Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ШҚО-да астық алқабының 80 пайызы жиналды

ШҚО-да астық алқабының 80 пайызы жиналды

ӨСКЕМЕН. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында астық жинау науқаны 80 пайызға орындалды. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селіханов мәлімдеді.

Ведомство басшысы сонымен қатар, егер ауа райы осы қалыпта тұратын болса, қазан айының соңына дейін егіннің жиналып бітетінін айтты. Орташа астық өнімділігі – 1 гектардан 16-17 центнер болды. “Бұл өткен жылғы көрсеткіштен жоғары, онда бір гектардан 12 центнер өнім алынған болатын. Ол өнімділікті арттырудың басты себептерінің бірі тұқымның сапасына да байланысты”, – деді Д. Селіханов.

Жиналған астықты көп жауған жауынның кесірінен ұзақ кептіру қажет деген қауіп болды, алайда бидай құрғақ болып, бәрі ойдағыдай шықты. Сонымен қатар, көптеген жинауға қажетті техника сатып алынды, ол жұмыстың нәтижелі болуына септігін тигізіп отыр.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus