Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Бейбітшілік және келісім сарайында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні мен тыңның 60 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

Бейбітшілік және келісім сарайында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні мен тыңның 60 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

Бейбітшілік және келісім сарайында ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері күні мен Қазақстанда тың және тыңайған жерлердің игерілгендігіне 60 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Шараға алғаш тың игерушілер, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, ҚР Парламент депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, мемлекеттік емес ұйымдар, кәсіподақ бірлестіктері мен сала кәсіпорындары қатысты.
Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өз баяндамасында Қазақстан және басқа да бұрынғы одақтың тәуелсіз елдері үшін тың жерлерді игеру тарихи сипатқа ие аса маңызды оқиғалар қатарына жататынын атап өтті. 1954 жылдың наурызында «Астық өндіруді одан әрі ұлғайту және тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» шешім қабылданды, онда Қазақстанда, Сібірде, Оралда, Солтүстік Кавказ және Қиыр Шығыстың кейбір аудандарында жаңа тың және тыңайған жерлердің есебінен астықты дакылдар егістігінің көлемін 13 млн. гектарға кеңейту жоспарланды. Көрсетілген алқаптың жартысын Қазақстанда бір жыл ішінде игеру міндеті тұрды.
1954 жылы үкіметпен бүгінгі күні Александр Бараев атына ие болған Шортанды кентіндегі астық шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты құрылды. Институт топырақты эрозиядан (бүлінуден) қорғау, дәнді дақылдардың өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін егін шаруашылығының топырақ қорғау жүйесін әзірлеген болатын. Бұл технология Қазақстанда ғана емес КСРО елдерінде де кеңінен қолданылды. 1953 жылы бұрынғы Кеңес Одағының бидай егетін егіс алқабының 11,3%-ы Қазақстанның үлесіне тиесілі болды, ал 1960 жылға қарай оның үлесі 30%-ға жетті. Жалпы тың игерілген жеті жыл ішінде Қазақстанда 100 млн. тоннадан астам астық жиналды. Осы ретте, тың игеру республиканың агроөнеркәсіп кешенінің дамуына мықты серпін берді.
Бүгінде, ауыл шаруашылығын түбегейлі реформалау, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың жаңа құралдарын енгізу міндеттері «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасына жүктелді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында агроөнеркәсіп секторы инвесторлар үшін тартымды болып келеді. Соңғы 3 жылда 383 миллиард теңге инвестициялар тартылды, бұл ретте еңбеккерлердің меншікті қаражатының үлесі 60 пайызды құрады.
Қазақстанның ауыл шаруашылығының үлесінде 21,8 млн. га егіс алқаптары бар. Бұған қоса, соңғы жылдары егістік жерлер әртараптандырылуда. Сонымен, 2009 жылдан бастап бидай алқаптары 2,5 млн қысқартылып, 2014 жылы 12,5 млн га құрап отыр. Дәнді-дақылдардың орташа өнімділігі – 12 ц/га.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2004 жылдан 4 есеге дейін, ал ауыл шаруашылығы өнімінің және оны қайта өңдеу өнімдерінің экспорты соңғы 3 есеге өсті.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері күні мен Қазақстанда тың және тыңайған жерлердің игерілгендігіне 60 жыл толуына орай өткізілген салтанатты жиын барысында «Тыңның өткенімен бүгіні» фотокөрмесі, раритеттік ауыл шаруашылығы машиналардың, нан экспозициясы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Сондай-ақ, журналистер арасында өткізілген «Тыңға арналған ең үздік материал» конкурсының қорытындысы шығарылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus