Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Республикасы Ветеринарлық қызметіне Халықаралық эпизоотиялық бюродан 2 сертификат тапсырылды

Қазақстан Республикасы Ветеринарлық қызметіне Халықаралық эпизоотиялық бюродан 2 сертификат тапсырылды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
31.05.16 ж.                                                                                                            Астана қ.  

Халықаралық эпизоотиялық бюро Бас Ассамблеясының 180 мүше ел қатысқан, 22 мамырдан 27 мамыр аралығында Париж қаласында өткен  84-отырысында Қазақстанға «жылқы малының ауруы жоқ аумақ» деген мәртебе ресми түрде берілді. Бұл мәртебе Қазақстанға спорттық жылқы өсіруді дамытуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Халықаралық эпизоотиялық бюро Қазақстанның аусылға қарсы күрес жөніндегі ұлттық бағдарламасын бекітті.

Бас Ассамблеяның барысында делегаттар ұсақ күйістілердің құтырма және оба сияқты ауруларын болдырмау, бақылау және жою жөніндегі өзекті әдістер талқыланды. Техникалық отырыстар шеңберінде жануарлардың микробқа қарсы препараттарға тұрақтылығы, сондай-ақ ауру пайда болған жағдайларда малға тікелей және жанама әсер етуі шығындары бөлігіндегі экономика мәселелері сөз болды.

Сондай-ақ 2016 жылы республикамызда ішінара жіті және созылмалы инфекцияларды қоспағанда, жалпы жануарлардың ерекше қауіпті аурулары бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақты. Алдын тіркелген ірі қара мал арасында Қазақстан Республикасының үш облысында (Ақтөбе, Атырау, Қарағанды) таралған пастереллез мәселесі аталған өңірлердегі мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық инспекторлардың тұрақты бақылауында. Тиісті ветеринариялық іс-шаралар: малды вакцинациялау, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Бұған қоса, бүкіл республика бойынша малдың ерекше қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Ағымдағы жылғы   27 мамырдағы жағдай бойынша бірінші жартыжылдыққа жоспарланған 71 974 436 доза вакцинаның   50 763 895 доза вакцинасы (70,5%) қолданылды.
 Анықтама үшін: Жылқылардың африкалық обыры бойынша қолайлылық туралы сертификат –  бұл Қазақстан Республикасының ветеринарлық қызметіне жылқылардың ауруларынан азат аймақ мәртебесін алуға құқық береді, ол нәтижесінде Қазақстан Республикасына карантиндік шараларды өткізбестен, жарыстар  болатын орындарда да аталған мәртебе болған жағдайда, ат спорты іс-шараларын халықаралық деңгейде өткізуге мүмкіндік береді;
Қазақстанда аусылды бақылаудың ресми бағдарламасы туралы сертификат –  бұл Қазақстан Республикасының аумағында бақылау бағдарламасы халықаралық талаптар мен ұсынымдарға сәйкес келеді дегенді білдіреді, бұлар:
– ауыл шаруашылығы малдарының аусыл ауруына қарсы иммунитетіне арналған диагностикалық зерттеулер жүргізу;
– аусылдың құрылымдық емес ақуызына серологиялық мониторинг өткізу;
–  ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар (профилактикалық мақсатта ауыл шаруашылығы малдарын вакцинациялау) өткізу.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus