тиіс.

4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың сарқынды суларын елді мекендердің су бұру жүйелеріне қабылдау:

1) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына сәйкес сарқынды сулар олардағы зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануының құрамы бойынша талаптарға сәйкес келген кезде жол беріледі. Сарқынды сулар сәйкес келмеген жағдайда дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар оларды тазартуды өзінің су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстарында жүзеге асыруға міндетті;

2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттарының талаптарын орындаған кезде жол беріледі.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-5-баппен толықтырылды

92-5-бап. Халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз ету кепілдіктері

1. Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғалар сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың қосылған желілері болған кезде су тұтынудың және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұрудың белгіленген нормаларына сәйкес ауызсумен қамтамасыз етіледі.

2. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің меншік иесі халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-6-баппен толықтырылды

92-6-бап. Ауызсудың сапасын қамтамасыз ету Ауызсудың сапасы:

1) ауызсумен жабдықтау көзін таңдау;

2) ауызсуды дайындау үшін тиісті технологияны, оларды пайдалану қауіпсіздігін және санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары бар жабдықты, материалдарды, реагенттерді пайдалану;

3) ауызсумен жабдықтау көздерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;

4) елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін білікті техникалық пайдалану;

5) ауызсумен жабдықтау көздеріндегі және жүйелеріндегі су сапасының санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-7-баппен толықтырылды

92-7-бап. Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру саласындағы суды есепке алудың жалпы ережелері

1. Сумен жабдықтау жүйелерінде көздерден алынатын, тарату желісіне және су тұтынушыларға берілген су көлемдерін толық есепке алу ұйымдастырылады.

2. Суды:

1) бірінші, екінші, үшінші және кейінгі көтерілімдердің сорғы стансаларында;

2) су тұтынушының сумен жабдықтау жүйелерімен баланстық тиесілікті немесе пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларында;

3) суды есепке алудың үйге ортақ аспабы арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) есепке алу міндетті болып табылады.

3. Суды есепке алу аспаптарына қойылатын талаптар осы Кодексте, техникалық регламенттерде, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларында белгіленеді.

4. Берілген су үшін су тұтынушылармен есеп айырысулар су тұтынушыда орнатылған және коммерциялық ретінде пайдалануға жол берілген, суды есепке алу аспаптарының көрсетілімдері ескеріле отырып, шарттар негізінде жүзеге асырылады.

5. Сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемі коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен, елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалады.

6. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдар суды есепке алу жөніндегі деректердің негізінде жыл сайын тарату желілеріндегі және су тұтынушыдағы су ысырабына талдау жүргізеді.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-8-баппен толықтырылды

92-8-бап. Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру

1. Көппәтерлі тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу жобаларында суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру үшін суды есепке алудың үйге ортақ және жеке (пәтер бойынша) аспаптарын міндетті түрде орнату көзделеді.

2. Пайдалануға жаңадан берілетін объектілерде деректерді қашықтықтан беретін, сезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық сыныпты суды есепке алу аспаптарын орнату көзделеді. Бұл талап жұмыс істемейтін немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткен, суды есепке алудың үйге ортақ аспаптары ауыстырылған жағдайда да қолданылады.

3. Жұмыс істемейтін немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткен, суды есепке алудың жеке (пәтер бойынша) аспаптары ауыстырылған кезде, сезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық сыныпты, кейіннен деректерді қашықтықтан беруге мүмкіндік болатын құрылғылармен жарақтандырылған суды есепке алу аспаптарын орнату көзделеді.

4. Елді мекеннің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосылған объектіні суды есепке алу аспаптарынсыз пайдалануға қабылдауға жол берілмейді.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-9-баппен толықтырылды

92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері

1. Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылардың:

1) жасасылған шартқа сәйкес ауызсуды тұтыну үшін санитариялық қағидаларға сай ауызсумен жабдықтау жүйелерінен сумен іркіліссіз қамтамасыз етілуге;

2) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеуге арналған төлем құжатын алуға;

3) ауызсу сапасы және оны берудегі ықтимал іркілістер туралы ақпарат алуға;

4) сотқа талап қоюға;

5) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер жобасын талқылау бойынша өткізілетін жария тыңдауларға қатысуға;

6) бір айдан кешіктірмей сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымды бұл жөнінде жазбаша хабардар еткен кезде шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

7) егер объектілері тұрғын үй қорына жатқызылса, денсаулық сақтау субъектілері пайдаланса, сондай-ақ тамақ өнімін өндіру үшін пайдаланылса, ауызсумен жабдықтау жүйелерінен бірінші кезектегі тәртіппен ауызсумен қамтамасыз етілуге;

8) көрсетілген қызметке төлемді түзету үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымға өтініш жасауға құқығы бар;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

2. Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылар:

1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйыммен сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға арналған шарт жасасуға;

2) меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің, олардағы басқару тораптарының, суды есепке алу аспаптарының белгіленген талаптарға сәйкес сақталуын және тиісінше санитариялық және техникалық жай-күйін ұстап-тұруға;

3) жасасылған шартқа және белгіленген тарифтерге сәйкес сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін уақтылы әрі толық көлемде ақы төлеуге;

4) көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) тұратын су тұтынушыларды қоспағанда, жеке салынған үйлерде тұратын су тұтынушыларды қоса алғанда, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылуға техникалық жағдайларының, меншігіндегі сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілерінің атқарушылық түсірілімінің болуы;

5) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын, санитариялық қағидаларды сақтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген талаптарды орындауға;

6) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануынан асып түсетін ластауыштармен сарқынды суларды ағызуға жол бермеуге;

7) шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулардың су бұру жүйесіне жауын-шашын және сорғыту суларын ағызуға жол бермеуге;

8) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның рұқсатынсыз меншігіндегі сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне өзге су тұтынушыларды қоспауға;

9) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық талаптарын орындауға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.

3. Су тұтынушы заңды тұлғалар, осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттерден басқа, мыналарды:

1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым өкілдерінің көрсетілімдерді алу және жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін суды есепке алу аспаптарына, аумағында орналасқан немесе шаруашылық жүргізуіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін, сарқынды сулардың сынамаларын алу үшін, сондай-ақ берешегі болған кезде су тұтынушының желілерін ажырату үшін кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

2) су тұтыну және (немесе) су бұру көлемдері шартта белгіленгеннен асқан кезде, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттарын немесе техникалық талаптарын сұратуға міндетті.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-10-баппен толықтырылды

92-10-бап. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері

1. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін ақы алуға;

2) суды есепке алу аспаптарын тексеруді жүргізуге;

3) сотқа талап қоюға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

2. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым:

1) гигиеналық нормативтерге сәйкес ауызсуды және оны су тұтынушыларға беруді дайындауды қамтамасыз етуге;

2) елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін іркіліссіз ұсынуды қамтамасыз етуге;

3) суды көздерден алуды, оны желіге және су тұтынушыларға беруді есепке алуды қамтамасыз етуге;

4) көздерді санитариялық қорғау аймақтары, сумен жабдықтау жүйелерінің құбыржолдарын санитариялық қорғау белдеулері және су бұру жүйелері элементтерінің санитариялық-қорғау аймақтары үшін белгіленген, шаруашылық және өзге де қызмет режимін сақтауға;

5) елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тиісінше пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

6) су тұтынушының желілері мен құрылыстары жарамды болған және (немесе) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттары орындалған кезде су тұтынушының объектілерін сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосуға рұқсат беруге;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындауға міндетті.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-11-баппен толықтырылды

92-11-бап. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кіретін сумен жабдықтау және су бұру жүйелері

1. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына:

1) сумен жабдықтау бойынша – тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) сыртқы қабырғаларының шекарасы шегіндегі ішкі сумен жабдықтау жүйелері, оның ішінде ауызсуды қосымша тазарту бойынша топтық қондырғылар, су тартатын сорғы қондырғылары;

2) су бұру бойынша – елді мекеннің су бұру желісіне қосылатын жердегі бірінші құдыққа дейінгі шығару орындарын қоса алғанда, үй ішіндегі жүйелер кіреді.

2. Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) ішкі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды пәтерлер мен үй-жайлардың меншік иелері, кондоминиум объектісін басқару органы жүргізеді, сондай-ақ бұл шарт негізінде жүргізіледі.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-12-баппен толықтырылды

92-12-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелері

1. Су тұтынушының баланстық тиесілікті бөлу шекарасынан су бөлу және санитариялық-техникалық аспаптардан су бұру жүйесіне сарқынды суларды шығару нүктелеріне дейінгі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтері су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне жатады және оларға өз күшімен, сондай-ақ шарт негізінде қызмет көрсетіледі.

2. Су тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің қондырғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 92-13-баппен толықтырылды

92-13-бап. Елді мекеннің сумен жабдықтаудың және су бұрудың иесіз қалған жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері

1. Елді мекеннің меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз не өзіне берілген меншiк құқығынан меншiк иесi бас тартқан сумен жабдықтау және су бұру жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері иесіз болып табылады.

2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы елді мекеннің сумен жабдықтаудың және су бұрудың иесіз қалған жүйесін және (немесе) оның құрамдас элементтерін анықтаған жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес оларды иесіз жылжымайтын заттар ретінде есепке қою жөніндегі рәсімдерді жүргізеді.

3. Елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері иесіз жылжымайтын заттар ретінде есепте болған уақытта сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі коммуналдық ұйымға пайдалануға беріледі.

4. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі коммуналдық ұйым өзіне пайдалануға берілген сумен жабдықтаудың иесіз қалған жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері арқылы су тұтынушыға берілетін ауызсудың сапасын қамтамасыз етеді.

 

 

17-тарау. Су объектілерін сауықтыру және рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану

 

93-бап. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалану

1. Ресурстарының табиғи емдiк қасиетi бар, сондай-ақ емдеу-профилактикалық мақсаттар үшiн қолайлы су объектiлерi сауықтыру объектiлерi санатына жатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сауықтыру мақсаттары үшiн пайдаланылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органдардың ұсынуы бойынша:

1) республикалық маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн – уәкілетті орган;

2) жергiлiктi маңызы бар сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiнiң тiзбесiн – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.

3. Сауықтыру мақсатындағы су объектiлерiн пайдалануға беру осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

94-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшін пайдалану

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Ықтимал сел қаупi бар су объектiлерiн қоспағанда, су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын рекреациялық мақсаттар үшiн пайдалануға оған арнаулы рұқсатсыз жол берiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқойлық және спорттық балық аулау үшiн пайдалануға уәкiлеттi органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары рұқсат бepeдi.

 

18-тарау. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану

 

95-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану

1. Су объектiлерiн ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн пайдалану ортақ және арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

2. Бастапқы су пайдаланушылар қайталама су пайдаланушылардың су пайдалану жоспарларының негiзiнде су көлемдерiн алуға жыл сайынғы өтiнiмдерiн жасайды. Уәкiлеттi орган жылдың жоспарланған сулылығын ескере отырып және бастапқы су пайдаланушылардың өтiнiмдерi негiзiнде олар үшiн су пайдалану лимиттерiн белгiлейдi. Қайталама су пайдаланушылар үшiн су жеткізу көлемдерi белгiленген лимиттер ескерiле отырып, бастапқы және қайталама су пайдаланушылардың арасында жасалған шарттармен айқындалады.

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3. Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшiн пайдалану мақсатында ерiген, жауын және тасқын суларды жинауға арналған су шаруашылығы құрылыстары бар жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға рұқсатының болуы міндетті.

4. Жер үстi және жер асты су объектiлерiн жайылымдарды суландыру үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

5. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда ортақ су пайдалану тәртібімен жол берiледi.

6. Жеке қосалқы шаруашылық жүргiзетiн, бағбандықпен және бақша өсiрумен айналысатын жеке тұлғаларға суару үшiн су белгiленген лимиттерге сәйкес арнайы су пайдалану тәртібімен бөлiнедi. Жеткiлiктi су ресурстары болмаған жағдайда суару үшiн су басқа су пайдаланушылардың лимиттерiн қайта бөлу есебiнен бөлiнуi мүмкiн.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

7. Суару, құрғату, сортаңданған топырақты шаю және басқа да мелиорациялық жұмыстар су объектiлерiн және олардың су жинау алаңдарын қорғауды қамтамасыз ететiн табиғат қорғау iс-шараларымен бiр кешенде жүзеге асырылуға тиiс. Суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингiн және оны бағалауды бюджет қаражаты есебiнен мамандандырылған мемлекеттік мекемелер жүргiзедi.

8. Ағынды суды суару үшiн пайдалану белгiленген экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүргiзiледi.

9. Суармалы аймақта су пайдаланушылар қайталама сулардың көлемi мен сапасына болжам жасайды, су объектiлерiне ағызу көлемдерiн, жинақтағыш су қоймаларын жасауды немесе оларды жасалған жерiнде пайдалануды жоспарлайды.

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен Заң 95-1 баппен толықтырылды

95-1-бап. Жерді гидромелиорациялау

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Жай-күйi судың әсерiне байланысты болатын құрғақшылық, сортаңданған, батпақты, артық ылғалды жерлердiң жай-күйін жақсарту мақсатында жердi гидромелиорациялау жүргізіледі.

2. Жерді гидромелиорациялау түрлеріне жерді суару, құрғату және сортаңданған топырақты шаю жатады.

 

96-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум

1. Гидромелиорациялық кондоминиум – бiртұтас мүлiктiк кешен (бұдан әрi – гидромелиорациялық кондоминиум объектiсi) ретiнде жылжымайтын мүлiкке меншiктiң ерекше нысаны, бұл ретте жер учаскелерiне заттық құқық жеке және заңды тұлғалардың иелiгiнде, ал гидромелиорациялық жүйе немесе оның элементтерi ортақ үлестiк меншiк құқығында олардың иелiгiнде болады.

 

97-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумды құру және тоқтату

1. Гидромелиорациялық кондоминиум екi және одан көп жер пайдаланушыларға немесе жер учаскелерi меншiктенушілерiне тиесiлi бiр суару каналында немесе оның бөлiгiнде орналасқан суармалы алқаптарының жер учаскелерiнде құрылуы мүмкiн.

2. Жер учаскелерiне заттық құқық иелерiнiң әрқайсысы өз қалауы бойынша гидромелиорациялық кондоминиумға өзiнiң қатысу-қатыспауына қарамастан жер учаскесiне өз құқығын iске асыруға құқылы.

Гидромелиорациялық кондоминиумның құрамына кiретiн су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жер учаскелерi бұру белдеулерiне жатады және ортақ үлестiк меншiк құқығында гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушыларға тиесiлi болады.

3. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi осы қатысушы құқығын иеленген суармалы жер учаскесiнiң бүкiл суару алқабының жалпы алаңына қатынасымен айқындалады. Гидромелиорациялық кондоминиум мүлкіндегі мұндай үлестi заттай түрде бөлуге болмайды (мiнсiз үлес).

4. Гидромелиорациялық кондоминиумның барлық қатысушыларының келісімiнде ортақ мүлiктегi үлестiң мөлшерi айқындалмауы мүмкiн, бұл жағдайда гидромелиорациялық кондоминиумның мүлкi үлестi бөлiнуге жатпайтын ортақ меншiкте болады.

5. Суармалы жер учаскесiне заттық құқығының (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығының тоқтатылуын қоспағанда) басқа тұлғаға ауысуы гидромелиорациялық кондоминиум мүлкіндегі үлестiң де алушыға ауысуына әкеп соғады.

6. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушы гидромелиорациялық кондоминиум мүлкіндегі өз үлесiн суармалы жер учаскесiне құқығынан бөлек иелiктен айыруға құқылы емес.

7. Гидромелиорациялық кондоминиумның ортақ мүлкi оның барлық қатысушыларының келiсуiмен кепіл ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.

8. Бiр гидромелиорациялық кондоминиум қызмет көрсететiн барлық суармалы жер учаскелерiне заттық құқығы (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығын қоспағанда) және гидромелиорациялық кондоминиум мүлкiне меншiк құқығы бiр тұлғаға ауысқан жағдайда гидромелиорациялық кондоминиум жойылуы мүмкін.

 

98-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн тiркеу

2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсi Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу туралы заңдарына сәйкес бiртұтас кешен ретiнде тiркелуге тиiс.

2. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

99-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың құқықтары

1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың барлығының ортақ мүлiктi олардың гидромелиорациялық кондоминиумға қатысудағы үлесiне мөлшерлес басқаруға құқығы бар.

2. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың әрқайсысының ортақ мүлiктi пайдалануға құқығы бар. Гидромелиорациялық кондоминиумның ортақ мүлкiн пайдалану тәртібі қатысушылардың келісімiмен айқындалады.

Жер учаскесiн басқа тұлғаларға жалға беру (уақытша жер пайдаланудың қайталама құқығы) жалға берушiнiң гидромелиорациялық кондоминиумға қатысуын тоқтатуға әкеп соқпайды.

3. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да құқықтарға ие болуы мүмкiн.

 

100-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың мiндеттерi

1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар:

1) ортақ мүлiктi ұстауға арналған барлық шығыстарға қатысуға;

2) ортақ мүлiктiң сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де мiндеттердi атқара алады.

 

101-бап. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысу ерекшелiктерi

1. Ортақ мүлiктi ұстауға арналған шығыстардың мөлшерi, егер гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың келісімiмен өзгеше көзделмесе, қатысушының ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлес белгiленедi.

2. Егер гидромелиорациялық кондоминиумдағы суармалы жер учаскесiн оған қатысушы пайдаланбаған жағдайда, ол ортақ мүлiктi ұстауға арналған шығыстардан босатылмайды.

3. Суармалы жер учаскелерi жалгерлерiнiң дауыс беру құқығы болмайды және олар гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқаруға өзге түрде қатыса алмайды, бiрақ гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар үшiн ортақ ережелердi сақтауға мiндеттi.

4. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылардың кондоминиумның ортақ мүлкiн өз атынан иелiктен айыруға құқығы жоқ.

 

102-бап. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару

1. Гидромелиорациялық кондоминиумға қатысушылар гидромелиорациялық кондоминиум объектi тiркелгеннен кейiн бiр айдың iшiнде оны басқару нысаны туралы мәселенi шешуге мiндеттi.

2. Гидромелиорациялық кондоминиум объектiсiн басқару нысаны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған қатысушылардың келісімiмен айқындалады.

 

19-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсіп пен энергетика үшін пайдалану

 

103-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiп пен жылу энергетикасы үшiн пайдалану

1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiптiң және жылу энергетикасының мұқтаждары үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Салқындату мақсатында су объектілерінен немесе салқындатқыш тоғандардан сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын жұмыс істеп тұрған немесе реконструкцияланып жатқан жылу энергетикасы ұйымдарын қоспағанда, өнеркәсiп пен жылу энергетикасы ұйымдарының айналымдық сумен жабдықтауы болуға мiндеттi.

Салқындату мақсатында су объектілерінен немесе салқындатқыш тоғандардан сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын жұмыс істеп тұрған немесе реконструкцияланып жатқан жылу энергетикасы ұйымдарын қоспағанда, айналымдық сумен жабдықтауы жоқ ұйымдар уәкiлеттi органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға нақты мерзiмдерiн көрсете отырып, айналымдық сумен жабдықтауға көшу жоспарын ұсынуға мiндеттi.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Ауыз су және минералды су санатына жатқызылмаған жер асты сулары, сондай-ақ басқа да пайдалы қазбалармен ілеспе өндірілген сулар (шахта, карьер, кеніш сулары) экологиялық талаптар сақтала отырып, арнайы су пайдалану шарттарымен техникалық сумен жабдықтау үшiн және басқа да өндiрiстiк мұқтаждар үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

4. Халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн, басқа пайдалы қазбалармен бiрге өндiрiлген жер асты сулары мiндеттi түрде кәдеге жаратылуға тиiс.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

5. Технологиялық процеске байланысты ауыз суды пайдалану көзделген кәсiпорындарды қоспағанда, басқа сападағы суды пайдалану мүмкiндiгi бола тұрып, ауыз суды өнеркәсiп үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары халықтың ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарын бiрiншi кезекте қанағаттандыруды ескере отырып, ауыз суды өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн тұтынуға уақытша рұқсат беруге құқылы. Ауыз суды өнеркәсiптiк мұқтаждар үшiн тұтыну мерзiмдерi уәкiлеттi органның келісімi бойынша белгiленедi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар болған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өнеркәсiп және жылу энергетикасы кәсiпорындарының су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануын шектеуге, тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқылы.

 

104-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану

2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын гидроэнергетика үшiн пайдалану уәкiлеттi органмен және басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен, ал сел қаупi бар аудандарда – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша экономиканың басқа салаларының мүдделерiн, суларды кешендi пайдалану және оларды қорғау талаптарының сақталуын ескере отырып, арнайы су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

2. Су объектiлеріндегі гидроэнергетикалық және гидротехникалық құрылыстарды пайдаланатын ұйымдар:

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

1) ауызсумен жабдықтау басымдығын сақтай отырып, су қоймаларын толтырудың және босатудың белгiленген режимiн;

2) өзендердiң жайылмалары мен атырауларында балық ресурстарын сақтау және ұдайы молайту үшiн шешушi маңызы бар өзендер мен су қоймаларының учаскелеріндегі балық шаруашылығының қажеттiлiгiн;

3) кемелер мен салдардың кедергiсiз өтiкiзiлуiн;

4) белгiленген табиғат қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық және авариялық су жiберулерiнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

3. Егер су қоймаларын толтыру және босату нәтижесiнде туындаған су объектiлерi табиғи деңгейiнiң өзгеруi салдарынан жеке және (немесе) заңды тұлғаларға зиян келтiрiлсе, кiнәлiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны өтеуге мiндеттi.

 

 

20-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын көлік, ағаш ағызу және өртке

қарсы мұқтаждар үшін пайдалану

 

105-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын көлiк және ағаш ағызу үшiн пайдалану

1. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.

2. 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбiн, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн және оларды пайдалану қағидаларын бекiтудi уәкілетті орган жүзеге асырады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнде кеме жетегiнсiз ағаш ағызуға тыйым салынады. Су объектiлерiнде күйелi ағаш ағызуға тыйым салынады. Ағаш ағызуды жүзеге асыратын ұйымдар су объектiлерiн батып кеткен ағаш сүрегiнен үнемi тазартып отыруға мiндеттi. Ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртібін уәкiлеттi органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары белгiлейдi.

5. Су объектiлерiн шағын көлемдi кемелерде жүзу үшiн, сондай-ақ әуе кемелерiнiң ұшып шығуы (қонуы) үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Кеме қатынасына, ағаш ағызуға, әуе кемелерiнiң ұшып шығуына (қонуына) арналған су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану кезiнде су пайдаланушылар:

1) суды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге;

2) кеме қатынасын реттейтiн органдардың талаптарын орындауға;

3) су объектiлерiне шаруашылық-тұрмыстық қалдықтардың және ластайтын заттардың ағызылуына жол бермеуге;

4) су объектiлерiнiң және су шаруашылығы, гидротехникалық және басқа да құрылыстардың арналары мен жағалауларының бұзылуына жол бермеуге;

5) басқa жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын бұзбауға мiндеттi.

 

106-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өртке қарсы мұқтаждар үшiн пайдалану

1. Өртке қарсы мұқтаждар үшiн кез келген су объектiлерiнен арнайы рұқсатсыз cу алуға жол берiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мақсаттар үшiн су алу орындарын (пирстер, кiреберiстер, жарық нұсқағыштары) таңдауды, оны жайластыруды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары уәкiлеттi орган және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган қоятын шарттарды сақтай отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша жүзеге асыруға тиiс.

3. Өздерiнiң cу құбырлары желiлерiнде тиiстi өрт сөндiру құрылыстары мен құрылғылары бар заңды тұлғалар оларды ақаусыз күйiнде ұстауға мiндеттi.

4. Арнайы өртке қарсы мұқтаждарға арналған су объектiлерiнен және су шаруашылығы құрылыстарынан суды өзге мaқсаттар үшiн пайдалануға тыйым салынады.

 

21-тарау. Су объектілерін және су шаруашылығы

құрылыстарын балық және аңшылық шаруашылықтарын жүргізу үшін пайдалану

 

107-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн пайдалану

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшін (оның ішінде кәсіпшілік балық аулау үшін) маңызды мәні бар су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су қорғау белдеулерінің учаскелерін облыстың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес конкурстың қорытындылары бойынша балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға береді.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн ауызсумен жабдықтаудан басқа, өзге мақсаттар үшiн пайдалануды уәкiлеттi орган балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша балық шаруашылығының мүдделерiне орай шектеуi мүмкiн.

3. Пайдалануына балық шаруашылығын жүргiзу және балық ресурстарын аулау үшiн су объектiлерi және су шаруашылығы құрылыстары берiлген жеке және заңды тұлғалар:

1) уәкiлеттi органмен және балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша су объектiлерi және cy шаруашылығы құрылыстарының жай-күйiн жақсартуды және балық қорларын ұдайы молайтуды қамтамасыз ететiн балық шаруашылығы мен мелиорациялық-техникалық iс-шараларды жүргiзуге;

2) су объектiлерiнiң жағалауларын және су шаруашылығы құрылыстарын олар пайдаланылатын жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес ұстауға мiндеттi.

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

4. Қорықтардың, балық питомниктерiнiң, тоған, көл және басқа да балық шаруашылықтары аумағында орналасқандарын, сондай-ақ ауызсумен жабдықтайтын су қоймаларын қоспағанда, су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын жеке тұлғалар балық аулаудың белгiленген ережелерiн сақтай отырып, спорттық және әуесқойлық балық аулау үшiн пайдалана алады.

 

108-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын аңшылық шаруашылығын жүргізу үшiн пайдалану

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөлiктерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жергiлiктi өкiлдi органмен, уәкiлеттi органмен және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына бередi.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Пайдалану режимi құстар мен су жануарлары жаппай мекендейтiн жерлерге әсер ететiн су қоймаларын, көлдердi және басқа да су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын, сондай-ақ су объектілерінің акваториясында орналасқан құрылыстарды пайдалану кезiнде сулы-батпақты алқаптардың қажетті гидрологиялық режимінің сақталуы және аңшылық шаруашылығын жүргiзу мүдделерi ескерiлуге тиiс.

3. Мелиорациялық-техникалық жұмыстар жүргiзу мен балық аулауды, су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында бағалы, сирек кездесетiн және жоғалып кету қаупi бар жануарлар мекендейтiн жерлерде аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн пайдалы өсiмдiктер өсiру уәкiлеттi органмен және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Бағалы, сирек кездесетiн және жоғалып кету қаупi бар жануарлар мекендейтiн жерлерде, сондай-ақ жануарлар дүниесiн ұдайы молайту мен қорғау жөніндегі iс-шаралар жүзеге асырылатын учаскелерде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкiлеттi органмен, аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жеке тұлғалардың болуына, әуесқойлық және кәсiпшiлiк аң аулауға, жағалау белдеуiнде құрылыс салуға және су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйiн және аңшылық шаруашылығын жүргiзудi нашарлататын басқа да iс-әрекеттерге шек қоюы мүмкiн.

 

22-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану. Өзендер мен каналдарда

су қоймалары мен тежеуіш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану

 

109-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерiн пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.

 

110-бап. Су қоймаларын пайдалану

1. Су қоймалары жер үстіндегі ағын суды реттеу және су пайдаланушылардың суға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында жасалады.

2. Cу қоймаларын жобалау, салу және пайдалану қалыптасқан табиғи және шаруашылық кешендерге осындай араласудың барлық ықтимал терiс салдары ескерiле отырып жүзеге асырылады.

3. Су қоймалары гидрогеологиялық және инженерлiк-геологиялық санитарлық-шарттарды және экологиялық тұрақтылықтың, эпидемиологиялық және радиациялық қауiпсiздiктiң сақталуын, халықтың және экономика салалары мүдделерiнiң қанағаттандырылуын қамтамасыз ететiн шарттарды зерттеу талаптары сақталған жағдайда пайдалануға берiледi.

4. Су қоймаларын пайдалану тәртібі мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкiлеттi орган бекiткен ережелермен айқындалады.

5. Су қоймаларын, олардағы су құбыры және су өткізу немесе су тарту құрылыстарын пайдаланатын ұйымдар су қоймалары әсер ететiн аймақтардағы су пайдаланушылар мен жер пайдаланушылардың мүдделерi ескерiле отырып белгiленген су қоймаларын толтыру және ағызу режимiн сақтауға мiндеттi.

6. Су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

7. Осы баптың ережелерi су қоймалары ретiнде пайдаланылатын көлдер мен басқа су айдындарында да қолданылады.

 

111-бап. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану

1. Өзендер мен каналдарда тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен iске қосу олардың мақсатына, осы құрылыстарды жобалау кезiнде әзiрленген шарттар мен нормаларға сәйкес жүргiзiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Су пайдаланушылардың тежеуiш гидротехникалық құрылыстардың көмегiмен жер үстіндегі ағын суды реттеуi кеме қатынасы және осы өзен бассейнiнiң су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау ескерiле отырып, уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлеріне сәйкес келетін тежеуiш гидротехникалық құрылыстарды бөгеттердің қауіпсіздігі декларациялаусыз пайдалануға тыйым салынады.

4. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын (бұдан әрі – декларация) әзірлеуді бөгетті пайдаланатын ұйым дербес не оның қаражаты есебінен бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған бөгде ұйым жүзеге асырады.

5. Декларация бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына уәкілетті орган аттестаттаған ұйымда өтініш беруші ұйымның қаражаты есебінен сараптамадан өткізілуге тиіс.

6. Декларацияның тіркеу шифрын беру үшін өтініш беруші уәкілетті органға электрондық құжаттар нысанындағы өтініш пен декларацияны сараптама қорытындысының көшірмесімен бірге ұсынады.

Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап, декларацияны тіркеу туралы шешім қабылдайды не дәлелді бас тартуды береді.

Уәкілетті орган тіркеген декларация уәкілетті органда электрондық құжат нысанында сақталады.

7. Бөгеттер және бөгеттердің қауіпсіздігі декларациясын тіркеген ұйымдар тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

8. Бөгеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін шарттар өзгерген жағдайда декларация өзгертілуге жатады.

Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде оған қайта сараптама жүргізілуге және ол тіркелуге тиіс.

 

 

7-Бөлім. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы күресу

 

23-тарау. Су қорғау қызметі

 

112-бап. Су объектiлерiн қорғау

1. Су объектiлерi:

1) зиянды қауiптi химиялық және уытты заттармен және олардың қоспаларымен табиғи және техногендiк ластанудан, жылу, бактериялық, радиациялық және басқа ластанудан;

2) қатты, ерiмейтiн заттармен, өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де тектегi қалдықтармен қоқыстанудан;

3) сарқылудан қорғалуға тиiс.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Су объектiлерi:

1) табиғи жүйелердiң экологиялық тұрақтылығының бұзылуын;

2) халықтың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлуiн;

3) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының азаюын;

4) сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауын;

5) су объектiлерiнiң табиғи молаю және тазару қабiлетiнiң төмендеуiн;

6) су объектiлерi гидрологиялық және гидрогеологиялық режимiнiң нашарлауын;

7) су объектiлерiнiң физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерiне терiс әсер ететiн басқа да қолайсыз құбылыстарды болғызбау мақсатымен қорғалуға тиiс.

3. Су объектiлерiн қорғау:

1) су объектiлерiн пайдаланудың кез келген түрiн жүзеге асыратын барлық су пайдаланушыларға осы объектiлердi қорғау жөнiнде ортақ талаптар қою;

2) шаруашылық қызметiнiң жекелеген түрлерiне арнайы талаптар қою;

3) жаңа техника мен экологиялық, эпидемиологиялық жағынан қауiпсiз технологиялар енгiзе отырып, су қорғау iс-шараларын жетiлдiру және қолдану;

4) су қорғау аймақтарын, су объектiлерiнiң қорғау белдеулерiн, ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу;

5) су объектiлерiн пайдалану мен қорғауды бақылаудың мемлекеттік және басқа да нысандарын жүргiзу;

6) су объектiлерiн қорғау жөніндегі талаптардың орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

4. Орталық органдар және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес су объектiлерiн сақтау, олардың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ аталған құбылыстардың зардаптарын жою жөнiнде тұрақты даму принципiмен үйлесiмдi шаралар қолданады.

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Қызметi су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгіленген экологиялық талаптарды сақтауға және ұйымдастырушылық, технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитарлық-эпидемиологиялық iс-шараларды және су объектiлерiн ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды қамтамасыз ететiн басқа да iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.

 

113-бап. Су объектiлерiн ластанудан қорғау

1. Су объектiлерiнiң сапалық жай-күйiн нашарлататын және пайдаланылуын қиындататын заттардың немесе ластаушы нәрселердiң су объектiлерiне тасталуы немесе өзге де тәсiлмен түсуi су объектiлерiнiң ластануы деп танылады.

2. Су объектiлерiн, диффузиялық ластануды (жер бетi мен ауа арқылы ластану) қоса алғанда, ластанудың барлық түрiнен қорғау жүзеге асырылады.

3. Су объектiлерiн ластанудан қорғау мақсатында:

1) су объектiлерiнiң су жинау алаңында улы химикаттарды, тыңайтқыштарды қолдануға тыйым салынады. Су объектiлерiнiң су жинау алаңы мен санитарлық қорғау аймағында дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық iс-шаралар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келісім бойынша жүргiзiледi;

2) радиоактивтi және уытты заттарды су объектiлерiне тастауға және көмуге;

3) тазарту құрылыстары жоқ және нормативтерге сәйкес тиiмдi тазартуды қамтамасыз етпейтiн өнеркәсiп, тамақ объектiлерiнiң ағынды суларын су объектiлерiне ағызуға;

4) су объектiлерiнде радиоактивтi және уытты заттар бөлiнуi қоса жүретiн технологиялардың ядролық және өзге де түрлерi пайдаланылатын жарылыс жұмыстарын жүргiзуге;

5) су объектiлерiнде және су шаруашылығы құрылыстарында халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн техника мен технологиялардың қолданылуына тыйым салынады.

 

114-бап. Су объектiлерiн қоқыстанудан қорғау

1. Су объектiсiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтардың, сондай-ақ салмақты бөлшектердiң түсуi, соның салдарынан оның гидрологиялық жай-күйi нашарлап, су пайдаланудың қиындауы су объектiлерiнiң қоқыстануы деп танылады.

2. Су объектiлерiне қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастауға және оларды көмуге тыйым салынады.

3. Су объектiлерiнiң су жинау алаңдарын, су объектiлерiнiң мұз қабатын, мұздықтарды қатты, өндiрiстiк, тұрмыстық және шайылу кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнiң сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстауға жол берiлмейдi.

 

115-бап. Су объектiлерiн сарқылудан қорғау

1. Ағындының рұқсат етiлетiн деңгейiнiң ең аз мөлшерiнiң, жер үстi су қорының азаюы немесе жер асты су қорының кемуi су объектiлерiнiң сарқылуы деп танылады.

2. Су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбау мақсатында су объектiлерiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар:

1) су объектiлерiнен лимиттен тыс қайтарымсыз су алуға жол бермеуге;

2) су қорғау аймақтары мен белдеулерi аумағында жер жыртуға, мал тоғыту мен санитарлық дауалауға, құрылыстар салуға және су объектiлерiнiң сарқылуына әкеп соғатын басқа да шаруашылық қызмет түрлерiн жүргiзуге жол бермеуге;

3) су қорғау iс-шараларын жүргiзуге мiндеттi.

3. Жеке және заңды тұлғалар жүргiзетiн су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шаралары уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен алдын ала келісіледi.

 

116-бап. Су объектiлерiнiң және су шаруашылығы құрылыстарының су қорғау аймақтары мен белдеулерi

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері мен мемлекеттік орман қоры құрамына кіретін су объектілерін қоспағанда, су объектілері және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау үшiн ерекше пайдалану шарттары бар су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және оларды шаруашылықта пайдалану режимiн облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органмен, ал сел қаупi бар аудандарда – қосымша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілiп бекітілген жобалау құжаттамасының негiзiнде белгiлейдi.

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

4. 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын уәкілетті орган бекiтедi.

 

117-бап. Суларды санитарлық қорғау аймақтары

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Ауыз сумен жабдықтау, емдеу, курорттық және халықты сауықтырудың өзге мұқтаждары үшiн пайдаланылатын суларды қорғау мақсатында облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары санитарлық қорғау аймақтарын белгiлейдi.

2. Санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық қорғау белдеулерiн белгiлеу тәртібін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.

 

118-бап. Су объектiлеріндегі төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары

1. Шаруашылық қызмет немесе табиғи процестер нәтижесiнде халықтың денсаулығына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiне, қоршаған ортаның жай-күйiне қауiп төндiретiн өзгерістер болатын су объектiлерi төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апат аймақтары деп жариялануы мүмкiн.

2. Cу объектiлеріндегі немесе өзен бассейндеріндегі және жер асты су көздеріндегі төтенше экологиялық жағдайды Қазақстан Республикасының Үкіметі жариялайды.

 

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 119-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

119-бап. Су қорғау белдеулеріндегі жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру және су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызметінің режиміне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау

1. Су объектiлерiнiң су қорғау белдеулеріндегі жер учаскелерi шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптарды сақтау шартымен, Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға уақытша пайдалануға берiлуi мүмкiн.

2. Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі шаруашылық қызмет режимiне қойылатын талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган өздерiнiң құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

 

120-бап. Жер асты су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

1. Өндiрiстiк қызметi жер асты суларының жай-күйiне зиянды әсер етуi мүмкiн болатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының мониторингiн жүргiзуге және су ресурстарының ластануы мен сарқылуын және сулардың зиянды әсерiн болғызбау жөнiнде уақтылы шаралар қолдануға мiндеттi.

2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Ауызсумен жабдықтау үшiн пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкiн болатын жер асты суларының су жинау алаңдарында радиоактивтi және химиялық қалдықтар көмудi, үйiндiлердi, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және жер асты суларының жай-күйiне әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға тыйым салынады.

3. Егер жер асты суларының жай-күйiне әсер етсе немесе әсер етуi мүмкiн болса, жерлердi ағынды сумен суаруға тыйым салынады.

4. Гидрогеологиялық ұңғымалар, соның iшiнде өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымалары, сондай-ақ пайдалануға жарамсыз немесе пайдаланылуы тоқтатылған ұңғымалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен консервациялау құрылғыларымен жабдықталуға немесе жойылуға тиіс.

2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Егер жеке және заңды тұлғалар бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргiзу кезiнде суы бар жиектердi ашса, олар өздiгiнен төгiлетiн және барлау ұңғымаларын реттеушi құрылғылармен және бақылау құралдарымен жабдықтауға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес жер асты суларын қорғау жөніндегі басқа да шараларды қолдануға мiндеттi.

6. Жер асты суларының су алу құрылыстарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар жер асты суларының санитарлық қорғау аймағы мен олардың мониторингiн ұйымдастыруға мiндеттi.

7. Мелиорацияланған жерлерде сорғыту жүйелерiн салу мен пайдалану кезiнде арнайы cy пайдалануға рұқсаты болған жағдайда жер асты суларын сыртқа шығаруға жол берiледi.

8. Жер асты суларын пайдалануға байланысты су тарту құрылыстарын орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезiнде олардың жер үстi су объектiлерi мен қоршаған ортаға зиянды әсерiн болғызбайтын шаралар көзделуге тиiс.

9. Пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау және өндiру, жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану кезiнде жер қойнауын пайдаланушылар жер асты суларының ластануы мен сарқылуының алдын алу жөнінде шаралар қолдануға мiндеттi.

 

24-тарау. Шағын су объектілері және оларды қорғау ерекшеліктері

 

121-бап. Шағын су объектiлерi

1. Шағын су объектiлерiне көлемi мынадай табиғи су объектiлерi:

тұйық су объектiлерi бойынша – су бетiнiң алаңы он гектарға дейiнгi; өзендер бойынша – ұзындығы екi жүз километрге дейiнгi ағын сулар жатады.

2. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын пайдалану, әдетте, ортақ су пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.

3. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын арнайы су пайдалану тәртібімен пайдалану уәкілетті орган осындай су пайдаланудың олардың жай-күйiне салдарларын зерттегеннен кейiн және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда мүмкiн болады.

 

122-бап. Шағын су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Шағын су объектiлерiнiң су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде ортақ су пайдалану режимiн және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруды, сондай-ақ олардың ластануының, қоқыстануы мен сарқылуының алдын алу және жою жөніндегі шараларды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, ал сел қаупi бар өңірлерде – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша белгiлейдi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда

2. Шағын су объектiлерiнiң сарқылуын, ластануын және азып-тозуын болғызбау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес оларды қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жеке көздейдi.

3. Шаруашылық қызметi шағын су объектiлерiнiң жай-күйi мен режимiне әсер ететiн жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органмен келісілген шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын қалпына келтiру және олардағы сулардың тазалығын сақтау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруға мiндеттi.

 

 

25-тарау. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою

 

123-бап. Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөніндегі мiндеттерi

Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар судың мынадай зиянды әсерлерiнiң:

су тасу, су басу, топан су басу;

жағалаудың, қорғау бөгеттерiнiң және басқа да құрылыстардың қирауы;

жерлердiң батпақтануы мен сортаңдануы;

топырақ пен су объектiлерiнiң эрозиясы, жыралардың пайда болуы, сырғымалар, сел тасқындары мен басқа да зиянды құбылыстардың алдын алу және оларды жою жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.

 

124-бап. Судың зиянды әсерiнiң алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды жүзеге асыру тәртібі

 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Су шаруашылығы ұйымдары, су пайдаланушылар, жеке және заңды тұлғалар елді мекендерді, өнеркәсіп объектілерін, ауыл шаруашылығы жерлерін, қорғалатын аумақтарды судың зиянды әсерінен қорғау жөніндегі алдын алу іс-шаралары мен ағымдағы іс-шараларды жоспарлауға және жүргізуге міндетті. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі алдын алу іс-шаралары мен ағымдағы іс-шараларды қаржыландыру су пайдаланушылардың қаражаты мен бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Жеке және заңды тұлғалар судың зиянды әсерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі су шаруашылығы іс-шараларын өткізу кезінде:

1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын салуда, пайдалануға беруде, пайдалануда, жөндеуде, реконструкциялауда, консервациялауда, пайдаланудан шығаруда және жоюда қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтауға;

2) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстары қауіпсіздігінің нашарлап кетуінің жай-күйін жүйелі түрде талдауға;

3) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарына ұдайы тексеру жүргізуге;

4) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы аварияларды жоюға арналған қаржылық және материалдық резервтерді құруға;

5) су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлайтын оқшау жүйелерді үнемі дайындықта ұстауға міндетті.

2. Судың зиянды әсерiнен туындаған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

26-тарау. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жұмыстар жүргізу тәртібі

 

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 125-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен 125-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

125-бап. Су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындарды және басқа да құрылыстарды орналастыру, жобалау, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру шарттары

1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;

3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7) тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, улы химикаттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен және улы химикаттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін улы химикаттармен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Су объектілерінде және (немесе) су қорғау аймақтарында (су қорғау белдеулерінен басқа) жаңа объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерін және коммуникацияларды) жобалау, салу және орналастыру, сондай-ақ олар алып жатқан жер учаскелері су қорғау аймақтарына және белдеулерге немесе өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызылғанға дейін тұрғызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, ветеринария саласындағы уәкілетті органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.

Келiсу тәртiбi Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес бекiтiлген, құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалады.

Ықтимал сел қаупі бар су объектілеріндегі нақ осындай қызмет – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен, ал су кемелері қатынайтын су жолдарында су көлігі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.

4. Қолданылуы су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін жаңа объектілердің құрылысын немесе қолданыстағыларын реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу) жобаларында техникалық сумен жабдықтаудың тұйық (ақпайтын) жүйесі көзделуге тиіс.

5. Су объектілерінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін қолданыстағы (салынып жатқан) объектілерді консервациялау және жою (кейіннен кәдеге жарату) уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

6. Cу объектілерінің аумағы арқылы көліктік немесе инженерлік коммуникациялар салу жобалары тасқын суларды өткізуді, су объектілерін пайдалану режимін, судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбауды, олардың зиянды әсерінің алдын алуды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жүргізілуін көздеуге тиіс.

Көрсетілген жобалар уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау саласындағы уәкілетті органмен келісілуге жатады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Қазақстан Республикасының заңнамасындабелгіленген тәртіппен келісілген және салалық сараптамалардың түйіндерін қамтитын, құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы алынған жобалар болмаса, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар мен коммуникациялар салуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) тыйым салынады.

 

126-бап. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде жұмыстар жүргiзу

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

1. Су объектiлеріндегі немесе су қорғау аймақтарындағы су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн құрылыс, түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды және басқа да ресурстарды өндiру, кабельдердi, құбырлар мен басқа да коммуникацияларды төсеу, орман ағаштарын кесу, бұрғылау және өзге де жұмыстар уәкiлеттi органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен, кеме қатынасына жатқызылған су объектiлерiнде – қосымша су көлiгi органдарымен де келісім бойынша жүргiзiледi.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Су объектiлерiнде және олардың су қорғау аймақтарында жұмыстар жүргiзу тәртібі су объектiлерiнiң жай-күйiн, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын сақтау талаптарын ескере отырып, уәкiлеттi органмен,қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен және өзге де мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша әрбiр су объектiсi бойынша жеке-дара айқындалады.

 

 

8-Бөлім. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілеріндегі шаруашылық қызметті құқықтық реттеу ерекшеліктері

 

27-тарау. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері

 

127-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлеріндегі шаруашылық қызметтiң құқықтық режимi

Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлеріндегі шаруашылық қызметтi реттеудiң құқықтық режимiне мыналар кiредi:

1) экономика мүдделерiнiң экологиялық, мәдени және тарихи құрамдас бөлiктермен балансын сақтау негiзiнде аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

2) табиғи су кешенiнiң су объектiлеріндегі судың деңгейiн белгiленген шектi белгiден төмен болмайтындай деңгейде сақтау;

3) өндiрiстердiң жұмыс iстеуiнiң технологиялық схемалары мен ұйымдастыру-экономикалық нысандарын тұрақты жетiлдiру негiзiнде су ресурстарын тиiмдi пайдалану;

4) су бассейнi мен су объектiсiнiң жай-күйiн жақсарту;

5) аймақтың экономикалық, ресурстық әлеуетiн және оның санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық салауаттылығын сақтауда жұртшылықтың рөлiн арттыру;

6) балық ресурстарын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн сақтау және ұдайы молайту;

7) рекреациялық кешендi дамыту;

8) заңдылықты және экологиялық құқық тәртібін нығайту.

 

128-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiн қорғау ерекшелiктерi

Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың ерекшелiктерi мыналар болып табылады:

1) аймаққа бөлу және жеке аймақтар бойынша су және экологиялық нормативтер белгiлеу;

2) су объектiлерiне және олардың экологиялық жүйесiне антропогендiк жүктеме нормалау;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3) аймақтың су объектiлерiн пайдалану ережелерiн белгiлеу кезiнде олардың ерекшелiктерiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының есепке алуы;

4) өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату кезiнде кешендiлiктi қамтамасыз ету;

5) су объектiсi бассейнiнiң аумағын су және жел эрозияларынан, шөлейттенуден, батпақтанудан, қайталама сортаңданудан, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен және басқа да заттармен ластанудан қорғау;

6) бұзылған cy объектiлерiн және cy қорының жерлерiн қайта өңдеу;

7) су объектiлерiнiң арналары бойынша табиғат қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық су берудiң шаруашылық су беру алдындағы басымдығы.

 

129-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметке қойылатын талаптар

Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймағын қорғау мақсатында оларда шаруашылық қызметтiң ерекше режимi белгiленедi, ол:

1) санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық жағдайды сақтау мен жақсартуға бағытталған қызмет түрлерiнiң басымдығын;

2) су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiне шаруашылық қызметтiң әсерiн ұдайы азайтуды;

3) тұрақты даму принциптерiнде әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешудiң және ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiн қорғаудың баланстылығын көздейдi.

 

130-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аумағында тыйым салынған қызмет түрлерi

Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерiнiң аумағында:

1) бассейннiң табиғи экологиялық жүйелерiнiң бұзылуын, қоршаған ортаның халықтың өмiрi мен денсаулығына қауiптi өзгерiсiн туғызатын шаруашылық және өзге де қызметке;

2) радиоактивтi қалдықтарды және зарарсыздандыруға немесе кәдеге жаратуға келмейтiн өнiмдi ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймақтарына әкелуге, сондай-ақ онда сақтауға немесе көмуге;

3) қамыс шабуға және құрғақ өсiмдiктердi өртеуге, орман ағаштарын тамырымен жұлуға, балық уылдырық шашатын өзендердiң арналарын өңдеуге;

4) мiндеттi мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасыз аумақта шаруашылық қызметтi және жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүргiзуге тыйым салынады.

 

131-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектiлерi аймағындағы шаруашылық қызметтi реттеуге мемлекеттiң қатысуы

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiнiң экологиялық жүйесiн сақтау және қалпына келтiру мақсатында орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары су объектiлерiн кешендi пайдаланудың және қорғаудың бассейндiк схемаларын жасау кезiнде аймақтың ерекшелiктерiн ескередi.

2. Мемлекеттік органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн республикалық деңгейде үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық үйлестiру кеңесiн құруы мүмкін.

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 9 бөлімнің тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

9-Бөлім. Су қорын пайдалану мен қорғауды, сумен жабдықтауды және су бұруды реттеудің

экономикалық тетігі

 

28-тарау. Су пайдалануды реттеудің экономикалық әдістері

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 132-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

132-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы экономикалық реттеудiң түрлерi

Экономикалық реттеудiң негiзгi түрлерi:

1) су пайдаланушылардан Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген төлемдер мен алымдарды алу;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелерін көздейтін Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарын әзірлеу;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың ресурстар сақтау, қалдығы аз технологияларды және энергияның дәстүрден тыс түрлерiн енгізуi және игеруi, су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі басқа да тиiмдi шараларды жүзеге асыруы кезiнде оларға кредиттiк және өзге де жеңiлдiктер беру;

4) қоғамдық қорлар құру және оларды су объектiлерiн қалпына келтiру мен қорғау үшiн пайдалану болып табылады.

 

133-бап. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы төлеу

1. Қазақстан Республикасында ортақ су пайдалану тегiн жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасында арнайы су пайдалану Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес ақылы негiзде жүзеге асырылады.

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 134-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

134-бап. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге ақы төлеу

 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Су пайдаланушыларға су беруге, сумен жабдықтауға, су бұруға, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын және басқа да су шаруашылығы iс-шараларын орындауға байланысты көрсетiлетiн қызметтер ақылы негiзде жүзеге асырылады.

2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау, су бұру бойынша көрсетілген қызметтер үшiн тарифтер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес бекітіледi.

3. Су беру жөніндегі қызметтер үшiн ақы төлеу тәртібі мен талаптары тараптардың шарттарымен айқындалады.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 135-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)

135-бап. Су шаруашылығын, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк қолдаудың түрлерi және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі инвестициялық саясаттың қағидаттары

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Су шаруашылығын, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттік қолдаудың негiзгi түрлерi:

1) су шаруашылығы жүйесiнiң мемлекеттік мекемелерiн ұстау;

2) су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану жөніндегі шығындарды қаржыландыру;

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

3) ерекше авариялық қаупi бар су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру;

4) су шаруашылығы құрылыстары мен гидромелиорациялық жүйелердiң жаңаларын салуға және қазiр барларын қайта құруға қаржы ресурстарын, оның iшiнде қарыз қаражаттарын тарту;

ҚР 2006.10.01 № 116-III Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердiң құнын уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша субсидиялау;

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды өтеусіз және қайтарымсыз негізде субсидиялау;

 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша өзгертілді

6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су шаруашылығы субъектiлерiне, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға жеңiлдiктi және ұзақ мерзiмдi кредиттер мен басқа да артықшылықтар беру;

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру болып табылады.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау, суармалы жерлерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігі жөніндегі инвестициялық саясаттың негiзгi қағидаттары:

1) қайтарымды негiзде орталықтандырылған инвестициялардың есебiнен су саласын дамытуды мемлекеттік қолдау;

2) инвестициялық су шаруашылығы қызметiнде пайдалану үшiн ұйымдардың өз көздерiнiң рөлiн арттыруды ынталандыру;

3) қарыздарды, оның iшiнде мемлекет кепiлдiктерiн тарту практикасын кеңейту;

4) инвестицияларға бағытталған бюджет қаражатын жұмсауды мемлекеттік бақылау болып табылады.

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Су шаруашылығын мемлекеттік қолдау және су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі, сондай-ақ пайдаланылмайтын және қайта қалпына келтіруге жатпайтын мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын жою жөніндегі инвестициялық саясат Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

2015.15.06. № 322-V ҚР Заңымен 135-1-баппен толықтырылды

135-1-бап. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау

1. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау сумен жабдықтауды және су бұруды дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.

2. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) жобаларды техникалық қолдау, бұл техникалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыруды қамтиды;

2) капиталды қажет ететін шығыстар, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына, жабдықты, материалдарды сатып алуға арналған шығыстар.

 

136-бап. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру

1. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы сақтандыру су қатынастарының объектiлерiне, басқа адамдардың өмiрiне, денсаулығына және мүлкiне зиян келтiру салдарынан шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк тәуекелi болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн қорғауға байланысты қатынастар кешенi болып табылады.

2. Ерiктi сақтандыруды жеке және заңды тұлғалар өз еркi бойынша жүзеге асырады. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы ерiктi сақтандырудың түрлерi, шарттары мен тәртібі сақтандырушы мен сақтанушылар арасындағы келісімдермен айқындалады.

 

 

10-Бөлім. Су даулары және Қазақстан Республикасының

Су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

 

29-тарау. Су дауларын шешу

 

137-бап. Су даулары

1. Су объектiлерiн, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану мен қорғау және суды бөлу мәселелерi бойынша су қатынастары субъектiлерiнiң арасында туындайтын даулар су даулары болып табылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)

2. Су қатынастары субъектiлерiнiң арасындағы су даулары тараптардың келiссөздерi, оларды су пайдаланушылар бiрлестiктерi құрған органдарда, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарында және уәкiлеттi органда немесе соттарда қарау арқылы шешiледi.

 

138-бап. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын қайтару

Өз бетiнше басып алынған су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары заңсыз пайдаланылған уақыт iшiнде Қазақстан Республикасының су заңдарының бұзылуынан келтiрiлген зиян өтелiп, иесiне қайтарылады. Өз бетiнше басып алынған су объектiлерiн қайтару Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

 

30-тарау. Қазақстан Республикасының су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

 

139-бап. 2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

2009.12.02 № 132-IV ҚР Заңымен 140-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

140-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

 

11-Бөлім. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық

 

31-тарау. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау

 

141-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары

Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттары:

1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар жасасу негiзiнде трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мүдделерiн қорғау;

2) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау;

3) шекаралас елдердiң трансшекаралық сулар бойынша мемлекетаралық қатынастары бөлiгiнде су заңдарын үйлестiру мен жақындастыруға қатысу;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық, нормаларды, стандарттарды, жобаларды және мониторингтi бiрлесiп әзiрлеу және iске асыру болып табылады.

 

142-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың принциптерi

Қазақстан Республикасы трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы өз саясатында мынадай принциптердi басшылыққа алады:

1) экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығын дамыту;

2) халықаралық су құқығының жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларын ескере отырып, трансшекаралық ағын судың барлық елдерiнiң су ресурстарын әдiл, ақылға қонымды және өзара тиiмдi пайдалану құқығын қамтамасыз ету;

3) болашақ ұрпақтардың қажеттiлiктерiне зиян келтiрмей қазiргi ұрпақтың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруды ескере отырып, су ресурстарын басқару;

4) адамның экологиялық құқықтарының, мүдделерiнiң және трансшекаралық өзендер бассейндерiнiң су шаруашылығы жүйелерiнiң экономикалық даму балансын сақтау;

5) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау проблемаларын шешу кезiнде өзара көмек көрсету және даулы мәселелердi бейбiт түрде реттеу;

6) трансшекаралық сулардың жай-күйiне ықтимал трансшекаралық әсер етудiң алдын алу жөніндегі сақтық шараларын қамтамасыз ету;

7) халықаралық жауапкершiлiк және трансшекаралық әсер етуден туындаған залалды өтеу.

 

143-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi

Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың тетiгi:

1) трансшекаралық әсер ететiн немесе әсер етуi мүмкiн қызметтi жүзеге асыру кезiнде трансшекаралық суларды олардың трансшекаралық сипатын ескере отырып, ақылға қонымды және әдiл түрде пайдалануды қамтамасыз етудi;

2) трансшекаралық суларды экологиялық жағынан негiзделген түрде және ұтымды басқару, қоршаған ортаны сақтау және қорғау негiзiнде пайдалануды;

3) ластауды қоршаған ортаның басқа құрамдас бөлiктерiне ауысуға әкелмеуге тиiс болатын трансшекаралық суларды ластауды тыю, оны болғызбау, шектеу және қысқарту жөніндегі шараларды;

4) трансшекаралық әсер етуден бұзылған экологиялық жүйелердi сақтауды және, қажет болған жағдайда, қалпына келтiрудi;

5) ағынды суларды ағызудың шектi нормаларын белгiлеудi, су пайдаланудың қазiргi заманғы техникалық жетiстiктерiне және экономикалық ықтимал жағдайларына сәйкес келетiн су сақтаудың қатаң нормаларына бағдарлауды;

6) трансшекаралық сулар мен су объектiлерiнiң мониторингi бағдарламаларын әзiрлеу мен келiсудi және оларды iске асыруға қатысуды;

7) трансшекаралық суларды басқаруға, реттеуге және қорғауға қаржылық және техникалық жағынан бiрлесiп қатысуды;

8) трансшекаралық өзендердiң бассейндеріндегі су шаруашылығы ахуалы туралы ақпарат алмасуды, төтенше су жағдайлары кезiнде шұғыл хабардар етудi және өзара көмек көрсетудi;

9) нормативтiк-құқықтық базаны бiрегейлендiру, трансшекаралық суларды және оларға байланысты экологиялық жүйелердi қорғау мен қалпына келтiрудiң бiрлескен бағдарламалары мониторингiнiң, оларды әзiрлеудiң және iске асырудың бiрыңғай жүйелерiн құру саласында шекаралас елдермен ынтымақтастықты, осы мақсаттар үшiн халықаралық ұйымдардың қаражатын тартуды;

10) трансшекаралық сулар мен су шаруашылығы құрылыстарын бiрлесiп пайдалану жөнiнде iс-шаралар әзiрлеудi, келiсудi және жүзеге асыруды;

11) Қазақстан Республикасы бекiткен трансшекаралық суларды пайдалану және қopғaу саласындағы мемлекетаралық және үкіметаралық келісімдердi бiрлесiп iске асыру үшiн қажет болған жағдайда трансшекаралық суларды басқару жөніндегі мемлекетаралық орган құруды;

12) трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау жөнiнде аймақтық және ұлттық деректер базасын құруды;

13) су проблемаларын шешу жөнiнде бiрлескен ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзудi;

14) трансшекаралық суларды ұтымды пайдалануға және қорғауға байланысты өзге де қызметтi көздейдi.

 

144-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi

Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық негiзi:

1) осы су объектiсiнде және оған iргелес аумақта биологиялық тепе-теңдiктi ұстап тұру, ұдайы молайту және сақтау мақсатында трансшекаралық суларды тиiмдi және ұтымды пайдалануды;

2) трансшекаралық әсер ету нәтижесiнде кiнәлi тарап келтiрген залал үшiн өтемдiк жауапкершiлiктi;

3) пайдаланылатын су ресурстарына үлес қосып қатысу принципiнде басқа мемлекеттер пайдаланатын трансшекаралық суларды басқару, реттеу және қорғау жөніндегі су шаруашылығы объектiлерiн бiржақты пайдалануды жүзеге асыратын мемлекетке шығындарын өтеудi;

4) мемлекеттердiң бiрiнiң тиiстi бекітілген халықаралық шарттардың негiзiнде белгiленген өзiнiң трансшекаралық сулар үлесiн (үлесiнiң бөлiгiн) өтемдiк негiзде екiншi мемлекетке беруiн көздейдi.

 

145-бап. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi жөніндегі дауларды реттеу

1. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау мәселелерi бойынша даулар ізгi ниет, өзара сыйластық және тату көршiлестiк қатынастар негiзiнде келiссөздер жүргiзу арқылы немесе дауға қатысушы тараптар үшiн қолайлы басқа әдiспен шешiледi.

2. Келiссөздерде өзара қолайлы шешiмдерге қол жеткізу мүмкiн болмаған жағдайда, егер трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы бекiткен тиiстi халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, су дауларын шешудiң төрелiк процесi орынды деп танылады.

 

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 32-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

32-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

 

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 145-1-баппен толықтырылды

145-1-бап. Өтпелі ережелер

Осы Кодекстің 125-бабының 1-тармағы 2) тармақшасының ережелері су қорғау белдеулері шекараларының шегінде 2009 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғызылған ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылуына қолданылмайды. Бұл ретте оларды пайдалануға ұйымдастырылған, орталықтандырылған кәріз, ластанған ағынды суларды бұрып жіберудің және тазалаудың өзге жүйесі немесе ішіндегі заттарды әкетуді қамтамасыз ететін су өтпейтін науалар болған кезде ғана жол беріледі.

 

146-бап. Осы Кодекстi қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Кодекс ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Су кодексi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 7, 149-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 22, 408-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат);

«Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгізу туралы» 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 7, 150-құжaт).

 

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2003 жылғы шілденің 9-ы.

№ 481-II

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus