Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне ОҚО-да қолда өсірілген дуадақтар ұшырылды

ОҚО-да қолда өсірілген дуадақтар ұшырылды

14473a7f46ef497710f6ba476a23f093_XLОңтүстік Қазақстан облысындағы Бетпақдалаға құс атасының сұлуы атанған дуадақтың тағы 100 балапаны ұшырылды. Олар – жергілікті тұқымбақта жұмыртқа жарып шыққан үш айлық балапандар. Еркіндікке жіберілген дуадақтарды табиғат қорықшылары мен ғалымдар қыста қай бағытқа ұшып кететінін және олардың қай жерде көбейетінін зерттейтін болады. Бетпақдала төсіне еркіндікке жіберілген дуадақтар – оңтүстіктегі ғылыми-зерттеу тұқымбағында жұмыртқа жарып шыққан үш айлық балапандар. Мамандар адам қолына жылдам бейімделген дала құсының оңтүстіктің қатал табиғатына да тез сіңісіп кететініне сенімді. Бетпақдала төсіне еркіндікке қазір ғана жіберілген дуадақтар – осыдан бірнеше уақыт бұрын табиғат аясындағы жабайы құстардың ұясынан теріп алынған жұмыртқаны жарып шыққан балапандар. Жалпы дуадақтың бұл түрі Жиек деп аталады. Бұл құстар табиғатынан тұмығы және сақ келеді. Дегенмен тұқымбақта өскендіктен адамға үйренген. Сондықтан бұлардың жабайы табиғат тіршілігіне үйреніп, өз алдына күн көріп кеткенше, біраз уақыт мемлекеттік инспекторлардың қатаң бақылауында болады. Нұрболат Құдайбергенов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы: – Жалпы мақсат – күзету, бақылау. Осы ұшырылған құстарды ғылыми мекеме мамандарымен бірлесе отырып, жіті бақылауға алдық. Өздеріңіз көргендей, әр қайсысының аяғында чип сақина бар. Яғни осында ұшырылған құстардың таралуын бақылап, көшу миграциясын байқай аламыз. Қаратау бөктеріндегі Бәйдібек ауданының аумағына салынған тұқымбақта қазіргі таңда 4 мыңнан астам дуадақ өсірілуде екен. Жалпы аумағы 900 гектардан астам жерді алып жатқан ғылыми-зерттеу орталығы 10 мың басқа дейін құс өсіруге қауқарлы. Жыл соңына дейін осында жұмыртқа жарған тағы 550 құс еркіндікке жіберілмек. Ерекше сұлу келетін дала құсына қолмен жем бергеннің өзі де керемет. Тұқымбақтың жазғы бөлігіндегі әр бөлікте 4-5 дуадақтың биылғы балапандары бөлінген. Бұлар 1 жасқа толғаннан кейін бөлек, жеке-жеке қамауға алынады. Яғни, аналығы мен аталығы бөлек ұсталынады. Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігінің бірлесіп дуадақтарды көбейтуге, қорғауға бағытталған жобасы бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы аралықта 3870 құс ата тегі мекендеген аймаққа жіберіліпті. Оның бірқатары араға жыл салып ұшырылған мекеніне қайта оралған.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Нұрмахан Бекмұратов

Источник: 24.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus