Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ветеринария саласында ағаттыққа жол берген қызметкерлер мәселесі қызметтік тергеумен шектелмеуі керек

Ветеринария саласында ағаттыққа жол берген қызметкерлер мәселесі қызметтік тергеумен шектелмеуі керек

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов ел аумағындағы ет өнімдеріне берілген жалған анықтамаларға қатысты айтты.

Министрліктің жауапты өкілдерінің хабарлауынша, бірқатар өңірлерде және Астана қаласының өзінде ет өнімдерін нарыққа шығарудың санитарлық талаптары жеткілікті деңгейде емес. Тіптен, ол өнімдердің сатылуына жол ашатын жалған анықтамалар берілетін болған. Дегенмен, қазіргі таңда мұндай ағаттыққа жол берген қызметкерлер жұмысына Еңбек заңнамасына сәйкес қызметтік тергеу жүргізіліп, құқық қорғау органдарына анықталған деректер бойынша хат жолданған.

Бұл орайда А.Мырзахметов ветеринария саласында ондай мамандарға орын жоқтығын, сондай-ақ, қиғаш ісі дәлелденген жағдайда дереу жұмыстан шығару керектігін атап өтті.

«Қызметтік тергеу жүргізілуде дейсіздер. Мынау деген қылмыспен пара-пар. Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде мәселені қарастыра жатар. Бірақ, біз өз деңгейімізде мұндайға тосқауыл қоюды ойластыруға тиіспіз. Керек болса, Еңбек заңнамасынан ауытқымай, жұмысқа алардағы келісімшарт негізінде болмасын барлығының басын ашып алуға тиіспіз. Ветеринарияда мұндайға орын жоқ. Тез арада жағдайды түзеуді тапсырамын. Іс нәтижесі бойынша маған қосымша баяндаңыздар», – деп шегеледі министр.

Сондай-ақ, ол сала өкілдеріне осы бас қосуды барынша пайдаланып, баршаға мәлім деректерді ортаға сала бермей, өткір мәселелерді ортаға салуға шақырды. Яғни, сонда ғана отырыс жемісті әрі нәтижелі болмақ.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus