Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қазақстан – аусылдан ада мемлекет

Қазақстан – аусылдан ада мемлекет


Қазақстан ТМД аумағында бірінші болып аусылдан ада мемлекет мәртебесін алды. Бұл туралы Парижде өткен халықаралық эпизоотиялық бюроның 83-сессиясында белгілі болды. Әзірге еліміздің 9 облысы ғана дерттен дін аман деп танылған. Енді Ауыл шаруашылығы министрлігі өзге аймақтардағы жұмыстарды күзге дейін аяқтаймыз деп отыр. Еліміз бұл мәртебеге лайық болу үшін екпе мен диагностикаға ерекше ден қойып, аудандарда арнайы ветеринарлық зертханалар құрды. Онда бюджет есебінен аусылдың алдын алу шаралары жүргізіледі. «Ал аурудан ада елге үлкен нарыққа жол ашылады», – дейді мамандар. Оның үстіне бүгінде Еуропа мен Араб елдерімен ауыл шаруашылығы саласында байланыс нығаюда. Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі -Ауыз су ауруына қарсы егілетін вакцинаға және диагностикумға талап күшейтіліп, 2,5 жыл деуге болады біз ауыз су ауруын жоққа шығардық. Бұның көмегі, пайдасы біздің мал ешқандай кедергісіз кез келген әлемдегі елге экспорттауға болатын мүмкіндік ашылады.
Источник: http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/24611-kazakstan-ausyldan-ada-memleket

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus