Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Субсидия бөлу кезінде ең көп заң бұзған облыстар тізімі анықталды

Субсидия бөлу кезінде ең көп заң бұзған облыстар тізімі анықталды


Шаруаларға субсидия беру кезінде заңбұзушылыққа жол бергендер қатарында Алматы облысы көш бастап тұр. Өткен екі жыл ішінде аймақта 2228 заң бұзушылыққа жол берілген. Одан кейінгі орында Жамбыл, Ақтөбе және Қызылорда облыстары. Осылайша шаруашылықты дамытуға бөлінген қаржы талан-таражға түскен.

Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен селекторлық жиында айтылды. Бас прокуратара 2013-14 жылдары ауыл-аймаққа бөлінген қаржының қайда жұмсалғанын тексеріп, осындай деректерге көз жеткізген. Соңғы екі жылда ауыл шаруашылығын субсидиялауға қазынадан 82,2 миллиард теңге бөлінді. Ал жергілікті бюджеттерден қаралған қаржы 154,4 миллиард теңгеден астам. Қолдау қаржыны үлестіру заң бойынша жергілікті әкімдіктердің құзырында. Көбіне субсидия беру тәртібі бұзылып, кәсіпкерлер құқығының шектелетіні анықталды.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы:

Қандай да бір заңбұзушылыққа тап болсаңыздар, Ауыл шаруашылығы министрлігі оны қарауға дайын. Сенім телефондары, министрдің блогы жұмыс істейді. Шаруа, мемлекет қаражат бөлмей жатыр, деп ойлайды. Ал бұл уақытта аймақтарда түрлі сылтаулармен құжаттар сұралып, кәсіпкерлердің жұмысын бөгейді. Немесе тиісті ақша мүлдем басқа азаматтарға бөлініп жатады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus