Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Биыл 16 млн тонна астық жинауды жоспарлап отырмыз – Н.Назарбаев

Биыл 16 млн тонна астық жинауды жоспарлап отырмыз – Н.Назарбаев

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапары аясында өңірдің ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Кездесу алдында Қазақстан Президенті өңірдің ауыл шаруашылық жерлерін аралады.

Мемлекет басшысы аграршылармен әңгімелесу барысында қалыптасқан дәстүр бойынша жиын-терін науқанына дайындық барысымен танысып шығу үшін Қостанай облысына келгенін атап өтті.

«Қостанай облысы астығымыздың 30 пайызын, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 10 пайызын қамтамасыз етеді. Бұған қоса, мұнда қуатты өнеркәсіп базасы, бокситті қоса алғанда, пайдалы қазбаларға бай кен орындары бар, автомобиль жасау саласы дамып келеді. Биыл біз 16 млн. тонна астық жинауды жоспарлап отырмыз. Егер Қостанай облысында 4,5 млн. тонна жиналатын болса, бұл жақсы көрсеткіш болмақ. Енді жиын-терін науқанын өткізуге бар күшті салу керек. Мемлекет бұған барлық жағынан көмектесетін болады», – деді Мемлекет басшысы.
http://bnews.kz/kk/news/post/155940/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus