Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Астанада аушы құстармен ұлттық аң аулау республикалық конкурсы өтті

Астанада аушы құстармен ұлттық аң аулау республикалық конкурсы өтті

Қазақстанның табиғатында немесе біздің мемлекет арқылы қоныс аударатын жыртқыш аушы құстардың 40 түрі кездеседі. Қазіргі кезде жыртқыш құстар таралымының жай күйі жалпы тұрақты.

Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн алуға айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу, ғылыми зерттеулер және басқада мақсаттарда жол беріледі.

Аң аулауда жыртқыш аушы құстарды пайдалану Аң аулау ережесіне сәйкес жүргізіледі және ол аңшылықтың ұлттық түрлерінің бірі болып табылады.

Қазіргі кезде «Қансонар» аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының ақпаратына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында, хайуанаттар бағы мен жыртқыш құстарды өсірумен айналысатын тәлімбақтарды қоспағанда 165 дарақтан астам жыртқыш аушы құстар тіркелген.

Бұдан басқа ағымдағы жылы сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жыртқыш құстарды жасанды түрде өсірумен айналысатын тәлімбақтарымен, табиғи ортаға 738 дарақ ителгі мен 15 дарақ бүркіт жіберілді.

Аушы құстар мыңдаған жылдар бойы біздің ата бабаларымызбен бірге еріп жүрді. Бүркіт күн көрудің жолы болып оны қазақтың ата бабасы аңшылықта пайдаланған болатын. Осы құстар көшпенділердің тұрмысы мен мәдениетінде мағыналы рөлін ойнаған және бостандықтың символы болп табылады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика