Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Семейде ауыл жобаларын несиелендіру үшін Қордың бөлімшесі ашылды

Семейде ауыл жобаларын несиелендіру үшін Қордың бөлімшесі ашылды

holding
Семей қаласында «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Шығыс Қазақстан обылыстық филиалының бөлімшесі ашылды. Бұл жерде Абай, Бесқарағай, Бородулиха аудандары мен Семей қаласына (бұрыңғы Абралы ауданына) қарасты елдімекендер тұрғындарына – жалпы 400 мыңнан астам адамға – қызмет көрсетіледі.

Бөлімшенің ашылу салтанатына Қордың Басқарма Төрағасы Н.Сарыбаев, Семей қаласының әкімі А.Кәрімов, облыстық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік басқармасы, аудандық бөлімдерінің басшылары, аудандық және қалалық жұмыспен қамту орталықтарының директорлары, әлеуетті клиеннтер қатысты.

– Жақын орналасқан аудандардағы ауыл тұрғындары үшін бұл бөлімше өте қажет, – деді Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов. – Мысалы, Абай ауданынан облыс орталығына бару үшін 400 км жол жүру керек. Ал Қордың Семей бөлімшесі жақын жерде ауылдықтар үшін қызмет етеді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 2007 жылдан бастап ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін шағын несиелеумен айналысады. Несиелер 14 облыстық филиал және шағын несие ұйымдар жүйесі арқылы беріледі. Қордың мақсатты аудиториясы – шағын бизнестің, үй жанындағы шаруашылықтардың өкілдері. Олар үшін қысқа мерзімде және қаржыны мүмкіндігінше үнемдеп, несиені алу – өте маңызды мәселе.

– Осындай бөлімшелер 2013 жылы Астана мен Талдықорған қалаларында ашылып, жақын орналасқан аудандар тұрғындарына қызмет көрсетуде, – деді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Нармұқан Сарыбаев. – Семей қаласында үшінші осындай бөлімше ашылуда. Бөлімшенің қызметкерлері кеңес беруден бастап несие берумен аяқталатын барлық процесстерді жүзеге асырады. Осы маңайда тұратын шығысқазақстандықтар үшін біздің қызметтеріміз енді қолжетімді және жақындау болады деп ойлаймын.

Жалпы, бүгін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие қоржыны 41,5 млрд. теңгені құрап, белсенді қарыз алушылардың саны 20 681 адамға жетті. 1 жартыжылдықта 11,5 млрд. теңгеге 3 737 қарыз беріліп, жұмыспен 5 839 адам қамтылды. Жыл соңына дейін 23,7 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру жоспарланған.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus