Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар ОҚО-да жер мәселелері бойынша «call-орталық» жұмысын бастады

ОҚО-да жер мәселелері бойынша «call-орталық» жұмысын бастады

Оңтүстік Қазақстанда коммуналдық мәселелер бойынша жұмыс істейтін бірыңғай байланыс орталығының аясы кеңейді. Енді «колл-орталық» жер мәселесіне қатысты туындаған сұрақтарға да жауап береді, деп хабарлайды BNews.kz.

Жер кодексіндегі өзгерістерге мораторий жариялануына байланысты және де жүргізілетін реформаны облыс тұрғындарына түсіндіру мақсатын көздейтін орталықта арнайы мамандар бекітілген.

Еске сала кетсек, өткен жылдың 4 қарашасынан бері облыстағы коммуналдық мәселелер бойынша ашылған байланыс орталығы тиісті мерзім ішінде 3610 қоңырау қабылдады. Оның 265-і – газ, 491-і – электр қуатымен қамтамасыз ету, 289-ы – су, 823-і – жылу мәселелері бойынша түскен арыз-шағымдар, ал 523-і Шымкент қалалық ТҮКШ бөліміне, 786 хабарлама Шымкент қаласының аудандық әкімдіктеріне, 433 хабар түрлі сауалдар (қоқыс тазалау, түбіртек мәселесі, көпқабатты үйлердің аулаларын және кіреберістерін тазалау және коммуналдық қызметтердің байланыс нөмірлері мен мекен-жайлары) бойынша жолданған хаттар.

Орталық, негізінен, облыстың барлық коммуналдық қызметтерін бір жерге біріктіруді көздейді. Яғни, тұрғындар өздерін мазалаған барлық мәселелер жөнінде аталған байланыс орталығына қоңырау шалып, білікті мамандардан жылдам әрі сапалы жауап ала алады. Байланыс орталығы заманауи ақпараттық бағдарламамен жабдықталған.

Байланыс орталығының артықшылығы сол, мұнда коммуналдық қызметтер мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарының нәтижесіне талдау жасалады. Сонымен қатар, тұрғындардың талап-тілектерінің орындалуы бақылауда ұсталып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мәселелер анықталады. Сондай-ақ, жөндеу және профилактикалық жұмыстар жөнінде халыққа ақпарат беріледі, деп мәлімдеді ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, «колл-орталықтағы» коммуналдық мәселелер бойынша жұмыс істейтін бес маман таңғы сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін аптаның алты күнінде жұмыс істесе, жер мәселесі бойынша сұрақтарды қабылдайтын облыстық жер қатынастары басқармасының мамандары таңғы сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін апта бойы демалыссыз жұмыс істейді.

Колл-орталықтың байланыс нөмірі өзгерген жоқ. Туындаған сұрақтар бойынша 39-55-55 нөміріне хабарласуға болады.

Источник: http://bnews.kz/kz/news/obshchestvo/zemelnii_vopros/okoda_zher_maseleleri_boiinsha_callortalik_zhumisin_bastadi-2016_05_16-1271628

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus