Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Еліміздегі ең үлкен жылыжай кешені іске қосылды

Еліміздегі ең үлкен жылыжай кешені іске қосылды

Бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Ордабасы ауданындағы «Аделя» шаруа қожалығының 11 га. алқапқа орналастырылған жылыжай кешені іске қосылды. Жоба үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асты. Еліміздегі ең ірі жылыжай кешені болып табылатын бұл жобаның құны 2 574 млн. теңге. 200 жаңа жұмыс орны құрылған жылыжайда жылына 8400 тонна қияр және қызанақ алу жоспарланған.
Жылыжайда франциялық RISHEL компаниясының заманауи жабдықтары орнатылған. Өндіріс желілері толық компьютерленген, жылыту, тамшылатып суару, перделеу сынды барлық үдерістер толығымен автоматтандырылған.
Жылыжай кешені қыс мезгілінде көкөністер құнының төмендеуіне, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға және де көршілес елдерден импорт көлемін төмендеуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, компания көкөністерді Ресейге экспорттауда.
Заманауи аграрлық кешеннің іске қосылуы арқылы еліміздің экспорттық әлеуеті артып отырғанын жеткізген Асылжан Мамытбеков мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында агроөнеркәсіп кешені заманауи технологиялармен қамтылып жатқанын атап өтті.
Ал облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев кәсіпорынға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында газ құбыры тартылғанын, компанияға «Агробизнес – 2020» бағдарламасы бойынша 516 млн.тг. инвестициялық субсидия берілгенін мәлімдеді. Осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру мақсатында облыс әкімдігі тарапынан әр аудан, қалада агроиндустриалды аймақтар құру қолға алынғанынын айтып өтті.
Жалпы облыс бойынша жылыжайлардың жалпы көлемі 907 га құрайды, оның ішінде биылғы жылдың өзінде 187 га жаңа жылыжай құрылған. Биылғы жылы облыс жылыжайларынан 105 мың тонна көкөніс жиналған.
Ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемін арттыруда озық интенсивті – инновациялық ылғал үнемдеу технологияларды өндіріске ендіруде үлкен жұмыстар атқарылуда.
Ағымдағы жылы терең қопсыту технологиясымен мақта дақылы 37,0 мың га егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге ұлғайған. Мақта дақылынан орташа өнімділік облыста 26 – 27 ц/га болып, терең қопсыту технологиясын қолданған шаруашылықтарда 35 – 40 ц/га өнім алуда.
Тамшылатып суғару әдісі 7 мың гектарға артып, бүгінгі күнге 34 мың гектарға ендіріліп, республикадағы көрсеткіштің 84 % құрады.

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

http://www.ontustik.gov.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus