Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Солтүстік Қазақстанда жауын-шашынға байланысты кідірістен соң астық жинау қарқыны ұлғайды

Солтүстік Қазақстанда жауын-шашынға байланысты кідірістен соң астық жинау қарқыны ұлғайды

ПЕТРОПАВЛ. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында осы жылы астық жинау науқаны толассыз жауған жаңбырдың салдарынан кеш басталып, арасында тоқтап тұр. Қазір күннің ашық тұрғанын пайдаланып, дихандар белсенді түрде астық жинауға кіріскен.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауы бойынша, облыс аумағының алқаптарынан 20 пайыздан артық астық танабы жиналған. Әр гектардан орташа есеппен 14 центнер өнім алынады. Ең жоғары өнімділік Айыртау ауданында – бір гектардан 16,1 центнер, Қызылжар ауданында – 14,5 центнер.

Биылғы жылы астық 4 миллион 338 мың гектар жерге себілген, бұл өткен жылғыдан 211,5 мың гектарға немесе 4,6 пайызға аз. Оның ішінде астық өнімі 3,4 млн. гектар жерді алып жатыр. Сонымен бірге майлы және жемшөптік дақылдар көлемі өскен.

Биылғы жылы солтүстікқазақстандық дихандар 5 млн. тонна бидай алуды жоспарлап отыр, бұл шамамен алғанда өткен жылғы көрсеткішпен бірдей (4млн. 951 мың тонна).

Жаңа орақ науқанындағы астықты қабылдауға 54 нан қабылдау кәсіпорны дайын, олардың жалпы сыйымдылығы – 3,5 млн. тоннаны құрайды, қойма 2,7 млн. тоннаға арналған.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus