Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Вице-Премьер – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары

Вице-Премьер – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары

Бүгін Шымкент қаласында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысы жұртшылығымен кездесіп, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының Үкімет алдына қойып отырған міндеттерін баяндады.

Бүгін Шымкент қаласында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысы жұртшылығымен кездесіп, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының Үкімет алдына қойып отырған міндеттерін баяндады.

«Президенттің әрбір Жолдауы – еліміз үшін маңызды екендігі белгілі. Жолдаулар бір жағынан халықтың күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты болса, екінші жағынан стратегиялық тұрғыдан сипатталып отырады. Ол Үкіметке айқын бағдарлар береді. Сонымен бірге Жолдаудың жалпы қоғамға да, әрбір азаматқа да арналатындығы белгілі», – деді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөніндегі міндеттерге қол жеткізу үшін Президент 5 негізгі басымдықты, атап айтқанда, экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнестік ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жақсарту, институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес басымдықтарын ұсынып отыр.

Сондай-ақ, Вице-Премьер Мемлекет басшысының АӨК-ті дамыту бойынша АШМ алдына қойып отырған міндеттерін де жеткізді.

Олар: субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастырып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу, бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тарту, өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру, еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындарын төмендету, суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу, өндірісте сұранысқа ие аграрлық ғылыми зерттеулерге салынатын инвестиция көлемін арттыру, органикалық өнімге арналған made in Kazakhstan брендін насихаттау және экспорттық әлеуетті арттыру.

Өз кезегінде, «экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы» басымдығы аясында агроөнеркәсіптік кешенде цифрлық технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілуде. Айталық, ағымдағы жылы үш бағыт (пайыздық мөлшерлеме, тыңайтқыштар, гербицидтер) бойынша толық автоматтандыру іске асырылады. Келесі жылы барлық субсидияларды беру процесін автоматтандыруды жоспарлануда. Бұл өтінімдерді қарау мерзімін орташа есеппен 2,5 есеге (18 күннен 7 күнге дейін) қысқартуға мүмкіндік береді.

Жалпылай алғанда, бұлардың іске асырылуы АӨК-тің ел экономикасының жаңа драйверіне айналуына жол ашпақ және де Елбасы Жарлығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасында толықтай көрініс тауып отыр.

Бағдарламаның басты мақсаты – ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту. Оның аясында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 38 пайызға, жалпы өнімін 30 пайызға, азық-түлік тауарларын экспорттау көлемін 600 млн. АҚШ долларына арттыру және импорт көлемін 400 млн. АҚШ долларына төмендету қарастырылған. Сондай-ақ, азық-түліктік көтерме сауданы 29 пайызға арттыру және суармалы жердің 1 га су шығынын 20 пайызға төмендету және су ресурстары көлемін 1,9 км3 молайту көзделуде.

Айта кетейік, сапар барысында А.Мырзахметов ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін ірілендіру бойынша мәжіліске де қатысты.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus