Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Асқар Мырзахметов Қостанай облысының ауыл шаруашылығы нысандарын аралады

Асқар Мырзахметов Қостанай облысының ауыл шаруашылығы нысандарын аралады

ab05b8dc0918d82e7f4760b5efbb662c
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz.

Аймақта егіс науқаны жүріп жатыр. Осы жылы өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 5155,4 мың гектар, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4107 мың га жерді қамтыды.

Аймақта жазғы дәнді дақылдар 1,9 млн га (48,6%), майлы дақылдар – 177 мың га (56,2%), көпжылдық өсімдіктер – 18,1 мың га (42,6%), картоп – 9,8 мың га (96,9%), көкөніс – 2,3 мың га (95,8%), бақша дақылдары – 0,5 мың га (91,9%) алқапта егілді.

ҚР Энергетика Министрлігі бекіткен кестеге сай мұнай өңдеу зауытынан арзандатылған бағамен 1 тоннаға 95421 теңге (шамамен бір литрге 79 теңге) 366,8 мың тонна дизель отыны бөлінді.

2016 жылдың 19 мамырында Қостанай облысы көктемгі егіс жұмыстарына 44 мың тонна дизель отынымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарда 2016 жылы минералды тыңайтқыштардың бағасын арзандатуға 14,5 млрд теңге қарастырылған болса, Қостанай облысы бұл бағытқа 4 млрд теңге бөлген.

Сонымен бірге, тыңайтқышты отандық өндірушілерден сатып алғанда тыңайтқыштың құнынан 50%, ал шетелдік өндірушіден сатып алғанда 30% субсидия төленеді.

Источник: http://bnews.kz/kz/news/ekonomika/apk/askar_mirzahmetov_kostanai_oblisinin_auil_sharuashiligi_nisandarin_araladi-2016_05_25-1273135

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus