Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Үстіміздегі жылы азықтың дақылдар алқабы едәуір артты

Үстіміздегі жылы азықтың дақылдар алқабы едәуір артты

Астана қ. 13.09.13 ж.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың төрағалығымен мал азығын өндіру мәселесіне қатысты кеңейтілген алқа отырысы өтті. Шараға оnline режимде жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ветеринарлық бақылау және қадағалау, мемлекеттік инспекция комитеттерінің аймақтық құрылымдық басшылары, қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес мекемелер, сондай-ақ агробизнес өкілдері қатысты.
Мал азығын өндіру мәселесінің қазіргі жағдайы мен болашақ даму перспективасы туралы вице-министр Гүлмира Исаева сөз алды. Ол Ауыл шаруашылығы министрлігімен «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы аясында жоспарланған шараларды жүзеге асыру мақсатында республика облыстарының аймақтық мамандандырылуын ескеріп, инвестициялық тартымдылыққа қол жеткізуді қарастыратын мал шаруашылығы салалары бойынша шебер–жоспарлар даярланып, қазіргі уақытта қоғамдық салалық ұйымдар мен ғылыми-техникалық кеңестін қарауына жіберілгенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, Гүлмира Сұлтанбайқызы мал азығы қорын дамытуға бағытталған шараларды қабылдау мақсатында, ағымдағы жылы Министрлік пен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп егістік алқаптарды диверсификациялау мен біржылдық және көпжылдық азық дақылдарынның егістік көлемін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілгендігі туралы хабарлады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2013 жылы азықтық дақылдар 3,1 млн.га алқапта отырғызылып, 2012 жылдың деңгейінен 258,4 мың.га немесе 9%- ға артып отыр. Бұл ретте сүрлемдік азықтар 82,2 мың.га, біржылдық өсімдіктер – 571 мың.га және көп жылдық өсімдіктер былтырғы жылғы егістерді ескере отырып 2,4 млн. га отырғызылды.
Үй және ұсақ фермерлік шаруашылықтардағы мал азығын дайындауға ерекше көңіл бөлу қажет, себебі оларда ет пен сүттің 70%-дан астамы өндіріледі. Жергілікті атқарушы органдарға мал азығын өндіру, даярлау, қайта өңдеу және сату бойынша қызмет көрсететін және арнайы техниканы, жер телімдерін және ауыл тұрғындарының жер телімдерін тиімді қолданатын арнайы құрылымдарды құру ұсынылды.
Шаруа және үй қожалықтарындағы мал басын құрама жеммен қамтамассыз ету мақсатында аймақтарда құрама жем кәсіпорындарын құруды экономикалық ынталандыруға (жеңілдетілген несиелер, инвестициялық субсидиялар) бағытталған шаралар қарастырылуда.
Бұдан басқа вице-министр дәстүрлі шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту сұрақтарына арнайы тоқталды: 2014 жылдан бастап «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында, фермерлердің жайылымдар инфрақұрылымын дамытуға және шалғайдағы учаскелерде құдықтар құрылысына жұмсалған шығындар құрылысының 80% өтелетін болады, бұл өз алдына мал шаруашылығын дамыту үшін жайылымдық жерлердің мүмкіндігін мейлінше пайдалануға және жалпы мал суаруды ұйымдастыру мәселесін шешуге ықпал етеді.
Мұнымен бірге, басты міндеттердің бірі техника паркының жаңартылуын көтеру, себебі олардың 80% ескірген. Бұл орайда Министрлікпен фермерлерді материалдық-техникалық жабдықтауға қатысты инвестициялық субсидиялау құралы даярланған – тракторлардың, шөп шабатын машиналардың және жинағыш пресстер мен фермерлік шаруашылықтарға қажетті техника мен құрал-жабдықтардың құнын ішінара өтеу. Сондай-ақ кредиттер мен лизингтердің пайыздық ақысын арзандату есебінен, фермерлердің техника сатып алуға қаржыландырудың қол жетімділігін шешуге баланысты сұрақтар шешімін табатын болады.
Жалпы, алқа отырысында мал шаруашылығының тиімді дамуы мықты мал азығы базасын құрумен байланысты екендігі, мұнымен бірге мал азығының прогрессивті даярлау технологиясы кең қолданыс табылу қажеттілігі айтылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
Байланыс тел.: +7 (7172) 55-57-65
Info_mcx@mail.ru
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus