Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Шығыс-Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының ірі қара малдарында аусыл ауруының белгілері анықталды

Шығыс-Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының ірі қара малдарында аусыл ауруының белгілері анықталды

Үстіміздегі жылдың 4 маусымында Шығыс-Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында Ахметбұлақ ауылының тұрғындарына тиесілі ірі қара малдарда аусыл ауруының клиникалық белгілері анықталды.
Диагнозды орнату үшін патологиялық материалдар Шығыс-Қазақстан облысының «Республикалық ветеринарлық зертханасы» РМҚ жіберілді.
Бүгінгі күні аусыл ауруының клиникалық белгілері ірі қара малдың 40 басында анықталып отыр.
Жаңа ауыл ауылдық округі Әкімінің атына аусыл ауруы бар деген күдікпен ошаққа карантин жариялау жөнінде ұсыныс жіберілді.
Ауыл шекара аймағындағы елдімекен болып табылады, ҚХР-ның мемлекеттік шекарасынан 100 м. қашықта орналасқан.
Қазіргі таңда індет ошағын оқшаулау және таралуына жол бермеуге бағытталған шаралар қолданылуда. Аурудың пайда болу себебі эпизоотикалық тексерістің қорытындысы негізінде анықталмақ.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus