Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1470

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Ветеринариялық білім бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюроның жаһандық конференциясы ұсыныстарын Орталық Азия аумағында жүзеге асыру туралы кеңесі» тақырыбында бірінші аймақтық кеңесі өтуде.

Екі күнге жоспарланған кеңестің ұйымдастырушылары: ENVT, ҚазҰАУ, Лион ветеринариялық ұлттық мектебі (VetAgroSup), ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы, Халықаралық эпизоотиялық бюроның Астанадағы өкілдігі.

Кеңес жұмысына ветеринарияға бағытталған жоғары оқу орындарының ресми өкілдері және Франция атынан Халықаралық эпизоотиялық бюроның делегаттары, ТМД-ның 11 мемлекетінен (Армения, Әзірбайжан, Беларуссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина, Өзбекстан) өкілдер қатысуда.

Жиынды Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик Тілектес Есполов ашып, ветеринария саласындағы түйткілді мәселелерді ортаға салып, аталған бағытта университет тарапынан атқарылып жатқан инновациялық жобалар жайын баяндап, алдағы атқарылатын іс-шараларға тоқталды.

ҚазҰАУ ректоры, академик Т.ЕСПОЛОВ:

– Бүгінгі таңда адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін ветеринарлық медицинаның маңыздылығын қайта бағалау өте қиын. Себебі адам мен жануарларға ортақ ауруларының саны жыл сайын артып келеді, қоршаған орта факторлары мен дәрі-дәрмектердің әсеріне төзімді вирустар мен микроорганизмдердің жаңа штаммдары пайда болуда.
Басты мақсат – жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу, адамға жұғатын аурулардың алдын алу және олармен күрес, мал шаруашылығындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларын жетілдіру.

«Медицина адамды емдесе, ветеринария адамзатты емдейді!» деген қағида бар. Сондықтан, сапалы ветеринарлық білім беру мен білікті маман дайындаудың маңызы өте жоғары. Ветеринарлық білім беруді дамытудың инновациялық әдістерін талқылау дәл біздің оқу орнымызда өтуінің өзіндік себебі бар.

Ветеринария саласында маман дайындауды университет 1929 жылдан бері жүргізіп келеді. Тек тәуелсіздік алған жылдардың өзінде университет қабырғасынан алты мыңнан астам ветеринар, ветеринар –санитар дәрігерлер, магистрлер мен PhD докторлар түлеп ұшты.

Біздің түлектер еңбек нарығында өте жоғары сұранысқа ие. Бүгінгі таңда олар ветеринарлық мекемелерде, мемлекеттік, ғылмиы-зерттеу, білім беру құрылымдарында, кәсіпорындарда, алыс-жақын шет елдерде қызмет атқаруда Университет Ветеринарлық медицина және Ветеринарлық санитария мамандықтары бойынша үш деңгейде білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.Университеттегі Ветеринария факультеті халықаралық ғылым-білім беру кеңістігінде көптеген табыстарға жетуде. Қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру бойынша әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік байланыс дамуда. Олардың қатарында Шығыс Финляндия университетінің, Ветеринарлық медицинаның Ганновер университеті, Стамбул ветеринарлық университеті, Вагенинген университеті және т.б. бар.

Биылғы жылы оқу орнымыздың базасында Агротехникалық ХАБ өз жұмысын бастады. Ол мемлекеттің және жеке меншік сектордың ресурстарын бір арнаға шоғырландырып, оны ел үшін пайдалы, перспективасы жоғары жобаларға бағыттайтын болады. Бұл бірегей ХАБ еліміздегі агроөндірістік технологиялар трансферті мен ғылыми-зерттеу нәтижелерін коммерцияландырудың алаңы болып табылады.

ХАБ құрылымына: университет жанындағы ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу қоры, технопарк, ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар, бизнес – инкубатор кіреді. Қазірдің өзінде бизнес-инкубаторда келесі бағыттар бойынша стартаптар құрылды: агрофуд, төтенше ветеринарлық көмек, егістікті қашықтықтан бақылау,робототехника, агромаркетин, қалалық жылыжай, шаруашылық туралы деректерсіз компьютерлік математикалық модельдеу және т.б. Біздің студенттер, магистранттар мен докторанттар осы процеске тікелей қатысып, аграрлық секторда өз бизнестерін дамытуда.
Осындай бірегей материалдық-техникалық база және жоғары білікті ғылым қызметкерлер университеттің жаһандық деңгейде зерттеулер жүргізуіне мүмкіндік береді. Бұны шетелдік жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының сарапшылары растап отыр.

Университеттің ғалымдары студенттер, магистранттар мен докторанттармен бірге жылдық қаржыландыру көлемі 250 миллион теңгеден асатын іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізеді. Нәтежиесінде түрлі вакциналар мен сарысулардың, диагностика және бактериялық, вирустық және паразиттік ауруларға қарсы басқа да өнімдердің 300-ден астам түрлері, арнайы құжатпен қорғалған авторлық құқықтар әзірленіп, коммерцияландырылды.

Ғылыми басқосуда төмендегі мәселелер қарастырылуда:ТМД елдерінде және Орталық Азия аумағында ветеринариялық білім беру туралы ағымды жағдайды талдау, сонымен қатар ветеринариялық оқу орындарын бітірушілерінің құзыреттілігіне қойылатын Халықаралық эпизоотиялық бюросының ұсыныстарын қарастыру және ветеринариялық білім ветеринариялық беру бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюросының негізгі концептуалды бағдарламасын ұсыну;

– жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі ветеринариялық білім беру бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюросының Twinning-жобалары тәжірибесіне шолу жүргізу;

– Бангкокте бекітілген жаһандық ветеринариялық білім беруді жақсарту бойынша Халықаралық эпизоотиялық бюроның конференциясы ұсыныстарымен таныстыру;

– әлемдік кеңістікте үйлесімделінген ветеринариялық білім берудің инновациялық тәсілдерін және оларды мүмкіндіктерді орталық азия аумағы мен ТМД елдерінде енгізу мүмкіндіктерін талқылау.

Халықаралық эпизоотиялық бюросы, қызметі жалпы әлемдік қоғамдық игілікті іс болып табылатын ұлттық ветеринариялық қызметтің тұрақты дамуының негізгі құрама бөлігі ретінде сапалы ветеринариялық білім беру деп санайды.

Бюроға қатысушы-мемлекеттердегі жоғарғы және жоғарыдан кейінгі ветеринариялық білім берудің үйлесімін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар бағдарламалық құжаттарды ХЭБ әзірлеп құрастырды. Қазіргі кезде Халықаралық эпизоотиялық бюро Еуропаның, Азияның және Американың 18 университеттерінде тоғыз Twinning жобаларын қолдап отыр. Кеңес жұмысы 13 қазанда қорытындыланып, қатысушы тараптар арнайы Резолюция қабылдайды.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus