Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Мал шаруашылығы өнімдерінің еркін айналымы жүзеге аспақ

Мал шаруашылығы өнімдерінің еркін айналымы жүзеге аспақ

2009 жылдың 11 желтоқсанында ветеринариялық-санитарлық шаралар бойынша Кеден одағы келісіміне қол қойылған. Сол құжаттың нәтижесінде Қазақстан-Ресей-Белоруссия арасында мал шаруашылығының дайын өнімдерін тасымалдау кезіндегі кедендік рәсімдеулер, ветеринарлық, санитарлық бақылаулар, тағы басқа толып жатқан кедергілер жойылған. Кеден одағы шеңберінде ветеринарлық сертификат беретін позициялар саны 132-ден 109-ға қысқарған. Бұл жеңілдіктер кеден одағына қатсушы елдердің нарығына мал шаруашылығы өнімдерін көптеп жіберуге жағдай жасамақ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «2014 жылы Қазақстан Ресей мен Белоруссияға 60 мың тонна ет экспорттаймыз», – деп атап өткен-ді. Сондай-ақ енді гәрі ветеринарлық препараттар, вакциналар, түрлі азық-түлік қоспалары да одаққа мүше елдер аумағында еркін сатылмақ. Ал тауарлардың сапасына әр елдің өзі жауап береді.

Cерік Сапарғалиев, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:
-Мысалы үшін тауық өнімдерін шығаратын болсақ, ол жерде шығаратын кәсіпорын өздерінің ветеринарлық сертификатын жазады. Сол сертификат үш мемлекет арасында бірдей жүреді. Шекарадан өткен кезде олардың рұқсат қағаздарын, төлқұжаттарын ауыстырып толтырмай, бір төлқұжатпен, бір сертификатпен өз өнімдерін алып келеді. Интеграция деген – бірлесу. Бірлесіп жұмыс жасаған жерде әрқашанда жетістік болады деп ойлаймын.

www.khabar.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus