Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Вице-Премьер – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов ел аумағында екі агро орталық құру мәселелерін талқылады

Вице-Премьер – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов ел аумағында екі агро орталық құру мәселелерін талқылады



Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы өндіріс сұранысына қажетті аграрлық ғылыми зерттеулерге инвестиция көлемін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті кешендерінде екі агро орталық құру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың қатысуымен өткен жиында осы мәселелер кеңінен талқыланды.

ҚазАТУ ректоры А.Күрішбаев ЖОО-ны заманауи аграрлық ғылыми-зерттеу университетіне трансформациялау бағытында атқарылған жұмыс жұмыстармен таныстырды және де оқу орнының ауыл шаруашылығы саласындағы №1 ғылыми-зерттеу университеті – Девистегі Калифорния университетімен өзара ынтымақтастықтың орнағанын атап өтті.

Айта кетейік, Дэвис университеті Чили, Малайзия, Қытай және т.б. елдердің аграрлық білім беру жүйесі мен ғылымын өзгертуде сәтті тәжірибе жинақтаған. Ендігіде оның жетекші профессорлары Қазақстанда жұмыс істеп, жоғары оқу орнының басқару жүйесін, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіруге атсалысады.

Сондай-ақ, Премьер-министр орынбасары «Қазақстан – Белорусь» инженер мамандарды қайта дайындау орталығының Трактор павильонында, «Қазақстан – Германия» дәл егіншілік орталығында, жем дайындауды механикаландыру және агроинженерия, астық жинайтын комбайндар зертханасында және де ет пен сүт өңдейтін оқу-тәжірибелік цехында болды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика