Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Сарыағашта айына 50 мың дана нан шығаратын жаңа зауыт ашылды

Сарыағашта айына 50 мың дана нан шығаратын жаңа зауыт ашылды

Сарыағаш ауданында айына 50 мың дана бөлке мен батон нандарын шығаратын жаңа зауыт ашылды. ОҚО әкімдігінде хабарлағандай, мұнда сапалы әрі таңдаулы нан өнімдерінің 30 түрі пісіріледі.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан өңір басшысы халықты жоғары сапалы нан өнімдерімен қамтамасыз ету басты мақсат екенін атап өтті. Сонымен қатар,ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында пайдалануға беріліп отырған нан зауытының жұмысына сәттілік тіледі.

Ауданның орталығында орналасқан «ЯССЫ-НАН» ЖШС жобасының жалпы құны 300 млн. теңге. Серіктестік директоры Насиба Атаеваның айтуынша, аудандағы азық-түлік дүкендерінде аталған нан зауытының өнімдері сатылуда. Зауыттағы «ВОСХОД» нан пісіретін пеш құрылғысы көрші Ресейден алынған. Ал серіктестік жерінің жалпы көлемі 0,20 га. Бүгінде онда 30 адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта кәсіпкер кондитер өнімдерін шығаратын цех ашуды көздеп отыр.

Айта кетейік, бұл жоба ауданда нан бағасын тұрақтандыру мақсатында облыс әкімінің бастамасымен қолға алынып, пайдалануға беріліп отыр.

Источник: https://strategy2050.kz/news/35774/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus