Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Солтүстік-Қазақстан облысында дәнді дақылдардың 72,5% жиналды

Солтүстік-Қазақстан облысында дәнді дақылдардың 72,5% жиналды

ҚР Парламент Сенатының Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүслім Өміріяев қатысты. 

Іс-сапар барысында вице-министр мен сенаторлар Солтүстік-Қазақстан облысының бірқатар шаруашылықтарын аралады: ««Молпродукт» ЖШС, «Якорь-СК» ЖШС және «Сұлтан-элеватор –  диірменді – макаронды кешен» АҚ.

Вице-министр Солтүстік-Қазақстан облысында дәнді дақылдар өнімінің қалыптасу жағдайы қолайлы болғанын атап өтті. Болжанып отырған өнімділік деңгейі  орташа деңгейінен 15-30% жоғары.

Жалпы, ү.ж. 27 қыркүйектегі жағдай бойынша Солтүстік-Қазақстан облысында дәнді дақылдар 2766,7 мың гектардан (77,4%) жиналып, 4028,3 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік 14,6 ц /га болды. 

Көктемдік далалық және егін ору жұмыстарын өткіу үшін «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес құрылымдары арқылы несиелік қаражат республикалық бюджет есебінен бөлінеді. Ү.ж. 12 қыркүйектегі жағдай бойынша «Аграрлық несиелік компания» АҚ арқылы 15,9 млрд.теңге, несиелік серіктестіктер – 25,2 млн.теңге бөлінді, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰҚ» АҚ 3 млрд теңгеге ӘКК кепілдігімен астықты форвардтық сатып алуын қаржыландырды.

Астықты сақтау дайындығына қатысты, вице-министр өңірде 55 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары жұмыстары істеуде. Олардың жалпы сыйымдылығы 3477,5 мың тонна, оның ішінде қоймалық сыйымдылық – 1491,7 мың тонна, элеваторлық – 1985,8 мың тонна.

Ү.ж. 18 қыркүйектегі жағдай бойынша 55 астық қабылдау кәсіпорындары тексерілді (АҚК). Оның 48 АҚК дайын болып, 7-уі әр түрлі себептермен өздерінің кәсіби талаптарға сәйкестігін дәлелдей алмады.

Анықтама:

ү.ж. 27 қыркүйектегі деректері бойынша ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер 12704,5 мың га дәнді дақылдар егістігін орып бастырған, бұл облыстардың егілген алқаптардың 80,7 % құрайды. 16173,5 мың тонна астық жиылып, орташа өнімділік 12,7 ц/га болды. 

Республикада 13,9 млн. тонна шамасында  қамба сыйымдылығымен 214 лицензияланған нан қабылдайтын өндірістер жұмыс істеуде. Бұдан басқа, АШТӨ 10,7 млн. тонна астықты сақтауға арналған сыйымдылық бар. Сонымен, жалпы 24,6 млн. тонна астықты сақтауға мүмкіндік беретін сыйымдылық, болжанып отырған 18,5 млн. тонна  жиналатын астықты сақтауға мүмкіндік береді.

 

 

 

ҚР АШМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

8 (7172) 555-765

www.minagri.gov.kz

info_mcx@mail.ru

 

 

 

 

 

 

ПРЕСС-СЛУЖБА МСХ РК

8 (7172) 555-765

 info_mcx@mail.ru

www.minagri.gov.kz

Теги:

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus