Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда

Ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда

Бүгін кезекті Үкімет отырысында Республикадағы ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері қаралды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 27 млн. мал басы тіркелген, олардың ішінде 6,5 млн. бас ІҚМ, 18,1 млн. бас ұсақ мал, 2,2 млн. бас жылқы, 177,6 мың бас түйе және 36,7 млн. бас құс бар.

Республикадағы жалпы эпизотиялық жағдай: жануарлардың аса қауіпті ауруларының 23 ошағы тіркелді. Сонымен қатар, вирустық диарея және эпизотиялық лимфангит аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай бірқалыпты.

Айта кету керек, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметі арасында қадамдық іс шаралар жоспары бекітілген болатын. Бұндай әкімдіктермен бірігіп істелген іс шаралар жануарлар ауруларының динамикасының төмендеуіне оң әсерін тигізеді.

2017 жылдың ветеринариялық-профилактикалық іс шараларына сәйкес 17 аса қауіпты ауруларға қарсы 149 млн. екпе жұмыстарын егу жоспарланған. Сонымен қатар, жануарлардың қауіпті ауруларына сәйкес 70 млн. диагностикалық тексеру жоспарланды.

Былтыр Атырау облысында тіркелген нодулярлы дерматитке қарсы барлық іс-шаралар жасалынды, дертке шалынған 1150 ірі қара мал басының құны толықтай өтелінді. Атырау облысынан бөлек Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жануарларына да нодулярлы дерматитке қарсы алдын ала екпе егу жұмыстары жүргізілуде.

Сібір жарасы көміндісінің орындарын құру және орнықтыру мәселесі қаралды. 2016 жылы Республика бойынша жануарлар арасында сібір жарасының 5 ошағы тіркелді. Осыған байланысты сібір жарасының көмінділерін құру бойынша көптеген іс-шаралар жүргізілді. Бүгінгі таңда 2261 көмінді анықталған, олардың 50-і эпидемиологиялық ошақ (адам ауырған) және 20 орны шекаралардың демаркация аумағында. Қоршауға жатқызылатын және айырмашылық белгілері болатын 2191 көміндінің 2105-і (96%) қоршауға алынған, 2183 (99,6%) көміндінің айырмашылық белгілері бар. Мемлекеттік жер кадастрінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне 2104 көмінді енгізілді.

Қазақстан Республикасының 9 облысында (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау) вакцинацияланусыз аусыл ауруынан таза аймақ статусы алынды. Бұл өз кезегінде отандық мал шаруашылығы өнімдерінің экспортқа шығу мүмкіндігін арттырады. Қалған 5 облыс бойынша аусыл індетіне вакцинацияланатын таза аймақ статусын алу үшін жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде.

Экспорттық саясат отандық құжаттар мен азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі нормативтерінің қазақстандық өнімдерді белсенді импорттайтын ҚХР, Иран, Сауд Арабиясы, БАӘ, Израиль, Кувейт сынды елдердің құжаттарымен сәйкестігін қадағалайды. Осы саясатты жүзеге асыруға бағытталған Жол картасын әзірлеу жұмыстары аяқталып келеді. Бұл Карта өз кезегінде Отандық мал шаруашылығы өнімдерін халықаралық нарыққа шығаруды қамтамасыз етеді.

Қытаймен Қазақстанның 9 облысынан мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге қойылған тыйым жойылды, ветеринариялық қызмет және қой, ара шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу кәсіпорындарына инспекция жүйесінің аудиті жүргізілді.

Қазақстандық мұздатылған және салқындатылған қой етін және қойды Иранға экспорттауға ветеринариялық талаптардың келісім процессінің сонғы кезеңі аяқталуда.
Асханалық тауық жұмыртқасын, асыл тұқымды және қолданыстағы ІҚМ және ҰМ экспорттауға БАӘ-мен ветеринариялық сертификат келісілді.

АӨК-ті 2017-2021 жылдарға дамытуға арналған Мемлекеттік бағдарламаның аясында ЖАО құзыретіне жануарлардың бірдейлендіру құралдарын сатып алу функцияларын беру, ветеринариялық ұйымдарға бекітілген ветеринариялық талаптарды әкімдікпен құру және әкімдіктердің ветбөлімшелеріне қызметтік тиімділігін бағалау жүйесін енгізу және ветеринарлық қызметіне ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін бекіту жоспарлануда.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus