Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Солтүстік Қазақстанда 431 мың га алқапқа дән себілді

Солтүстік Қазақстанда 431 мың га алқапқа дән себілді

10b5848857680c9a0ca3d59881e80b8e_crop_l_10_t_122_w_1042_h_586_resize_w_840_h_

Солтүстік Қазақстан облысында 10 мамырда егіс науқаны басталды. Бүгінде 431 мың га алқапқа дән егілген. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Омаров мәлімдеді.

Қайрат Омаровтың айтуынша, биыл 4 млн 366 мың га жерге дән себу жоспарланып отыр, оның 3 млн 210 га – дәнді дақыл болса, 469,7 га – майлы дақылдар.

«Тұқыммен толықтай қамтамасыз етілдік. Барлығы 490,6 мың тонна тұқым бар. Оның 465 мыңы – бірінші және екінші сұрыпты тұқым. Егіс науқанына 1140 дана жоғары өнімді техника жұмылдырылады. Егіс жұмыстары 10 мамырда басталған, қазір 431 мың гектары себілді», – деді Омаров.

Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сүйенсек, егіс науқаны үшін 65 мың тоннадан астам жанар-жағармай сатып алынды. Облыс шаруалары гербицидтермен де қамтылды.

«Егіс жұмыстарын агротехникалық мерзімге сәйкес 5 маусымға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Әзірге ауа райы тамаша, алдағы күндері де ашық болатын түрі бар. Сондықтар шаруалар аянбай тер төгеді», – деді Қ.Омаров.

Источник: http://bnews.kz/kz/news/ekonomika/apk/soltustik_kazakstanda431_min_ga_alkapka_dan_sebildi-2016_05_18-1271928

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus