Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Батыс Қазақстан облысында жабайы шошқаның 11 өлексесі табылды

Батыс Қазақстан облысында жабайы шошқаның 11 өлексесі табылды

2014 жылдың 30 қарашасында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының Есенсай ауылының аумағында орналасқан «Есенсай» аңшылық шаруашылығының қорықшылары жабайы шошқаның 11 өлексесін тапты.
Осы ретте Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының мамандары ветеринариялық бақылау және қадағалау бөліміне хабарласты. Тексеріс жұмыстарын ұйымдастыру үшін ауданға ветеринар мамандары келді.
Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ауданның құзырлы органдарымен бірлесе аталмыш факті бойынша комиссия құрды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
W: www.minagri.gov.kz
E: minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus