Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Ақбас сиырлардың санын арттыру қажет

Ақбас сиырлардың санын арттыру қажет

Қазақтың асылтұқымды ақбас сиырының генеологиялық кейбір түрін жүйеден алып тастау қажет.

Өйткені олардың саны аз. Ал оларға мемлекеттен қыруар қаржы бөлінеді. Алайда асылтұқымды ірі қараны өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары бұл ерте қабылданған шешім екендігін айтады. Бүгін Астанада қазақтың ақбас тұқымының республикалық палатасының жиналысы өтуде. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен шаруа қожалықтарының иелері қатысты. Қазақы ақбас сиырлар алғаш 1950 жылы есепке тіркелген. Сол уақытта оның саны 1 миллион 150 мыңнан асқан болатын. Қазіргі күні малдың бұл тұқымы 80 мыңға да жетпейді. «Онсызда саны аз сиырлардың кейбір түрін көбейтуден бас тартсақ, малдың асылтұқымын арттыру бойынша берілген Елбасы тапсырмасын орындау мүмкін емес», – дейді шаруалар. Ірі қараның бұл түрі біздің климатқа бейім болғанымен, оны көбейту үшін уақыт керек. Тағы бір өзекті мәселе – пайда табуды көксеген кейбір шаруашылықтар ақбас сиырларды басқа тұқыммен араластырып жүр.

Әлжан Шәмшидин, «Асыл түлік» Республикалық мал тұқымын асылдандыру орталығы» АҚ басқарма төрағасы:
– Бұл әдісті тауарлы шаруашылықтар қолданады. Басқа тұқыммен араластырғанда бірінші алынған буындары гетерозис әсеріне ұшырайды, яғни ата-аналық қасиеттерінен жоғары қасиетті көрсетеді. Жоғары өнімді ұрпақ алу үшін қолданады, бірақ бұл тек уақытша нарсе.

www.24.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus