Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Шымкентте халықаралық ауылшаруашылығы көрмесі өтеді

Шымкентте халықаралық ауылшаруашылығы көрмесі өтеді

30 – 31 қазанда «Шымкент Агро 2013» ауылшаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтар халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлайды ОҚО-ның Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының баспасөз қызметі.

«Көрмеге жиырмадан астам шетелдік қатысуға келісім берген, олардың ішінде Rijk Zwaan, Hortilux Schreder, Invernaderos IMA, Nassan секілді компаниялар бар», – деп көрсетілген ақпар хатта. 

Сондай-ақ көрме аясында «АКК-дағы инновациялық технологиялар» атты халықаралық конференция өткізіледі.

Шараны Қазақстанның жылыжай қауымдастығы, ОҚО-ның Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыруда.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus